Сүйектің қатерлі ісіктері ОС - ң метастаз ошақтарын беруі Остеосаркома өте тез өсуімен, дене ағзаларына жай--
ылуымен, яғни метастаз ошағын жылдам беруімен ерек--
шеленетін ісіктердің қатарына жатады. Ісіктің негізгі ме--
тастаз ошақтары алғашқы 6 – 8 ай ішінде өкпеге шабады.
17% жуық ОС қаңқа сүйектеріне де метастаз ошағын бе--
реді. Дурнов Л.А (1998) айтуынша, ОС метастаз ошағын
шыққан сүйегіне байланысты, мысалыға: асықты жіліктің
шыбығыннан шықса – 29%-ға жуық; жамбастың ОС-да –
20%; сан сүйегінің ОС – 19%; асықты жіліктің ОС – 17%;
ал ОС тоқпан жіліктен басталса – 6%-ға жуық береді,– дей--
ді. Бұл метастаздардың көбісі түтікше сүйектерге берілетін
бірошақтық және олардың 2/3-і аурудың екінші жылында,
яғни (отдаленный метастаз) ұзағырақ уақыттан кейін бері--
летін метастаздар.
Метастаз гемотогенді және лимфогенді жолмен беріледі.
Гемотогенді жолмен алғашқы 6-8 айдың ішінде, ісік жа--
сушалары өкпе тініне шабады. Метастаз ошақтары өкпенің
екі жағында да бірдей, кейде біржақты – біреу немесе бір--
нешеу болып шығуы да мүмкін. Рентген суретінде ОС ме--
тастазы басқа ісіктердің метастаздарынан айырмашылығы
жоқ, дөңгелек тәріздес, шеткі қырлары өте дұрыс болып
келеді. Ал мөлшері әртүрлі, яғни метастаз уақытына бай--
ланысты диаметрі 0,5 см-ден 2-3 см-ге дейін болуы мүмкін.
¤кпедегі метастаз ошақтары бір-екіден аспаған жағдайда,
3-4 курстық химиотерапиядан кейін оны операциялық жол--
мен алып тастауға болады. Ал, өкпенің екі жағында да бір--
нешеуден метастаз ошақтары болатын болса, онда химиоте--
рапиямен қатар, өкпеге сәуле емі қолданылады.
Лимфогенді метастаз – 1-2% кездеседі. Негізінен
аймақтық лимфа түйіндеріне беріледі. Кейбір уақытта лим--
фа түйіндерінің ұлғаюы метастаз - емес, реактивті ұлғаю
болуы да мүмкін. Сондықтан, мұндай жағдайда лимфа
түйіндерін кесіп алып, морфологиялық зерттеуден өткізген
жөн.