Онкологиясы



Pdf көрінісі
бет76/192
Дата29.01.2023
өлшемі12,14 Mb.
#166694
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   192
Байланысты:
Балалар онкологиясы У.К. Жумашев (1)

БАЛАЛАР ОНКОЛОГИЯСЫ
17 – кесте. Ходжкин лимфомасының Ann Arbor (1971) 
клиникалық жіктелуі
I өсу дәрежесі
шектелген түрі, бір аймақтағы лимфа 
түйіндерінің зақымдануы (I), немесе 
бір экстралимфа-тикалық (I E) ағзаның, 
болмаса тіннің зақымдануы;
II өсу дәрежесі
аймақтық түрі, көкеттің бір жағындағы 
көрші емес екі немесе оданда көп лим--
фа түйіндерінің зақымдануы (II), осыған 
қоса бір экстралимфатикалық (II E) 
ағзаның, немесе тіннің зақымдануы;
III өсу дәрежесі
жайылған түрі, көкеттің екі жағында бір--
дей лимфа түйіндерінің зақымдануы, не--
месе осыларға қоса талақтың зақымдануы 
(IIIc), я болмаса экстралимфатикалық 
ағзаның, зақымдануы (III E);
IV өсу дәрежесі
шашыранды, таралған түрі. Жоғарыда 
айтылғандарға қоса - бауырдың, өкпенің, 
сүйек пен сүйек кемігінің, терінің және 
т.б. ағзалардың зақымдануы. 
Сонымен қатар, клиникалық өсу дәрежесін анықтау 
үстінде улану белгілерінің барлығын (Б), немесе жоқтығын 
(А) және де ісіктің биологиялық белсенділігінің барлығын 
(б), немесе жоқтығын (а) анықтайтын белгілерді қоямыз.
Улану белгілеріне:
– бір аптадай уақыт бойы дене қызуының 38°С-қа 
дейін көтерілуі, түспеуі;
– тершеңдік, әсіресе түн мезгілінде науқастың малы--
на терлеуі;
– дене салмағының соңғы 6 айда 10% кемуі;
– және терінің қышуы жатады. 
Бұл белгілер, негізінен ісіктің жайылған сатыларында 
(III-IV) науқастарда кездесуі мүмкін (терінің қышу белгісі 


125
Лимфа түйіндерінің қатерлі ісіктері
– балаларға қарағанда, үлкендерде жиі кездеседі).
Ісіктің биологиялық белсенділігіне:
1. ЭТЖ (СОЭ) – 30 мм/сағ жоғары болуы;
2. Церуллоплазминнің – 185 ЕД/л жоғарылауы;
3. Гаптоглобиннің – 1,5 г/л жоғарылауы;
4. Фибриногенемия – 300 ЕД/л жоғарылауы жатады
.
5. С-реактивті ақуызының оң болуы
Бұл белгілер де негізінен ісіктің жайылып-тараған са--
тыларында көбірек байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   192




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет