Онкологиясы



Pdf көрінісі
бет42/192
Дата29.01.2023
өлшемі12,14 Mb.
#166694
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   192
Байланысты:
Балалар онкологиясы У.К. Жумашев (1)

БАЛАЛАР ОНКОЛОГИЯСЫ
науқастың жалпы хәлін дұрыстап, метастаздың алдын алуға, 
т.б. мүмкіншіліктерге жетуге болатындығы дәлелденді.
8 – кесте. VEP- схемасы
бас 
әріптері
дәрі аттары
берілу 
күндері
дәрі 
мөлшері

Винкристин
1
1,5 мг/м²
Е 
Этопазид
1-3
100 мг/м²
Р
Карбоплатин
1-3
175 мг/ м²
Ресейдің Н.Н.Бурденко атындағы нейрохирургия 
орталығының сараптамасы бойынша: медуллобластоманы 
екі топқа бөліп қараған жөн,- дейді.
I – жайлы топ, яғни операция кезінде ісіктің тек мишық 
айналасында орналасуы және жұлынға әлі метастаз ошағын 
бермеген тобы. Бұлардан метастаз ошақтарының кезекпен 
берілетіндігі байқалған. Алғашқы бір жыл ішінде метастаз 
ошағы – жұлынға беріледі де; 1,5 жыл немесе одан сәл ке--
шірек метастаз ошақтары супратенториалды аймақта пайда 
болады. Мұндай науқастарға, операциядан кейін, тезірек 
ісік орнына (бастың артқы бөлігіне) және бүкіл жұлын бой--
ына сәуле терапиясын берген жөн. Содан кейінгі, 6 айдан 
соң барып мидың басқа жарты шарларын сәулемен емдеу 
қажет.
II – жайсыз топ, яғни операция кезінде ісіктің толық 
алынбауы, метастаз ошағының жұлында болуы, ісіктің 
IV қарыншаға қарай жайылып кетуі, ми діңгегіне қарай 
инфильтрацияның және метастаз ошақтарының супратен--
ториалды аймақтарда да пайда болуы т.с.с. белгілері бар 
науқастарда – операциядан кейін тез арада ОЖЖ толық 
сәуле терапиясын түсірумен қатар химиотерапия жүргізу 
керек.


65
Орталық жүйке жүйесінің қатерлі ісіктері
Сәуле терапиясы
. Медуллобластома – сәуле еміне өте 
сезімтал ісік. Көптеген ғылымдардың айтуыынша, ісікке 
мейлінше толық, жан-жақты сәуле терапиясын беру қажет. 
Әйтпеген, жағдайда ісіктің қайталанып кетуі (рецидиві) 
ғажап емес.
Сәулені тежегіштік қондырға аппараты арқылы емде--
ген кезде науқастың қимылдамай (баланы арқасымен бол--
маса ішімен жатса да) дұрыс жатуын қадағалаған жөн. Со--
дан кейін сәуле түсіретін аймаққа барлық ми қабықтарының 
алынуын қамтамассыз етіп, оны екі жақ бүйірден бір-біріне 
қарама қарсы беру керек. Көзді зақымдамау үшін, арнайы 
сақтандаратын құралдар арқылы жауып қою қажет. Беріле--
тін негізгі сәуле мөлшері 3 жастан асқандарға 50-55 Гр. Ал, 
сәулені бас пен омыртқаға қатар (краниоспинальное облуче--
ние) берген кезде, сәуле мөлшері 30-35 Гр жеткізіліп (1,6 Гр 
ден аптасына 5 реттен), соңынан тек ісіктің шыққан жеріне, 
яғни бастың артқы шұңқырына тағы 50-55 Гр береді. 
Берілетін сәуленің біріншілік мөлшері (СБМ) аз бол--
са ісік оған көнбей, қайта үйреніп алады да, кейіннен түк 
болмағандай рецидив беруі мүмкін, ал берілетін СБМ көп бол--
са, оған жанындағы қалыпты тіндерге де сәуле түсетіндіктен 
асқыну үрдістері қатты байқалады. Науқастың хәлі нашар--
лайды. Міне, сондықтан соңғы кезде метастаз ошағы жоқ 
МБ, бастың (мидың) бәріне (тотальное облучение) сәуле 
түсіру кезінде жаңа әдістемелік емдеу тактикасы қолданыла 
бастады. Күндегі берілетін СБМ бөлініп өзгертілді, яғни бі--
рінші мидың барлық жеріне 1 -1,2 Гр сәуле беріліп, арты--
нан сулені тек ісік орнына тағы да жалғастырып 1,6 – 1,8 
Гр дейін жеткізеді. Сонда, барлық сәуле мөлшері (БСМ) 50-
55 Гр болатын болса, оны бір ай (30 күн) бойы бермей-ақ, 
20 күнде сол мөлшерге жетуімізге болады (элективті сәуле 
беру түрі), яғни барлық жерге одан кейін ісік орнына сәуле 
түсіруіміз керек болатын деген уақытты ұту; екіншіден – 


66


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   192




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет