Онкологиясы


Эпифиз аймағының ісіктері мен бас ішілік



Pdf көрінісі
бет49/192
Дата29.01.2023
өлшемі12,14 Mb.
#166694
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   192
Байланысты:
Балалар онкологиясы У.К. Жумашев (1)

Эпифиз аймағының ісіктері мен бас ішілік 
герминогенді - жасушалы ісіктері
Томпақ (corpus pinealae) бездің (шишковидная железа) 
аймағындағы ісіктер гистологиялық тұрғысынан алғанда 
алуан түрлі эмбрионалды жыныстық жасушалардан (ЭПК-
эмбрион. половая клетка – эмбрионалды жыныстық жасу--
ша – ЭЖЖ) тұрады. Оның ішінде жиірек кездесетіні: гер--
миногенді жасушадан тұратын – герминома, сонымен қатар 
– хориокарцинома, энтодермалды синустың ісіктері, тера--
тома және эмбрионалды карциномалар және томпақ бездің 
паренхимасының ісіктері – пинео-((бластома→негізінен 
кішкентай сәбилерде)-цитома→ үлкен кісілерде) кездеседі. 
Мұндай ісіктерде ликворда – альфа-фетопротеин құрамы 
көбейсе, қан сараптамасында бетта хорионды ганадотропин 
(ХГ) құрамдары артады. 
Томпақ безінің айналасындағы ісіктер негізінен 10 
мен 21 жас аралығында кездеседі. Бұл ісіктердің өсуімен 
сильвиев су жолы қысылып, БІҚ-ң көтерілуіне, су миға 
(гидроцефалия) және көздің қырағылығының төмендеуіне 
және Парино синдромына (көз шарасының жоғары қарай 
қимылдамауы, көз қарашығынан патологиялық белгілердің 
білінуі, конвергенцияның бұзылуы) әкеледі. 
Сонымен қатар, ісіктің алға қарай өсуінен гипатала--
мус та зақымданып, қантсыз диабет, жыныстық белгілердің 
ерте немесе кеш дамуы, бойдың өспей қалуы т.с.с басқа да 
синдромдар пайда болады. 20-25% жуық герминогенді ісік--
тер III-қарынша мен жұлынға метастаз ошақтарын беруі 
мүмкін. 


78
БАЛАЛАР ОНКОЛОГИЯСЫ
 Сурет - 7. Герминоманың МРТ-ғы көрінісі
Бұл ісіктердің өте қиын жерде орналасқандарына бай--
ланысты, әрі операциядан кейінгі науқастардың шетіне--
уі әлі жоғарғы деңгейде болғандықтан, хирургиялық ем 
аз қолданылады. Операция амалы ісіктің гистологиясын 
анықтау үшін – биопсиямен ғана бітуі мүмкін.
Ал, негізгі ем түріне – сәуле терапиясы жатады. Герми--
ногенді ісіктер сәуле терапиясына өте сезімтал, тез берілгіш 
болып келеді. Герминогенді ісіктерге БСМ 50-55 Гр жеткі--
зілгені дұрыс (СБМ - 1,8 – 2,0 Гр ден аптасына 5 реттен). Со--
нымен қатар, 30 Гр бастың бәріне және жұлынға берілгені 
жөн. 
Соңғы жылдары герминогенді ісіктерге химиотерапия 
да жақсы қолданылуда. Ісіктің негізгі схемасы: 


79


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   192




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет