133
Лимфа түйіндерінің қатерлі ісіктері
хәлі ауыр, улану белгілері өте қарқымды байқалады. Сол
жақ мойын айналасында лимфа түйінінен тұратын диаметрі
8-9 см конгломераты бар. Онда, көлемі 1,5-2,0 см келетін 5-6
лимфа түйіндерін анықтауға, сипау арқылы сезуге болады.
Олар
тығыздау келген эластикалы, бір-біріне және теріге
жабыспаған, басқан кезде ауру сезімінсіз. Көкірек қуысына
рентген жасағанымызда, онда да
кеңірдек айналасындағы
және бронхопульмоналдық лимфа түйіндерінің ұлғайғанын
байқадық. Сонымен қатар, көк бауырдың да зақымдалғаны
анықталды. Науқасқа пункциялық биопсия жасалынып, ци--
тология әдісімен Ходжкин лимфомасы, IIIБ сатылы диагно--
зы қойылды.
Достарыңызбен бөлісу: