Онкологиясы



Pdf көрінісі
бет79/192
Дата29.01.2023
өлшемі12,14 Mb.
#166694
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   192
Байланысты:
Балалар онкологиясы У.К. Жумашев (1)

БАЛАЛАР ОНКОЛОГИЯСЫ
белгілері пайда болады. Баланың жалпы хәлі өзгере ба--
стайды: әлсіздік, тез шаршағыштық, тері беттерінің боза--
руы, тершеңдік, дене қызуының көтерілуі-субфебрилеті 
байқалады. Ал ісіктің көкірек қуысына өтуі – оның өкпеге 
шабуына әкеледі. Өкпеге ісіктің өтуі рентген суретінде екі 
түрлі болып көрінеді. Біріншісінде: өкпе тінінің инфильтра--
циясы байқалса, онда ісіктің көкірек қуысы лимфа түйінінен 
өкпе тініне өткені; екіншісінде: егер, өкпеде шеткі қырлары 
анық сызылған «дақ» пайда болса, онда метастаз ошағы 
болғаны. Ісіктің қарқымды өсуімен, бауыр мен көк бауыр да 
зақымдануы мүмкін. Мұндай жайылған ісіктің түрлерінде 
науқастың жалпы хәлі ауырлай түседі.
Саша Ч., 5 жаста. 1992 ж мартта баланың жалпы хәлінің 
өзгере бастағанын ата-аналары байқады. Анасының айтуы 
бойынша: Саша тез шаршағыш, әлсіз, терлегіш, жата бер--
гісі келіп тұратынды шығарды, - дейді. Таммаққа тәбеті де 
төмендеп, буындарының ауырғандарына шағымдана ба--
стады. Дәрігерге қаралғаннан кейін, «Ревматизмге» қарсы 
ем алдық. Содан мамыр айында – инфекционист тексеру 
кезінде сол жақ мойын айналасынан лимфа түйіндерінің
ісінгенін тапты. Облыстық ауруханаға хирургке жіберіліп, 
онда л/түйініне биопсия жасалынып – Лимфогранулематоз 
диагнозы, аралас-жасушалы варианты қойылды. 
Балалар онкология бөліміне сол жылы сентябрь айында 
түсті. Жалпы хәлі ауыр, улану белгілері өте қарқымды бо--
латын (науқас өте әлсіз, азған, дене салмағы төмен, дене 
қызуы 38-38,5С, терлегіш т.с.с). Науқастың екі жақ мойын 
айналасындағы лимфа түйіндері ұлғайған және бауыр мен 
көк бауырдың да ісінгендері анықталды. Жалпы қан сарап--
тамасында – лимфопения және ЭТЖ-50 мм/сағ. Өкпенің 
рентгенографиясында – көкірек қуысындағы л/түйіндері де
ұлғайған. Яғни науқаста IVБ сатыдағы ЛГМ, аралас-жасу--
шалы варианты деп, – ісіктің түрі анықталды. Науқасқа ке--


129


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   192




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет