БАЛАЛАР ОНКОЛОГИЯСЫ
ракционирование әдісімен) СБМ – 1,0 Гр -ден күніне 2 рет
беру арқылы Edwards (1989) БСМ 72 Гр жеткізіп, 30% жуық
науқастардың өмір сүру ұзақтығын 2 жылдан асырған.
Негізінен 70-80% жуық науқастарда БСМ 40-60Гр беріл--
се, жағдайлары анағұрлым жақсарып 5 жылдық өмір сүру
ұзақтығы 25-30% жуық балаларда анықталған.
КөРУ ЖүйЕСІНІҢ ГЛИОМАСЫ
Көру жүйесінің глиомасы барлық ми ісіктерінің ішін--
де 5% дейін кездеседі. Негізінен 5 жасқа дейінгі балалар--
да кездеседі. Ал, одан ересектерде ісік – көздің хиазма
қиылысынан шығады.
Көру жүйесінің глиомасындағы негізгі клиникалық бел--
гілерге: көздің көру қырағылығының төмендеуі, птоз, кейін--
нен көз жүйкесінің атрофияға ұшырауынан мүлдем көрмей
қалуы сияқты белгілер жатады. Гистологиялық тұрғыдан
алғанда дифференцияланбаған астроцитомалар болып келе--
ді.
Ісікті анықтау КТ мен МРТ арқылы ғана жүйеге асады,
себебі ісіктің өте қиын жерде орналасуынан әрі биопсиядан
кейін көздің мүлдем көрмей қалуына әкелуінен ісікке опера--
ция амалынсыз тиіспейді.
Көру жүйесінің глиомасына сәуле терапиясы, егер опе--
рация жасалынбайтын болса, немесе қарқынды өсіп жатқан
ісікті тоқтату, көздің көруін сақтап қалу жағдайында бері--
леді, БСМ 45-50 Гр дейін. Сонымен қатар, химиотерапия да
жиі қолданылады.
71
Орталық жүйке жүйесінің қатерлі ісіктері
10 – кесте
бас
әріптері
дәрі аттары
берілу
күндері
дәрі
мөлшері
А
Актиномицин -Д
1-5
500 мкг/м²
V
Винкристин
1
1,5 мг/м²
– арасы 3 апталық үзіліспен;
– немесе :
Р
Карбоплатин
1 күні
(4 апта бойы)
175 мг/м²
V
Винкристин
1 күні
(4 апта бойы)
1,5 мг/м²
– арасы 3 апталық үзіліспен;
Карбоплатин
мен
винкристин
қолданылған
науқастардың 2 жылдық өмір сүру ұзақтығы 75% жеткен.
Әр 6 айда КТ мен офтальмологиялық тексеру жүргізіліп
тұрғаны дұрыс.
АСТРОЦИТОМАЛАР
Астроцитомалардың 10-20% жуығы мишықтың
астроцитомасынан тұрады. Негізінен Астроцитомалар
төмендегідей гистологиялық түрлерден тұрады:
1. Көптеген жасушалық элементтерден тұратын, қан та--
мырларына бай, торсылдақ (киста) құрғыш болып ке--
летін пилоцитарлы астроцитомалар. Шеткі қырлары
тегіс, жәй өсетін, негізінен қатерсіз болып келетін ісік
түрлері;
2. Қатты-тығыз, фибрилярлы астроцитомалар, шеткі
қырлары тегіс, қан тамырлары аз шоғырланған, сәуле
еміне аса көнбейтін ісіктің түрлері;
|