Онкологиясы



Pdf көрінісі
бет77/192
Дата29.01.2023
өлшемі12,14 Mb.
#166694
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   192
Байланысты:
Балалар онкологиясы У.К. Жумашев (1)
SIW ICT 2020
Клиникалық көрінісі 
Ходжкин лимфомасы балалардың барлық жас 
аралығында кездесуі мүмкін. Бірақ, бір – екі жасқа дейін--
гі балаларда мүлдем кездеспейді. Ал, 4-7 және 11-14 жас 
аралығына балалар жиірек ауырады. 
Ісік баланың дені сап-сау кезінде-ақ, негізінен шеткі бір 
аймақтық лимфа түйіндерінен, әсіресе мойын және бұғана 
(80%) аймағындағы лимфа түйіндерінен шығады. Алғашында 
ісік бір лимфа түйінінен басталып, одан жанындағы басқа 
лимфа түйіндеріне тізбек арқылы шауып, өтеді де – ісік кон--
гломератын түзейді. ХЛ-ң айқын көрінуі, яғни ағзамызды 
ісік жасуша-ларымен улап, ісік ауруына толық өткенше 6-7 
айдан, 1 – 1,5 жылға дейін созылуы мүмкін. Содан кейін, л/
түйіндері бір-бірлеп тізбектей зақымдана отырып, ісік кон--
гломератын түзейді. Онда, 3-4 л/түйінінен, 7-8 л/түйініне 
дейін болады. Бұл ісінген л/түйіндерінің барлығы бірдей 
ісікке ұшырамауы да мүмкін және де бір айта кететін мәселе, 
ісінген ісіктің көлемі мен тығыз-дығына байланысты болуы. 
Яғни, ісікке ұшыраған л/түйіндерінің қасында реактивті 
түрде көлемі ұлғайған л/түйіндері де кездеседі. Сондықтан, 
сипалау кезінде, ісінген л/түйіндерінің ішінен ең үлкендеуін 
және тығыздауын таңдап алып барып, соған пункциондық 
биопсияны жасау қажет. Бұл жағдайды, ашық биопсия ке--
зінде де ескере отырып, түсі өзгерген, тығыз, көлемі үлкен 


126
БАЛАЛАР ОНКОЛОГИЯСЫ
1-2 л/түйінін алумен бітіруге болады. Ал, мұндай белгілерін 
білмеген дәрігер – шатасуы мүмкін. Себебі, пункциондық 
биопсия жасаған күннің өзінде, жасалынған жұғындыда ісік 
жасушалары, яғни Штернберг-Березовский жасушасы та--
былмай, онда лимфоидты элементтер ғана көрінуі мүмкін. 
Бұдан, толық әлі ХЛ жоқ екен деп айтуға болмайды. Не--
месе, алғашқыда, дәрігердің «анықталмаған этиологиялы 
лимфоаденит» деп, – жасаған антибактериалық емінен, 
зақымданған л/түйінінің жанындағы рективті ісінген басқа 
л/түйіндерінің ісігі қайтып, жалпы конгломерат көлемі кіші--
рейіп, науқастың жалпы халі жақсарғандай болуы мүмкін. 
Бұл да дәрігерді, егер оның онкологиялық қырағылығы 
төмен болса, шатастыруы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   192




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет