Онкологиясы


Ісікке ұшыраған лимфа түйіндері тері астында



Pdf көрінісі
бет78/192
Дата29.01.2023
өлшемі12,14 Mb.
#166694
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   192
Байланысты:
Балалар онкологиясы У.К. Жумашев (1)

Ісікке ұшыраған лимфа түйіндері тері астында 
қозғалғыш, көлемдері әртүрлі, тығыз элластикалы, бір-
біріне және жанындағы тіндермен, әрі теріге жабыса-ене 
өспеген, зақымдаған аумағының терісінің түсі өзгермеген, 
ісік үстіндегі теріні шымшып ұстауға келетін, сипаған 
кезде ауру сезімінің жоқтығымен ерекшелінеді. 
Белгілі балалар дәрігері Кисельдің (1895) сипаттауын--
ша: ісік конгломераты – сипау кезінде «қапқа салынған кар--
топ» тәрізді белгі (симптом) береді, яғни лимфа түйіндері 
тері астында жеке-жеке жатқандай, әрқайсысын бөлек- 
бөлек ұстауға болады, – дейді.
Ісік (12-15%) көкірек қуысы (орталық) лимфа 
түйіндерінен де басталуы мүмкін. Оған кеңірдек, бронх 
айналасы мен бронхопульмоналдық, бифуркация, соны--
мен қатар аорта айналасындағы яғни көкірек алды мен 
артындағы л/түйіндері жатады. Ісіктің клиникалық белгі--
лері, оның шыққан, яғни зақымдаған жеріне, л/түйіндеріне 
байланысты көрінеді. Науқастың жалпы хәлі көпке дейін еш 
өзгеріссіз болады да тек л/түйіндерінің көлемінің ұлғаюы 
байқалады.
Ісік көлемінің өсуімен, оның жанындағы ағзалар мен 


127
Лимфа түйіндерінің қатерлі ісіктері
тіндерді ығыстырып – қысуынан, немесе оларға ісіктің ене 
өсуінен, науқастың ентігуі, тез шаршағыштығы, құрғақ 
жөтел, жүрек соғысының жиілігі, бет аузының домбығып 
ісінуі (жоғарғы қолқа көк тамырының қысылу синдромы) 
белгілері пайда болады. 
Ал, құрсақ қуысы артындағы лимфа түйіндерінің 
біріншілік зақымдануы балаларда өте сирек кездеседі 
(3,9%). Мұнда да ісік белгілі бір мөлшерге жеткенше, яғни 
жанындағы ағзалардың қызметіне әсерін тигізгенше білін--
беуі мүмкін.
Сурет - 12. Ходжкин лимфомасымен ауырған баланың мой--
ын 
айналасындағы лимфа түйіндерінің ұлғаюы.
Ісіктің шектелген түрінде, яғни бір аймақ лимфа 
түйіндері зақымдалған кезде, баланың жалпы халі негізі--
нен өзгермейді. Ал ісіктің өсуіне байланысты жанындағы 
басқа лимфа түйіндері де зақымданып, көлемдері өсіп, 
баланың мойын айналасының томпайып – ісінуіне әкеледі. 
Ісіктің өсуімен, қанға ісік жасушалары таралып, улану 


128


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   192




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет