63
Орталық жүйке жүйесінің қатерлі ісіктері
ісігі бар науқастарда асқыну үрдістері болуы мүмкін. Ол
негізінен: тыныс алу, тамақты жұту бұзылыстарымен және
атаксия белгілерімен байқалады. Сонымен қатар көрінетін
бульбарлық және мишықтық кейбір асқыну белгілері тез
қайтып, орнына келеді.
Химиотерапия.
Бұл ісікке
соңғы жылдары ғана хи--
миотерапия қолданыла бастады. Ломустин, циклофос--
фамид, винкристин, карбоплатин және т.б.
дәрілердің
медуллобластомаға жақсы әсер ететіні анықталды. Хи--
миотерапияны операция мен сәуле терапиясы алдында,
операциядан кейін сәуле емімен
бірге де қолдану арқылы
көптеген мүмкіншіліктерге қол жеткізілді. Операция алдын--
да қолданылған ХТ-дан кейбір ісіктер анағұрлым кішірейіп
қана қоймай толық жойылуға дейін апарды. Сонымен қатар,
2–5 жас аралығындағы науқастарда кездесетін медуллобла--
стомада, яғни аса қауіпті топқа жататындарда (тез жайылып
өсуімен қатар, метастаз ошағын жұлынға ерте беруі мүмкін,
операция кезінде ісікті толық ала-алмағандарда) да лому--
стин мен винкристиннің арқасында
науқастардың жалпы
хәлі жақсарумен қатар ісіктің белгілері тез қайтатындығы
анықталды. МОРР (эмбихин, винкристин, прокарбазин,
преднизалон) схемасын қолдану арқылы сәуле терапиясының
жетістігін анағұрлым арттыруға мүмкіндік туды. Allen және
басқа да ғалымдардың жазуы бойынша (1986), 508 науқас
баланың емінің нәтижесін сараптау кезінде: өмір сүру
ұзақтығы мен ісіктің қайталанбауы (рецидиві) – сәуле тера--
пиясы мен химиотерапияны қоса алғандардың 10-15% – 4,5
жылға созылған. Әсіресе, бұл көрсеткіш ісіктің аса қауіпті
топқа жататын түрлеріндегілерде басымырақ байқалған.
Қазіргі таңда, ісікке неоадъювантты химиотерапияны
да қолдануға болатындығы ашылды.
Төменде келтірілген
химиотерапия бағдарламасы бойынша операция алдында
екі курс ем жүргізу арқылы ісікті кішірейтіп қана қоймай,