137
Лимфа түйіндерінің қатерлі ісіктері
қабынуы, сепсис және т.б. жұқпалы ауру түрлері (ветря--
ная оспа) кездесетін жағдайда – жасалынатын ем түрлері
тоқтатылады. Мұндай жағдайда, осы мәселелерді толық ор--
нына келтіргеннен кейін барып, емді жалғастыруға болады.
Химиотерапия курсы 4-6
рет қайталанғаннан кейін,
ісік орнына сәуле емі қосылады. Егер, емдеу курстарын,
яғни Ходжкин лимфомасын емдеу тәсілдерін схема түрінде
көрсетер болсақ:
20 – кесте
I, II Aа/
Аб
ДОРР СVPP СОРР
II Бб,
III Aа,
IIIАб
ДОРР СVPP СОРР ОРРА ОРРА ОРРА
30 Гр
III Бб,
IV Аа,
IVБб
ДОРР СVPP ОРРА ОРРА ОРРА ОРРА
25 Гр
апталар
1
3
5
7
9
11
13
Сәуле емі жергілікті және жергілікті-аймақты түрде бе--
ріледі. Жергілікті сәуле түсіру түрі – тек зақымданған жерге
ғана берілсе, жергілікті – аймақтық
әдісімен зақымданған
және оның айналасындағы ағзалар мен тіндер қоса алына--
ды. Сәуле мөлшері күніне 1,5 – 2,0 Гр-ден басталып, жалпы
мөлшері 20-35 Гр жеткізіледі. Зақымданған аймаққа сәуле
мөлшері 20 Гр-ге дейін беріледі де,
содан кейін тек ісік
көлеміне қарай сәуле түсетін алаң кішірейтіліп, ісікке тағы
10-15 Гр беріледі. Сонда тікелей ісікке берілген барлық сәуле
мөлшері – (БСМ) 30-35 Гр, ал зақымданған ортаға, аймаққа
берілген БСМ 20-30 Гр болады.
Емнің негізгі мақсаты ісікті денеден толық жойып жі--
беру.