Онкологиясы



Pdf көрінісі
бет89/192
Дата29.01.2023
өлшемі12,14 Mb.
#166694
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   192
Байланысты:
Балалар онкологиясы У.К. Жумашев (1)

БАЛАЛАР ОНКОЛОГИЯСЫ
ралды аймақ, ұл мен қыздардың аналық бездері, тері және 
жұмсақ тіндері де кіреді. Ал, паренхиматозды ағзалар іші-
нен: бүйрек, содан кейін бауыр, талақ және өкпе де жатады.
Барлық ісіктерге тән – лимфосаркоманың да пайда бо--
луы мен шығу тарихы осы күнге дейін белгісіз. Бірақ көп-те--
ген ғалымдардың – вирустың әсерінен иммундық жүйенің, 
яғни жасуша-лық және гуморалдық иммунитеттің бұзылуы, 
ісіктің пайда болуына әкеледі деген тұжырым- болжамда--
ры бар. Бұған себеп, Эпштейн–Барр вирусының әсерінен 
туа-тын лимфосаркоманың кейбір түрлері. Сонымен қатар, 
вирустың әсерінен Т және В- жасушалары хромосомды 
транслокацияға ұшырауынан ісікке әкелуі мүмкін деген жо--
рамалдар да жоқ емес. Себебі, транслокация – генде орна--
ласады. 
В – жасушалы лимфомада транслокация t (8;14)- 14 
хромо-соманың 24 иығы арқылы Ig – генінің ауыр тізгініне 
әсерін тигі-зеді. Ал, 2-ші және 22-ші хромосомаларда жеңіл 
ген тізгіндері орналасқан. 14; 2 және 22 хромосомалардың 
зақымдануы В-жасу-шалы ісікке әкеледі.
Т – жасушалы лимфомада транслокация t (10;14), t 
(11;14), t (14;14) және үлкен жасушалы Ki – лимфомасында t 
(2;5) хромосомаларының транслокацияланулары жазылған.
ХЕЛ-ң клиникалық көрінісі де алуан түрлі болып келе--
ді. Өйткені, ісіктің клиникасы оның шыққан орны мен сол 
жердің анатомиялық құрылысына, оның өсу жылдамдығына 
байланысты өзгеріп отырады. Ходжкин лимфомасынан 
– Лимфосаркоманың айырмашылығы 25 % шамасында 
лимфойдты емес ағзалар мен тіндерді де зақымдайды. Л.А. 
Дурновтың (1986) айтуынша – Ходжкиндік емес лимфо--
ма жүйелі түрде кездесетін жоғары қарқынды өте қатерлі 
ісіктердің бірі.


143
Лимфа түйіндерінің қатерлі ісіктері
Эпидемиологиясы
ХЕЛ негізінен 5 – 15 жас аралығында, әсіресе ұл ба--
лаларда 2-3 есе жиі кездеседі. Жоғарыда айтылғандай өте 
қатерлілігімен ерекшелінетін, барлық балалар қатерлі ісік-
тері ішінде жиілігі жағынан 2 орынды алатын, 6-8% дейін 
кездесетін ісіктің бірі. 
2005 жылғы санақ статистикасына сүйенетін болсақ, 
лимфо-ретикулосаркомамен ауру жиілігі 100 мың балаға 
шаққанда Ресейде – 2,2; ал Қазақстанда – 1,8 болды. 
Ісіктің 50% жуығы біріншілік – шеткі аймақтық және 
құрсақ, көкірек қуысындағы лимфа бездерінен басталады. 
Сонымен қатар - ішектерді, жұмсақ тіндерді, теріні және 
сүйектерді де зақымдайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   192




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет