Онкологиясы



Pdf көрінісі
бет94/192
Дата29.01.2023
өлшемі12,14 Mb.
#166694
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   192
Байланысты:
Балалар онкологиясы У.К. Жумашев (1)

БАЛАЛАР ОНКОЛОГИЯСЫ
сау арқылы сары суды алса ғана дұрысталады. Содан кейін 
алынған судан, цитологиялық және иммунологиялық зерт--
теуден өткізу арқылы лимфо-саркома жасушаларын табуға 
болады.
Көкірек қуысы лимфа түйіндерінің зақымдануы ісіктің 
тез өсуімен, яғни ісік көлемінің жылдам ұлғаюымен көрінеді. 
Лим-фосаркоманың морфологиялық көрінісі, көбіне Т-жа--
сушалы лимфоманы көрсетеді. Мұнда, сүйек миы 30-50%, 
бас миы қабы мен ұрық бездерінің зақымдануы жиі кезде--
седі. Лимфосаркоманың бұл түрі емге тез көнге-німен, ерте 
рецидив беруі мүмкін. 
Сурет-16. Сол жақ көкірек қуысының ХЕЛ-сы.
10-15% жуық көкірек қуысындағы лимфома В-жасушалы 
да болуы мүмкін. Бұл жағдайда лимфойдты тіндерінің 
зақымдануы айырша безімен бірге кездеседі. Ісіктің бұл 
түрінде компрессиялық, яғни ісіктің жанындағы ағзаларды 


151
Лимфа түйіндерінің қатерлі ісіктері
қысу, сығу белгілері басымдау көрінеді. Соны-мен қатар, 
ісіктің экстранодальды ағзаларды зақымдауы – бауырды, 
ішектерді, ұрық бездерін, ОЖЖ т.б зақымдауы жиі 
байқалады. Лимфоманың бұл түрі (В-лимфомалар ішінде) 
– өте қарқынды жүретін қатерлісі болып есептелінеді. 
Жұтқыншақ вальдейр сақинасының
лимфосаркомасы
Ходжкиндік емес лимфосаркоманың жұтқыншақ 
сақинасын зақымдауы 10-12% жуық кездеседі. Ісіктің кли--
никасы – науқас-тың мұрнының бітелуімен, тыныс алуының 
өзгеруімен және жұтқан кезде тамағында бір нәрсенің 
тұрғанындай сезімдермен байқалады. Ісік «баспа» ауруы--
на ұқсағанымен, ауру сезімінсіз болады және ісікпен тек 
бір жағының лимфа безі ғана зақымданады. Ісіктің өсуі, 
жұтқыншақ тесігін жабуымен және ауыздан сасық иістің 
шығуымен сипатталады. Ісік көгілдір түсті, бұдырланып 
тұрады. Кейде ісік мұрын қуысына, одан ары бас сүйегінің 
астына қарай да өсуі мүмкін. 
Ходжкиндік емес лимфосаркоманың орталық жүйке 
жүйесіне өтуі – зақымдауы өте қатерлі болып келеді. Бұл 
кезде науқастың хәлі өте нашарлап, улану белгілері өрши 
түседі. Мұны, ісіктің лейкемизациясы, яғни лейкозға ауы--
суы дейміз. Бұл жағдайда, дене қызуының 39-40ºС көтерілуі, 
құсу, әлсіздік, бастың ауруы, менингиалдық белгілердің 
көрінуі т.б және де ең қауіптісі қанның ұю уақытының 
төмендеуі белгілері кездесуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   192




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет