ОҚо шымкент қаласы «№99 мектеп-гимназия»


«Абай жолының» эпопеялық сипаты



бет2/3
Дата02.07.2018
өлшемі245,5 Kb.
#45839
1   2   3

1.2. «Абай жолының» эпопеялық сипаты.

«Абай жолы»- қазақ әдебиетіндегі тұңғыш роман-эпопея. Реализмнің

нағыз жетілген кезеңінде туатын роман-эпопея жанрының қазақ әдебиетінде

пайда болуы республикамыздағы аса елеулі мәдени-көркемдік құбылыс болды. «Абай жолында» өткен ғасырдың екінші жартысындағы қазақ қоғамының шындығы мейлінше кең көрсетілді, қаһармандардың жеке өмірі халық тарихындағы күрделі өзгерістермен байланысты берілді. «Абай жолында» ұлы ақыннын жеке бастық іс-әрекеттері дәуірдің көкейкесті мәселелерімен, нәсілдер, таптар, халықтар тағдырларының тоғысуымен орайластырыла баяндалады. Роман-эпопеяда оқиғалардың, объективтік ағысы, жеке адамдар тағдырының қоғамдык тіршілікке тәуелдігі, тұлғалардың даралық келбеті, зұлымдықты әшкерелеу мен ізгілікті мадақ ету өміршындығына сәйкес көрсетіледі. Шығармада сол дәуірдің әлеуметтік қайшылықтарын, қарама-қарсы күштердің тартысын айқын ашатын көптеген оқиғалық жүйе бар.Романның бірінші кітабындағы Қодар мен Қамқаның өліміне, әлсізауылдардың жерін Құнанбайлардың тартып алуына байланысты өрбіген үдемелі ерегістер, қырғиқабақ өштіктердің соңынан насырға шауып, үлкен жанжал, ұрыстарға ұласуынан әлеуметтік теңсіздіктердің терең қабаттары көрінеді. Бұл тұста жер дауы барлық шиеленістердің себебі болып отырады.Қазақ арасындағы ежелден таусылмас таластың майданы болып келген жесір дауы да кең әңгімеленеді. Екінші, төртінші кітаптарда кең баяндалатын Салиқа қыздың дауы мен Мәкен қыздың оқиғасы әйел теңсіздігінің тамырын тереңге жіберген сорақы көріністерін түп тамырымен ашады. Әзімбайлардың кедей көршілер жерін иемденуі, Базаралының Тәкежан жылқыларын шауып алуы, қарашығын салығының зардаптары бай ауылдар мен егіншілер арасындағы жанжал, Тобықты мен Көкен елінің таласы суреттелетін кездердегі таптық кереғарлықтар сыры барлық шындығымен айқындалады [7;172]. Сонымен қатар романда патша отаршылдары тудырған ұлттық теңсіздік көрністері зорлықшыл, надан әкімдердің астам,тұрпайы әрекеттерінен елес береді. «Абай жолы» эпопеясында таптық, әлеуметтік алшақтықтар өмір мен мінезге орай тұтастық құрап, сол заманның сан қилы салт-санасын, әдет-ғұрпын, ескі мен жаңаның, күресін даму, өсу-өзгеру үстінде таныстырады. Романда кейіпкерлер тағдыры, олардың өзара байланысы өмір шындығына сәйкес реалистік өрнекпен берілген.

Жазушының бұған дейінгі жазылған шығармаларында сурет­телген



кейбір сарындар кейінен «Абай жолына» өзгертіліп, кеңейтіліп пайдаланылды, «Үш күн» (1934) деген әңгімесіндегі Талпақ пен Сарыауыздың, оқиғасы романның бірінші кітабындағы «Қоршауда» атты

тарауда жаңғыртыла көрсетілді. М. Әуезовтың ертеректегі «Жуандық» атты

әңгімесіндегі Жақсылық тағдырына байланысты оқиғалар елесі «Абай

жолындағы» жатақтар егінін таптаған Әзімбайлар әрекетінен көрінеді.



Эпопеяның, соңғы кітабындағы бір тарауда («Қастықта») жазушының 1925

жылы «Барымта» деген әңгімесінде бейнеленген оқиғалар сілемі сезіледі.



«Абай жолындағы» идеялық арналардың, кейбіреулері М. Әуе­зовтың

бұрынғы шығармаларынан-ақ желі тарта бастағанына «Қараш- қараш оқиғасы» да дәлел. Осындағы қаһарман Бақтығұлдың Сәлменбай жылқышыларымен кездесу, ұрыс салу мезеттері күрделіленген түрде «Абай

жолының» үшінші кітабындағы Базаралы, Абылғазы бастаған жігітек

адамдары Тәкежанның сегіз жүз жылқысын алардағы сәтін еске түсіреді. Екі

шығармада да қаһармандарды жай ұрлық, баю ниеті жетелемейді, өжет намыстан туған кек, жігерлі, саналы әрекет көрінеді. Кейде М. Әуезовтың әр кезде жазған шығармаларының іштей туыстық жалғастығы кейіпкерлерді сипаттау өрнегінен де танылады. «Қилы замандағы» өткір тілді шешен, алғыр Жәмеңке мен «Абай жолындағы» кедей жатақтар жоқшысы, ерлік пен адамшылыққа қабілетті, сөздерінен еңбекші ел арманы ұшқын ататын Дәркембай арасындағы үндестік, Ұзақ пен Базаралының халық намысын қорғап, тебірене сөйлеген шақтары екі шығарманың арасындағы бағыттастықты білдіреді.Роман-эпопеяның, негізгі идеялық өзектерінің бірі — қазақ халқы мен орыс халқының, арасындағы тарихи қалыптасқан ынтымақты көрсетудіМ. Әуезов 1937 жылы жарияланған «Татьянанын қырдары әні» деген үзінді тараумен бастады. Кейіннен бұл үзінді «Абай жолының» екінші кітабының соңғы тарауы болып өңделіп, кеңейтілді, үлкен шығарманың тағдырында елеулі қызмет атқарды. Суреткер осы жағдайды: «Бұл — романның, хабаршысы еді. Данышпан Абайдың бейнесі арқылы тарихи тағдырлары қосылған екі елдің — ұлы орыс халқы мен қазақ халқының достығын, ол достықтың қадамы игілікті, болашағы жарқын екенін Абайдың жақсы түсінгенін суреттеу романның түпкі мақсаты болатын. Осы тұрғыдан «Татьянаның сахарадағы әні» жазылды»— деп түсіндіреді.

«Абай» трагедиясы (1939) да роман-эпопеяға барар жолдағы соңғы

асулардың бірі. Роман құрылысының алғашқы нобайы, идеялық-көркемдік

принциптері осы трагедияда түйінделді. Пьесадағы оқиғалар мен кейіпкерлердің көбі «Абай жолының» үшінші, төртінші кітаптарында



кеңінен баяндалып, трагедияның қысқа көлеміне сыйған тартыстық желілер

романда жан-жақты тарауланып берілді. Романның бірінші кітабы 1942 жылы, екінші кітабы 1947 жылы жарық көрді «Абай» деген атпен басылған алғашқы екі кітап қазақ әдебиетінің ірі табысы деп қабылданды. Бұл роман орыс тіліне аударылып, бүкілодақтық оқырман игілігіне айналды. Көрнекті орыс совет жазушысы А. Фадеев 1949 жылы Парижде сөйлеген сөзінде «...қазақ әдебиеті «Абай» секілді романдары арқылы жер жүзілік мәні бар әдебиетке айналды»,—деп көрсетті. Осы роман үшін М. Әуезовке бірінші дәрежелі Мемлекеттік сыйлық берілуі (1949) тек жазушының ғана емес, бүкілқазақ совет әдебиетінің мерейі болды. Үшінші кітап «Ақын аға»,«Абай жолы» деген атпен екі рет (1947, 1952) басылды, романның ақырғы төртінші кітабы —«Абай жолы» 1956 жылы жариялан-ды. Төрт кітаптан тұратын «Абай жолы» эпопеясы 1959 жы­лы еліміздегі ең жоғары сыйлық — Лениндік сыйлыққа ие болды.



Роман бірінші бетінен бастап соңғы жолына дейін сұсты өмірдің қатал

шындығына суарылған. Әдемі, таза шаһарда үлкен ұстаздардан білім алып

жатқан он үш жасар шәкірттің оқуын еріксіз үзіп, қырдағы күрес майданына

салмақшы әке әрекеті зорлық емей немене? Ауылға деген сағыныш тағы

бар. Қодар-Қамқа тра­гедиясының үстінен шыққан соң, екіұдай көңілдегі

Абайдың мұрттай ұшуы тән жарасы ғана емес, жан жарасы болып

бейнеленеді. Жас жүректі отқа қарығандай болған осы қанды өлімнен кейін

бала көңіл айнала қоршаған ортаға, үлкендер әрекетіне шошынған көзбен

қарап, бірте-бірте суық та қатал шындықтарды сезіп қана қоймай, олардың

әлеуметтік, философиялық астарлы мәндерін ұға бастайды.
Содан барып, әуелгі үнсіз қарсылық, ішкі наразылық ұлғая келіп, саналы

күрес жо­­­лына қарай беттетеді.Бұрынғы игілік, кәсіп амалдары, тіршілік қалпы, адамгершілік мұраттары енді басқа арнаға түсіп, өзгере бастаған. Жаңа өріс, соны нысана, өзгеше байлық тумақ. Мұны көшпелілердің ескі қауымы түсінбейді, келешекпен туыса табысатын жаңа төл енді келе жатыр [9;120]
Күндестік отын бықсытып жүрген Күнке, Мәніке, Қаражан, Ділдалар анау. Олардың жалғасы болып жауыздықтың жас жолбарысы Әзімбай өсіп келе жатыр. Бір жағынан, жамандық қауласа, екінші жағынан, жақсылық көктей бастайды. Исі Ырғызбай дұшпаны есепті Дәркембай, Базаралы бірте-бірте жақындай түсіп, ақыры Абай қасынан табылады. Өз бауырында жаралған қанаттары қандай: Әбіш, Мағауия, Дәрмен, Көкбай өле-өлгенше-ақ, адал пейілімен, таза достығынан айнымаған Ерболды айтсаңшы.Көшпелі мәдениетке тән этнографиялық, тұрмыс-салттық, сенім-нанымдық, құқықтық, әскери-саяси, адамгершілік-моральдық көріністердің барлық белгілерін толық та кең, терең де дәл қамтыған шығармада ерекше ықшамдылық, лаконизм бар [11;142]. Қазақ елінің ежелгі бар дәстүрі, арғы замандарда басталған, тіпті шариғаттың өзі де мұртын бұза алмаған белгілі адамға ас беру, жылы өткенше өліктің артын күту, азалы үй тігіп, ат тұлдап, қаралы көш жүргізу, дауыс айтып, көрісу дәстүрі Бөжей өлімі тұсында кеңінен бейнеленеді. Екінші қайтара мұндай ситуацияға оралу жоқ. Әншілік, серілік, аңшылық, саятшылық, құсбегілік өнерлерінің үлкен-үлкен бір-бір тарауларда арнайы түрде суреттелуінен осындай көркемдік шарттарын, қаламгерлік қатал позицияны аңғарамыз. Сол секілді мезгілді уақыты жеткен соң, өзіне тиесілі көркемдік-эстетикалық міндетін атқарғаннан кейін қосалқы персо­наждар ұлы оқиға арнасынан түсіп қалып, олардың орнын жаңа, басқа мақсат үшін көрсетілетін кейіпкерлер басып, соны ситуация, тың әрекет бел ала бастайды.Өмірдің небір тамаша нұрлы жақтары – әже мен ананың перзентке деген шексіз махаббаты (Зере, Ұлжан – Абай), аға мен іні арасындағы қаяусыз адалдық (Абай – Оспан) , өле-өлгенше сызат түспеген тамаша достық (Абай – Ербол), мәңгілік махаббат (Абай –Тоғжан), азамат басын сыйлап жасалған қарымтасыз жақсылық (Абай – Салтанат), ерегеспен кек алу (Тәкежан малын қуып әкету, Оразбай аулын шабу), жігіттіктің ләззатты түндері (Абай –  Қуандық), серілік рахаты (салбурын аңшылық), ақындық шабыттың тәтті сәттері (өлең туған мезгілдер), биік әнмен қауышқан бақыт (Біржанның келуі, Әйгерімнің Татьяна әнін салуы), туған жердің ыстық құшағы (жайлау суреттері) секілді сан алуан кез-кезеңдер романда айрықша бейнелі, кең тынысты, өрнекті, ырғақты бай тілмен, дәстүрлі прозаның реалистік әдістерімен зор шабытпен с уреттеледі[12;154

Тамыры жоқ ағаш, тарихы жоқ халық болмайды. Әуезов өзінің төрт том «Абай жолы» арқылы бүкіл дүние жүзіне, қала берді - өз отандастарына, керек десеңіз тіпті - қазақтардың өзіне қазақ дегеннің кім екенін танытты. Дәлірек айтқанда, қазақ халқының ұлылығын - оның өткен өмірін - тарихын, тарихының түбірлі кезеңдерін, қазақ мінезі қалыптасқан трагикалық Һәм шығармашылық дәуірлерді ғажайып көркемдік күшпен жарқыратып, ашып, жан-жақты айқындап, терең түсіндіріп берді. Сондықтан да, «Абай жолын» оқыған Бенжамен Матип «қазақ неткен ғажайып халық» деп өзін-өзі ұмыта таңырқаса, Константин Федин «өзінің қалай қазақ боп кеткенін білмей қалған». Сондықтан да бүгінде Л. Н. Толстойды оқымай орысты, О.Бальзакты оқымай французды білдім деу қандай қиын болса, Әуезовті оқымай қазақты білдім деу сондай қиын.Кең мағынасында тарих, этногр. секілді ғылымдар тұрғысынан қарағанда да танымдық мәні аса күшті екенін кезінде акад. Қ.Сәтбаев атап көрсеткен болатын. Ал жалпы халықтық мүдделер тұрғысынан келгенде, біз “Абай жолы” эпопеясының ұлттық әдебиетіміз бен мәдениетімізді, ана тілімізді өркендетудегі орасан зор рөлін баса айтуымыз қажет. «Абай жолы» – қазақтың көркем прозасын жоғары деңгейге көтеріп, әлем әдебиетіне биік эстетикалық талғам, көркемдік қуат әкелген үздік туынды. Әуезов өзінің роман-эпопеясында қазақ халқының, оның ұлттық дәстүрін барлық қырынан жан-жақты ашып көрсеткен. Қазақтың дана ұлы Абай образын, шығармалық және қайраткерлік тұлғасын сөз өнерінде өзгеше даралықпен сомдаған. «Абай жолы» роман-эпопеясына шетелдік қаламгерлер Луи Арагон, Н.Тихонов, Б.Матип т.б.жоғары баға береді. Әуезов алғашқыда романға «Телғара» деген ат бермек болды. Автордың алғашқы мөлшерлеуінде роман үш кітаптан құралмақшы болатын. Алайда жұмыс барысында оның шеңбері кеңейе түсті. Әуезов алғашқыда екі кітаптан тұратын «Абай», онан кейін мұның жалғасы болып табылатын «Абай жолы» (бұл да екі кітаптан тұратын) романын жазды. 1-кітабы 1942 жылы, 2-сі 1947 жылы, 3-сі 1952 жылы, 4-томы 1956 жылы жарыққа шықты. Алғашқы екі кітаптан тұратын «Абай» романы үшін жазушыға КСРО мемлекеттік сыйлығы (1949) беріліп, төрт томдық «Абай жолы» роман-эпопеясы жарық көргеннен кейін, ол Лениндік сыйлықтың лауреаты (1959) атанды. Жазушы ойшыл, ақын Абайды басты кейіпкер етіп ала отырып, оның бейнесін айналасына топтасқан көптеген қаһармандармен тығыз қарым-қатынас үстінде жан-жақты ашады. «Абай жолы» роман-эпопеясында қазақ халқының этнография, діни, жалпы мәдени-танымдық дәстүрлері: жаз жайлауға көшу, құдалыққа бару мен той жасау, кісі өлімі мен аза тұту, ас беру, жұрт, болыс сайлауы, дауға билік айту т.б. бәрі бар. Оқиғалар мен фактілерді баяндау үстінде жазушы өмірлік тартысты барынша ашып көрсетуге, оның әлеуметтік мәнін күшейтуге тырысады. Белгілі фактілердің шеңберімен шектелмей, қажет жағдайда бүкіл баяндаудың барлық желісін бір түйінге келтіру үшін, басты мәселелерді бір арнаға түсіріп, түйістіру үшін болған оқиға барысын өзгертіп, өзінше қиыстырып, жаңғыртады. ұлттық әдебиетіміз бен мәдениетімізді, ана тілімізді өркендетудегі рөлі орасан зор. Эпопеяның кең мағынасында тарих, этногрофия секілді ғылымдар тұрғысынан қарағанда да танымдық мәні аса күшті екенін кезінде академик Қ.Сәтбаев атап көрсеткен болатын. «Абай жолы» дүние жүзі халықтарының 116 тіліне аударылған. 200 томдық «Әлем әдебиеті кітапханасы» топтамасында екі том болып басылды.

