«ОҚо сарыағаш қаласы №135 жалпы орта мектебі»


г сынып жетекшісі Султанова Б.Б



бет2/2
Дата15.09.2017
өлшемі206,14 Kb.
#33444
1   2
сынып жетекшісі Султанова Б.Б


8 наурыз




:

2016-2017 оқу жылы
Тақырыбы:«Аналар мерекесі»
Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлендер, әндер арқылы аналарды мерекесімен құттықтау, балаларды мейірімділікке,ұстамдылыққа тәрбиелеу. Ата-анаға құрмет сыйын арттыру,ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.

Барысы:
Жүргізуші 1 :

Армысыздар аналар,қыздар! Міне, жыл аралатып көктемнің алғашқы күндерімен келетін 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті.


Тойға шашу шашайық,

Аналарды құрметтеп,

Ән маржанын шашайық.

8- наурыз құтты болсын!


«2-г сыныбының«Аналар мерекесі» атты мерекелік концертімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Жүргізуші 2 :

Қош келдіңіздер аналар және ұстаздар! 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын! Сіздерге әр қашан сыр бермес денсаулық, өмірдің шапағатын тілейміз. Бұл күн өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер.

Құрметтейік о адамдар аналарды,

Бізді өмірге әкелген даналарды,

Себебі Ана деген асыл жан ғой.

Сондықтан құрметтейік аналарды


Жүргізуші 1 :
Дүниедегі ең кеменгер дананы,

Ана табады,аялайды бағады.

Сол үшін де, құдіретіне бас иіп.

Құрметтейік ананы-

деп ақын ағаларымыз жырлағандай келесі кезекті

Мың бұралған биші қыздарымызға берейік.Қазақша би.



Жүргізуші 2 : Бүгін балалар қандай мереке?
Балалар: «Аналар мерекесі»
Жүргізуші 2:

Әркімнің өмірден аласы бар,

Аласы бар адамның анасы бар.

Мерекесін құттықтап аналардың,

Тақпақтарын жолдайтын әжелердің баласы бар.
Балалар:

  1. Аналарды сүйеміз,

Сөзін ойға түйеміз,

Әжені де ардақтап,

Әдеппен бас иеміз.

Барлық бала бірігіп,

Көтерейік көңілді,

Аналарды құттықтап,

Би билейік шаттанып.


  1. Мен әжемді сүйемін

Киімді өзім киемін

Ақылына көнемін

Өлең айтып беремін.

Ойнап келсем күнім деп

Қарсы алады күлімдеп

Мен сабақты оқимын

Әжем кілем тоқиды


  1. Мені жақсы көреді.

Күндей күліп жүреді.

Көп ертегі біледі,

Маған айтып береді


  1. Менің әжем мейірбан

Мені жақсы көреді

Қажетіне жарасам

Жас балаша күледі



  1. Әже деген көп шығар,

Әжемдей менің жоқ шығар,

Мейірімді бұл кісі

Қандай ғажап күлкісі.

Жүргізуші 2:


"Әлемнің жарығын

Сыйладың сен маған,

Даланың әр гүлін

Жинадын сен маған" – дей отырып оқушыларымыздың«Ақ мамам»әсем әнін тыңдаңыздар.


Хор: «Ақ мамам»

Жүргізуші 1:

Десек те уақытпен жарыспайды

Қиялға қиялмененқарыштайды

Шәкірттер шын жүректен тебіреніп

Жырларын аналарға бағыштайды

Ал құрметті қонақтар, ендігі кезек оқушылардың тақпақтарында.



Тақпақтар:

  1. Қуанышы баланың

Бізді өсірген анашым

Сенен өскен балалар

Батырлар мен даналар

Құттықтаймыз мейрамыңмен

Құрметті аналар!


  1. Әлпештеген аялаған

Ақ сүт берген апатайым

Сәлем жазып бүгін саған

Мейрамың мен құттықтаймын.


  1. Анаң болса қасыңда

Басқа бақыт не керек

Мен анамды сүйемін

Құшағына енемін.


  1. Жылылықтан жаралған

Құшағы оның таң мекен.

Менің айдай анамнан

Асқан сұлу бар ма екен?


  1. Айналамын анашым

Асқар таудай панасың

Күн көзіндей күлімдеп

Құшағыңа аласың.

Жүргізуші 2:
Мың бұралып билеген,

Аруды кім сүймеген

Күміс көмей аруларға

Кімдер басын имеген – дей отырып келесі кезекте Аида қызымыздың орындауында әнді қабыл алыңыздар.


Жүргізуші 1

Аяаулысың ауылымның асылдары

Жайнасын көңілдердің жасыл бағы

Сіздер үшін ән мен күй,өлең мен би

Сіздер үшін мереке шашулары,дегендей ұл –қыздарыңыздың тақпақтарын қабыл алыңыздар

Тақпақтар



  1. Ақ анашым аппағым,

Өзің жайлы тақпағым

Өзің жайлы әнімде

Арнадым саған бәрінде.


  1. Айналамын анашым

Әлемдегі жан асыл

Болса маған не керек

Бәрін іздеп табасың.


  1. Асыл анам нұр шашқандай келбетің

Сенсіз басып жүре алам ба жер бетін

Бір қолыңмен балаң жатқан бесікті

Бір қолыңмен ұлы әлемді тербеттің

Ана жаным жүре берші қасымда

Сен өтпеген бәлкім осы асу ма

Әркез маған бата беріп жол ұстап

Айтатынсың құлыным –ау жасыма


  1. Ақ анашым аппағым

Өзің жайлы тақпағым,

Өзің жайлы әнімде

Арналады саған бәрі де


  1. Менің анам мейірбан

Мені жақсы көреді.

Қажетіне жарасам

Жасбалаша күледі.
Жүргізуші 2:
Ана дейміз бәрімізде аңқылдап

Ана дейді жас сәби де жарқылдап

Ана деген-деген бәйтерегі өмірдің

Ана деген-алтын қазық,алтын бақ-дей отырып тосын сый ата –аналарға арналған ойын

Екі шарт орындалады

1.Ата –аналар сипап сезу мүшелеріне сүйеніп ,өз балаларын тауып алу керек.

2.Төрт ата-ананы шығарып ,шарды жарып,ішіндегі сұраққа жауап береді

Сұрақтар:

1.Балаңыздың сүйікті тағамы

2.Балаңыздың сүйіп көретін мультхикаясы

3.Аналар мерекесіне арнап бір шумақ өлең немесе ән орындап беріңіз

4.Ана ретінде балаңызға қандай өсиет айтар едіңіз.

Жүргізуші 1

Көңілің Алатаудың ақ қарындай

Мейірімің күннің шуақ шақтарындай

Қалайша аяулы ана тыны алармын

Ән болып сағыныштан ақтарылмай-деп аналарымызға арналған тақпақтарымызды қабыл алыңыздар


  1. Әр сөзімді жаттаған

Жүрегімді сақтаған

Анашым деп мақтанам

Айналайын Ақ мамам


  1. Ақ әжемді әрқашан

Сыйлап жақсы көремін.

Қуантайын деп оны

Өлең айтып беремін.


  1. Аялаған саялаған

Бар бақытым берекем

Апатайым құттықтаймын

Бүгін сенің мерекең.


  1. Ана өмір шырағы

Ана өмір бұлағы

Бесігімнің жыр әні

Жүрегімде тұрады.


  1. Ана біздің күніміз

Ана біздің гүліміз

Ұландарды қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз.


Жүргізуші 2:

Кедеймін деп қысылма

Өнерің болса қолыңда

Өнерлінің ырысы,

Жарқырап жатыр жолында – деп кезекті қыздарымыз бен ұлдарымызға берсек.
Би: «Флешмоб»
Жүргізуші 1:Баланың да тірегі

Даланың да тірегі

Шаншымасын ешқашан

Аналардың жүрегі –дей келесі кезекте көрініс

Көрініс «Ананың жұмбағы»


Жүргізуші 2:

Барша ана құтты болсын мерекеңіз,

Әрқашанда ана сізбен берекеміз.

Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам

Сонда біз кісілікке теңесеміз – дей отырып «Анажаным»әнін қабыл алыңыздар
Қорытынды бөлім.
Жүргізуші 1:

Демеңіз біз өнерді аяп қалды,

Мезгілде біраз жерге таяп қалды.

Қош болып тұрыңыздар, көріскенше,

Осымен концертіміз аяқталды.
Жүргізуші 2:

Балдай тәтті баламыз

Ақылдымыз данамыз

Қонақтарға қол бұлғап,



Сау саламат айтамыз-дей келе сөз кезегін қонақтарға береміз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет