152
БАЛАЛАР ОНКОЛОГИЯСЫ
Т немесе В-лимфома екенін анықтау қажет. Ісіктің алғашқы
өсу
дәрежесінде, лабороториялық зерттеуде – шеткі қан
сарапта-масында тек ЭТЖ-ң ұлғайғаны ғана байқалса, III-
IV сатысында оған қоса қаназдылық, ал егер сүйек
кемі--
гі зақымданған жағдайда тромбоцитопения, лейкоцитоз,
гранулоцитоз бен бласты жасушалар байқалады.
Қанның
биохимиялық сараптамасында – лактатдегидрогеназаның
(ЛДГ), сонымен қатар гаптоглобин мен церуллоплазминнің
да ұлғайғанын көреміз.
Сонымен, ісікті толық зерттеу үшін:
•
баланың өсуі мен аурудың даму тарихын жан-жақты
жинау қажет;
•
ісінген жерін сипалау арқылы,
ісінген лимфа
түйіндерінің мөлшерлерін, олардың бір-біріне және
айналасындағы тіндер мен теріге байланыстылығын,
ауру сезімі мен қозғалғыштығы т. с. с. белгілеріне
мұқият көңіл бөліп, анықтау;
•
іш қуысындағы ағзалар: бауыр, талақ, ішек,
шажырқай және т.б лимфа түйіндерін сипалау
арқылы
УДТ-ға дейін қолмен тексеру;
•
жалпы улану белгілерін, ағзаның хал-ахуалын,
өзгерістерін тексеру;
•
лабороториялық
сараптамаларын жинау, ісіктің
биологиялық белсенділігін анықтау (жалпы қан
мен биохимиялық қан сараптамасына,
олардың
мөлшерлеріне көңіл бөлу);
•
жасушалық және гуморалдық иммунитетті тексеру;
•
кеуде қуысына рентгенологиялық тексеру жүргізу,
міндетті түрде алдынан және бүйірінен жасалынған
екі суретке қоса, көкірек аралық томография да жа--
сау қажет;
•
басқа да тексеру әдістерін қолдану,
құрсақ қуысы
ағзаларын тексеру – УДТ (УЗИ), КТ, лимфография,
т.с.с.,