ІІ. Негізгі бөлім: «Абай жолы» роман-эпопеясындағы бейнелік жүйесі.
2.1 Роман-эпопеяның басты тұлғасы – Абай және эпопеядағы Құнанбай характері
Эпопеядағы орталық тұлға, типтік характер — Абай. Ол — бүкіл бір

халықтың, рухани адамгершілік келбетін елестете алатын бейне. Абай сөзі

мен ісі соншалық нақты, әрбір әрекетіне нандыратын тұлға, заман

мен халық қамын терең толғайтын үлкен ойшыл, ұлы ақын сипатында

көрінеді. Абайдың, көркем бейнесін жасауға ақынның өз өлеңдерінің көп

көмегі болғанын жазушы ризалықпен еске алады. Суреткер ұлы ақынның,

шығармаларын туғызған жағдай мен себептер табиғатына терең бойлау

арқылы оның өмір жолына қанығады. Абай халық қиялында қаншалық биік



сатыда тұрса, роман оның, көркем бейнесін соншалық жоғары деңгейде көрсетеді. 1-кітаптың басында Абай қаладан далаға келе жатады, асығып, алып-ұшып, аулын сағынып келе жатады; ал аяғында - даладан қалаға кетіп бара жатады, қарама-қарсылыққа, қайшылыққа толы өз аулынан өзі безіп, түңіліп қашып бара жатқандай. Осы екі арадағы он шақты жылда аулынан Абай көрген жайды, Абай кешкен хәлді, Абай ұққан, Абай сезінген, Абай түйсінген сырларды бір шолып пайымдасақ, тек Абай басында болған өзгерістерді ғана емес, кітап толы кейіпкерлердің бәрін бір атмосфераға алған үлкен эволюцияны аңғаруға болар еді. Бұл да зергер қиюластырған тамаша композиция арқылы тұтасқан шынайылық. Енді тип пен характерге көшсек, бұл арада да Мүсіреповке бір соғып өткен жөн. Асылы, Мүсіреповтің «Абай» романы туралы» деген сын мақаласы - әдеби шығарманы эстетикалық талдаудың үлгісі. Оны 1958 жылы I. Омаровқа жазған хатында Мұхтар Әуезовтің өзі де өте жоғары бағалаған: «Ойыма он бес жыл бұрынғы бір кез оралып еді,- деген ол [13;44]. «Абай» романының бірінші кітабы шығып, соны жазушылар, сыншылар, кейбір адамдары боп талқылап, танымақшы болып жатты. Бірақ , бір күнгі ұзақ мәжіліс түк те берекелі нәр бермеді. Баяндамашы Құнанбайды Иван Грозный деп, Петр Первый деп әр биікке қарай жетектеп алды да, қаңғыды да кетті. Кейін сөйлеушілер де жетістірген жоқ. Әркім әрбір қабуын-шабуын дегендей сипалаған, сылаған болды да, кәдімгі белгілі саяз, сылдыр сөздерге сайды. Өте бір күйкі күйді амалсыз еске алғызды. Мен үндегем жоқ... Сол жиылыстың ең соңында күн бойы о да үндемей отырған Ғабит жиылысты басқарып отырған Сәбитке келіп бір ауыз сөз айтты: «Немене, адамша сөйлейміз бе, жоқ осымен кете барамыз ба?» - деді. Сол күннен бастап екі кеште ол бір баспа табақтай етіп өзінің роман жөніндегі, бар жұрттан оқшау, бөлек шырғау шыққан әділ, адал, саналы толғаулы ірі ойларын айтып шықты. Сөйтіп, келесі күнгі жиылыс «адамша сөйлеудің» нағыз өзін бастап еді». Дәл осы сөзінде Мүсірепов романдағы типтер мен характерлердің бірқатарын бірер сөзбен былайша дәлме-дәл сипаттайды. «Сүйіндік - жалтақ; Байдалы - табанды, қырыс адам. Бөжей - сыр бермес, Қаратай - жеңген топтың қасында... Майбасар, Жұмағұл, Тәкежан, Қамысбайлар - патша үкіметінің жасаған болыстығының ойында тербетіп, ғұмыр бойы қиялында өрбітіп келген. «Боваримен» дейтін Флобер секілді, «Наташа Ростова - өзім» дейтін Толстой тәрізді Әуезовтің өзі Абайға, Абай өзіне айналып кеткенше бұл бейнені қағаз бетіне түсірмеген, іштей пісіре берген. Әуезовтің өлеңнен өзге артында жазулы жазба дерек қалмаған Абай өмірінен романға материал жинау әрекетінің өзі керемет қызық, нұсқасы: «Алдақашан бел асып кеткен керуеннің айдаладағы жұртына кешігіп жеткен жүргінші,- деп жазады ол,- сөніп қалған от орнынан болмашы жылтыраған бір қызғылт шоқ тауып ап, оны демімен үрлеп тұтатпақ болды десек, романға материал жинаған менің хәлім де дәл сол әрекет сияқты еді. Мен қарт адамдардың көмескі жадында ұмыт болып қалған көп нәрселерді қайта ойлатып, айтқызып алдым. Алпыстағы Әйгерімнің әжімді бетіне қарап, оның бір кезде Абайды тұтқындаған жас шырайлы ғажап сұлу жүзін «қалпына келтіруім» де әлгідей еді» [14;63] түседі. Дәл осы тәсілмен эпопея авторы бас кейіпкердің іштей түлеуін, өзгеруі мен өсуін көрсетеді. Кітап басында қаладан келе жатқан Абайға жерұйық боп көрінген көктем көркіндегі кербез дала кітаптың аяғында ақ қар астында ақ кебінге оранған өлік секілденеді. Бұл - әшейін көзге көрінген сурет қана емес, көңілге ұялаған шындық. Бұл шындыққа енді Абайдың көзқарасы да басқаша... Әке мен баланың арасындағы жол айырығы осы тұста біржола белгіленеді. Бұл бұрылысқа әкелген романның өн бойындағы психологиялық дәлелдің күші сондай, оқырман Абайдың әр қылығы мен қимылын дәл өз қимылы мен қылығындай қалтқысыз қабылдап, татаусыз түйсінеді. Сондықтан ол әке мен баланың ажырасу себебіне сенеді. 1-кітаптың аяғында әке мен бала бір-біріне бетпе-бет келіп, ой, пікір, ұғым сайысына түскенде оқырман Абай жағында болады. Абай, сөйтіп, өз өмірінің биік қиясына қарай адымдап, өрлеп келе жатады: «Қияға қадам басқаны рас. Бір күндерде жалаң құздың басындағы тақыр құм мен тастақты жарып, әлсіз нәзік шешек атып, жас шынар пайда болған. Сондай бір өмір гүл шашқан. Енді бір күнде сол шыңға шыққан жалғыз шынар балғын тартып, жас қуатқа толыпты. Қазір оған қыс пен аяз да, тіпті тау дауылы да қатер болудан қалған еді» [15;86]. 1-кітапта Абай осылайша азамат ретінде қалыптасса, екінші кітаптан былай қарай енді өнер адамы - ақын Абай, шын мәніндегі азамат-ақын көрінеді. Бұл тұста авторға «шығармашылығы арқылы Абайдың өзі көмекке келеді» (Әуезов). Ендігі өмір Абай ақындығының қайнар-бұлағына айналады. Ендігі жерде көп-көп деталь Абай өнерінің психологиясы - көптеген өлеңдерінің туу құпиясын ашуға қызмет етеді. Асылы, Абай ақындығының арғы тамыры өзінің туған топырағындағы төл әдебиетте - халық өнерінде - өзін сәби кезінен қиял-ғажайып ертегілермен әлдилеген Зере-әжеде, мұңшыл жырау Барласта, сыншыл жыршы Шөжеде... жатса, бергі бұтағы мен жасыл жапырағы орыс әдебиетінде - Е. П. Михаэлис секілді орыс достары арқылы қолы жеткен А. С. Пушкинде, М. Ю. Лермонтовта... жатыр. Романда осы сыр терең және жан-жақты толғамын табады. Абдрахман, Мағауия сияқты балалары, Дәрмен секілді достары да бейімделіп, жаңашыл күштердің қоғамы ұлғая түседі. Семей қаласына кәсіп іздеп келген жатақтар, кәсіпорын жұмысшылары, қайықшылар, жүк тиеушілер Абайдың тілектес, ниеттестері болады.Семейдегі оба ауруының зардабы айтылатын тұста Абайдың дінге

көзқарасы айқын танылады. . Ана сүті, ата тәрбиесін бойына сіңіріп өскен бала Мұхтар атасы Әуездің әңгімелерін естіп, санасына құяды. Қарт Әуез Абаймен дос, сыйлас адам болған. «М.Әуезов 5 жасқа таяғанда атасынан арабша сауат ашады, алты жасында Абай «атасының қоңыр қозысы екен ғой», деп басынан сипап батасын беріпті делінген «М.Әуезовтің өмірі мен шығармашылық шежіресі» атты еңбекте . Немересінің туғаннан зеректігін, алғырлығын байқаған атасы кішкентай Мұхтарға бес жасынан Абай өлеңдерін жаттатып, жадына сіңіріп оқытады.

Абайдың нәр алған тұнық қайнар бұлақтарынан Мұхтар Әуезов те сусындап, өзінің жазушылық, ғалымдық, суреткерлік дарынына азық етті. Ғалым Т.Жұртбай Абай мұрасының қазына көздерін үш тамырдан алып қарастырып, бұл құбылыс М.Әуезовке Абай даналығы арқылы осы үш тамырдан таралып берілгені туралы ғылыми көзқарасты береді. Бірінші тамырға Шығыс даналығы мұрасын,  екінші тамырға Европа классиктерін, үшінші тамырға орыс әдебиетінің тамаша үлгілерін жатқызады.

ар «Абай жолы» эпопеясының екінші кітабынан бастап Абайдың өлеңдері жиі кездесіп отырады. «Тайғақта» атты тарауда  Абайдың алғашқы махаббатынан сыр шертетін «Жарқ етпес қара көңілім не қылса да» өлеңі берілген. Бұл өлең эпопеяның өн бойында төрт рет беріледі. Жазушы бұл өлеңді үнемі бас кейіпкері Абай мен Тоғжан арасындағы махаббат, ыстық сезім сырларын сөз еткенде пайдаланып отырады. Әуезов-суреткер эпопеяда Абайдың өлеңдерiнiң қандай жағдайда және қалай дүниеге келгенiн әңгiмелегенде нақты шындықтың ауқымын үнемi берiк сақтай бермеген. Шығармашылық еркiндiктерге барған.


«Абай жолы» эпопеясының үшінші кітабынан бастап Абайдың көптеген өлеңдерімен қоса қарасөздерін молынан кездестіруге болады. Абайдың өмірі мен шығармашылық лабораториясын эпопеяда негізінен басшылыққа алған жазушы «Абай жолының» 3-кітабында бірнеше қарасөздерден мысалдар береді. Жастардың бақытына арашашы болған Әбішке Абайдың Дәрмен туралы жазған хаты ретінде жазушы ақынның қарасөзін өте орынды қолданадыжәне осы ғасырдың басы

Құнанбай тұлғасының жасалу шеберлігі бүкіл дүниежүзілік әдебиет тарихында сирек ұшырасады. Әдеттегі түсінікпен атасақ, Құнанбай - жағымсыз кейіпкер. Дұрысында да солай, кері кеткен кер заманның жанкешті жақтаушысы, рулық-феодалдық жүйенің бір тінін үзгісі, бір өрімін ыдыратқысы келмейтін шынжырлы шонжар - жаңаның жауы, күні өткен, тозығы жеткен көненің жамап-жасқаушысы Мырза Құнанбай екен, шешен Құнанбай екен, жақсы Құнанбай екен! Ендеше не көкіп алысып жүрміз онымен? - деді. Соған Қаратай іле жауап беріп: «Әй, тәйір-ай, мен Құнанбайдың өзге жағынан мін тауып алысып жүрмін бе? Жалғыз-ақ «не қылайыны» жоқ қой, сондықтан кетіп жүрген жоқ па?» [18;124] - деді.Құнанбайдың кім екенін бұдан дәл Һәм әділ айту . Соның жан күйері сен болып, бауыр тартып, бауырың езіліп жүр ме осы, немене?!» Осылайша өзі билік жүргізген атыраптағы қазақты бұқтырып, орысты ықтырып, бәрін өз алдында құрдай жорғалатқан Құнанбайдың философиясы да, дипломатиясы да бір басына жетерлік. Құнанбай осындай кесек кейіпкер, қия жартастай мықты тұлға болмаса, онымен күреске түскен Абайдың да ірілігі көрінбеген болар еді. Абай осындай алынбас қамалды алған алып боп шығуы да жазушының ұнамсыз тип жасау тәсіліндегі нұсқалы шеберліктің нәтижесі. Құнанбай жалғыз емес. Оның маңында әр рудың басы, әр ауылдың ақсақал-қарасақалдары - Бөжей, Байдалы, Сүйіндіктер бар. Өз іргесіндегі Майбасар, Ызғүтты, Тәкежан, Жиреншелер бар. Оразбай, Шұбар, Әзімбайлар бар. Дәуірлік белестен алып қарағанда осылар - бір лагердің адамдары. қазақ қоғамына тән күллі ескіліктің қорғаны ретінде көрсетіледі. Ол — бір ауыл басшысы ғана емес, рулық-феодалдық көне дәуір қалыптастырған салт-сананың да берік сақшысы, ірі тұлға. М.Әуезовтің қазақ әдебиетіне әкелген жаңалықтарының бірі ұнамсыз кейіпкерлердің нанымды бейнесін жасау болса, Құнанбай осының айқын мысалы. Қазақ әдебиетінің «Абай жолына» дейінгі тәжірибесінде билеуші ақсүйек қауым адамдарын көбіне бірыңғай қаралап, бірден мансұқтап көрсету жиі орын алатын. Реалистік әдебиеттің сан қырлы суреттеу дәстүрін терең меңгерген М. Әуезов бұл мәселеге жаңаша келді. Ол ұнамсыз кейіпкердің шын болмысын жағдай мен ортаға, мінезге сәйкес табиғи түрде ашты.Құнанбайдың түр-тұлғасы мен мінез қырлары алғашқыда кейде Абай көзімен, енді бірде авторлық баяндау арқылы беріледі. Осы тұста оның келбеті даралана елестейді. Алыс қаладан ауылын сағынып келген баласын көргендегі Құнанбай қалпы оның салқын ұстамдылығын аңғартады. «Байтас пен Жұмабай тақай бергенде Абай да қасына келіп қалып еді. Үшеуі бірдей жамырай сәлем берді. Құнанбай тез бұрылып сәлемдерін алды да, қысқа ғана амандық сұрады. Тұрған орнынан қозғалған жоқ. Баласын қасына да шақырмады. Азғантай уақыт Абайға қарап алып: «Балам, бойың өсіп, ер жетіп қалыпсың-ау! Молда болдың ба? Бойыңдай болып білімің де өсті ме?— деді» [19;171].

мазмұн жағынан алғанда жалпы
жұрт мойындаған энци



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет