БАЛАЛАР ОНКОЛОГИЯСЫ
3. Анапластикалық астроцитомалар аса қатерлі, жайылып
қарқымды өсетін, қайталанғыш ісіктердің түрі. Сәуле
еміне көне бермейтін ісіктер.
Сурет – 4. Анапластикалық Астроцитоманың МРТ-ғы көрінісі
Бұл ісіктердің 50 % жуығы толық операциялық тәсілмен
алынады. Сондықтан, жоғарыда көрсетілген гистологиялық
түрлеріне байланысты болжамдары да әртүрлі. Сәуле тера--
пиясы алынған ісік орнына, сондай-ақ қалған ісіктерге бе--
ріледі.
МИШЫҚТЫҢ АСТРОЦИТОМАСЫ
Мишық Астроцитомасы – балаларда өте жиі
анықталатын, барлық ОЖЖ ісіктері ішінде 15 % жуық орын
73
Орталық жүйке жүйесінің қатерлі ісіктері
алатын, биологиялық тұрғыдан алғанда қатерсіз ісік (пило--
цитарлы астроцитомалар) болып есептелінетін, негізінен
2-10 жас аралығында кездесетін ісіктің түрі. Мишық Астро--
цитомасы баяу өсетін, шеткі қырлары анық, өзіндік қабығы
бар ісік. Ісіктің негізгі клиникалық белгісі болып баланың
ұйқыдан тұрған кезде құсуы, атаксия – тәлтіректеп құлауы,
өзін дұрыс, тік ұстай алмауы мен бастың ауру сезімдері
(ісіктің IV қарыншаны -қысуынан бас ішілік қысымның
ұлғаюы) мен бас шеңберінің ұлғаюы байқалады. Компю--
терлі томографияда көбіне мишықтағы торсылдақты ісік--
терді байқаймыз. Ісік негізінен мишықтың бір жартысынан,
болмаса оның құрт тәріздес бөлігінен, кейде бір шетінен
түйін тәріздес болып шығады. Осы осы соңғысы болса,
операциялық тәсілмен алынған жағдайда басқа ешқандай
емсіз-ақ толық жазылады.
Сурет – 5. Пилоцитарлы Астроцитоманың МРТ-ғы көрінісі
Мишықтан шығатын астроцитомалардың ішінде 10-
15% жуық диффузды төменгідифференциалды астроцитома
да кездесуі мүмкін. Мұндай жағдайда ісік жайыла өсіп, опе--
рация кезінде толық алынуға мүмкіншілік туа бермейді. Бұл
|