140
БАЛАЛАР ОНКОЛОГИЯСЫ
Ходжкин лимфомасының болжамы
Қазіргі кезде ХЛ-ң емдеу бағдарламалары басқа қатерлі
ісіктерге қарағанда әлде қайда жақсы жолға қойылған.
Сондықтан емнің нәтижесі мен болжамы жақсарды. Оған
дәлел – ісіктік үрдістің бастапқы өсу дәрежелерінде,
мамандандырылған орталықта ем
алған науқастардың ем--
деліп шығуы 85 -100% жетті.
Болжау белгілері:
ісіктің өсу дәрежесі
– IV дәрежедегі
ісіктің емделуі бастапқы дәрежедегілерге қарағанда өте
қиын;
–
ісік салмағы –
зақымдаған аймағының санына байла--
ныс-тылығы,
зақымданған аймақ саны неғұрлым көп бол--
са, соғұрлым болжамы нашар; көкірек қуысы зақымданған
науқастарда –ісіктің қайталануы мүмкін және емі де қиын
әрі
ұзағырақ;
– улану белгілерінің болуы
– ісіктің биологиялық бел--
сенділігі
неғұрлым жоғары болса, болжамы қиындау;
– ісіктің гистологиялық варианты
және
науқастың
жасына
байланыстылығы – 10 жасқа дейінгі науқастардың
емделуі одан жоғары жастағыларға қарағанда жақсы.
Достарыңызбен бөлісу: