65
Орталық жүйке жүйесінің қатерлі ісіктері
Сәуле терапиясы
. Медуллобластома – сәуле еміне өте
сезімтал ісік.
Көптеген ғылымдардың айтуыынша, ісікке
мейлінше толық, жан-жақты сәуле терапиясын беру қажет.
Әйтпеген, жағдайда ісіктің қайталанып кетуі (рецидиві)
ғажап емес.
Сәулені тежегіштік қондырға аппараты арқылы емде--
ген кезде науқастың қимылдамай (баланы арқасымен
бол--
маса ішімен жатса да) дұрыс жатуын қадағалаған жөн. Со--
дан кейін сәуле түсіретін аймаққа барлық ми қабықтарының
алынуын қамтамассыз етіп, оны екі жақ бүйірден бір-біріне
қарама қарсы беру керек. Көзді зақымдамау үшін, арнайы
сақтандаратын құралдар арқылы жауып қою қажет. Беріле--
тін негізгі сәуле мөлшері 3 жастан асқандарға 50-55 Гр. Ал,
сәулені бас пен омыртқаға қатар (краниоспинальное облуче--
ние) берген кезде, сәуле мөлшері 30-35 Гр жеткізіліп (1,6 Гр
ден аптасына 5 реттен), соңынан тек ісіктің шыққан жеріне,
яғни бастың артқы шұңқырына тағы 50-55 Гр береді.
Берілетін сәуленің біріншілік мөлшері (СБМ) аз бол--
са ісік оған көнбей, қайта үйреніп алады да, кейіннен түк
болмағандай рецидив беруі мүмкін, ал берілетін СБМ көп бол--
са, оған жанындағы қалыпты тіндерге де сәуле түсетіндіктен
асқыну үрдістері қатты байқалады. Науқастың хәлі нашар--
лайды. Міне, сондықтан соңғы кезде метастаз ошағы жоқ
МБ, бастың (мидың) бәріне (тотальное облучение) сәуле
түсіру кезінде жаңа әдістемелік емдеу тактикасы қолданыла
бастады. Күндегі берілетін СБМ бөлініп өзгертілді, яғни бі--
рінші мидың барлық жеріне 1 -1,2 Гр сәуле беріліп, арты--
нан сулені тек ісік орнына тағы да жалғастырып 1,6 – 1,8
Гр дейін жеткізеді. Сонда, барлық сәуле мөлшері (БСМ) 50-
55 Гр болатын болса, оны бір ай (30 күн) бойы бермей-ақ,
20 күнде сол мөлшерге жетуімізге болады (элективті сәуле
беру түрі), яғни барлық жерге одан кейін ісік орнына сәуле
түсіруіміз керек
болатын деген уақытты ұту; екіншіден –