Онкологиясы



Pdf көрінісі
бет44/192
Дата29.01.2023
өлшемі12,14 Mb.
#166694
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   192
Байланысты:
Балалар онкологиясы У.К. Жумашев (1)

БАЛАЛАР ОНКОЛОГИЯСЫ
Соңғы кездерде, химиотераияның да алатын орны ерек--
ше. Әсіресе, оның жетістігі ісіктің қайталанған түрлерінде 
көп байқалуда. МОРР (эмбихин, винкристин, прокарбазин, 
преднизалон); (циклофосфан, цисплатин, карбоплатин, ло--
мустин т.б дәрілерін ) СДДР мен VP- 16 схемаларын, вин--
кристин мен циклофосфамид дәрілерін операция алдында 
да қолдану арқылы, ісіктің болжамын жақсартуға қол жету--
де. Адьювантты ХТ – Винкристин дәрісімен СТ (сәуле те--
рапиясы) кезінде 1,5 мг/м² - 6 апта бойы, аптасына 1 реттен 
беріп отырса, болжамы жақсаратындығы анақталған. Содан 
кейін барып, 6 апта сайын барлығы 8 циклдан тұратын мына 
схеманы жасау қажет :
9 – кесте 
бас 
әріптері
дәрі атта-
-
ры
берілу күндері
дәрі 
мөлшері

Винкристин
аптасына 1 рет
1,5 мг/м²
Ломустин
аптасына 1 рет
75 мг/м²
Р
Цисплатин
аптасына 1 рет
75 мг/ м²
Болжамы.
Ісіктің толық алынып, сәуле емін алған 
науқастардың 5 – 10 жылдық өмір сүру ұзақтығы 70% жуық 
кездеседі. Яғни, мұндай көрсеткішке жету үшін, ісіктің 
неғұрлым ерте анықталғаны жөн. 
МИ ДІҢГЕГІНІҢ ГЛИОМАСЫ
Ми діңгегінің ісіктері балаларда да, әрі үлкен кісі--
лерде де кездеседі. Балаларда бұл ісіктер барлық орталық 
жүйке жүйесі ісіктерінің 7-10% құрап, негізінен 5-9 жас 


69
Орталық жүйке жүйесінің қатерлі ісіктері
аралықтарында кездеседі. Ісіктің негізгі орналасатын жері 
– варолиев көпірі. Ісіктің өсуімен VI, VII, IX, және X - бас 
нервтерінің зақымданғандары байқалып: атаксия, бастың 
ауру сезімі, жартылай дененің семуі – гемипарез т.с.с. белгі--
лер айқындала бастайды. Ісіктің морфологиялық құрылысы 
толық белгілі емес, соған қарамай ми діңгегінің негізгі ісік--
тері қатерлілігі төмендеу болып келетін астроцитомадан 
және глиобластомадан тұрады. Ісікті КТ мен МРТ арқылы 
толық анықтауға болады. Хирургиялық емді жасау өте қиын, 
себебі ісіктер ми діңгегінен шыққандықтан опреация өте 
қауіпті болып есептелінеді. Сондықтан ісікке жасалынатын 
негізгі емнің түрі – сәуле терапиясы. Бұл ісіктер жайыла, 
өте қарқымды өседі, әрі субарахнойдалды кеңістікке мета--
стаз ошағын 15-20 % жуық береді.
Жанындағы ортаңғы ми бөлігіне (четверохолмие) және 
мишыққа өсіп кетуі мүмкін болғандықтан, сәуле түсірерде 
осыларды бірге қамту қажет.
Сурет – 3. Глиобластоманың МРТ-ғы көрінісі
Глиобластомалар емге (сәуле терапиясына да) ас 
көнбейтін ісіктердің бірі, соған қарамай ісікке (гиперф--


70


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   192




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет