Орал қаласы №17 жоббм қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бисенгожиева М. Т. Кейс-технологиясын оқу үрдісінде пайдалану



Дата08.06.2018
өлшемі36,96 Kb.
#41146
Орал қаласы №17 жоббм қазақ тілі мен әдебиеті

пәні мұғалімі Бисенгожиева М.Т.

Кейс-технологиясын оқу үрдісінде пайдалану

Бүгінгі күні қазақ тілін қалай оқытамыз, оқыту сапасын қалай көтереміз деген мәселелер төңірегінде пікір алмасуымыздың өзі қол жеткен жетістіктер деп білемін. Сондықтан бүгінгі жиылуымыздың мақсаты да қазақ тілін оқытудың озық технологияларынан мағлұмат беріп, саралау болып отыр. Заманымыздың өзі технологиялар кезеңі болғандықтан, қазіргі таңда оқыту технологияларының түрлері өте көп. Атап айтсақ: ынтымақтастық технологиясы, ойын арқылы оқыту технологиясы, білім беруді ізгілендіру технологиясы, дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы, оқытудың модульдік технологиясы,  дамыта оқыту технологиясы, ақпараттық-коммуникативті технология, деңгейлеп саралап оқыту технологиясы, тірек сигналдар арқылы оқыту технологиясы, проблемалық оқыту, Анатолий Гиннің педагогикалық технологиясы және т.б. тізе берсе технологиялар саны өте көп. Сіздермен біздердің мақсатымыз –  осы технологиялардың ішінен тиімдісін тауып қолдану. Орыс тілділерге қазақ тілін оқыту сабаққа қатысушылар кімдер екенін ескере отырып салалық  қазақ тілімен қатар, әрбір деңгейге байланысты ұтымды әдіс-тәсілдерді қолдану керекпіз. Тиімді технологияны таңдау барысында нені? қайда? қалай? деген сұрақтардың шеңберінде іске асыру керек.

Сонымен қатар мұғалім өз мүмкіндіктері мен психологиялық ерекшеліктерін де ескеру қажет. Себебі, ақпараттық технологияны қолдану барысында жас ерекшелігі маңызды. Егер біз мүмкіндіктерді сарқа пайдаланбасақ, діттеген мақсатымызға жетуіміздің өзі 100% орындалмайды. Осы технологиялардың ішінде әрбір оқытушының шеберлігіне байланысты тиімді болып табылатын түрлері бар. Солардың ішінде деңгейлеп оқыту, ақпараттық оқыту, модульдік оқыту және ойын технологиясы арқылы оқыту кең тараған. Сіздердің назарларыңызға тиімді технологиялардың бірі ретінде кейс-стадий технологиясын ұсынбақпын. Кейс-стадий технологиясы бойынша қысқаша мағлұмат беретін болсақ: ол XX ғасырдың басында АҚШ-тың Гарвард  университетінің  бизнес-мектебінде енгізілді. Кейс-технологиялардың  негізгі  ерекшеліктері: Кейс әдісі  нақты жағдайлар тұрғысынан практикалық  жағдайларды зерттеу; болған жағдайларды  баяндау; оқушылар  проблемамен  танысып, оны шешудің  жолдарын  іздейді.

Кейс стади әдісінің идеялары:

- әдіс қойылған сұрақтардың бірнеше жауаптары бар болуы мүмкін болатын пәндерден білім алуға арналған;

- үйрету объектілерінің бірлесе шығармашылықпен айналысу дағдыларын қалыптастыруға негізделеді;

- әдісті қолданудың нәтижесі болып алған білімдері мен жұмыс жасау барысында қалыптасқан дағдылары есептелінеді.

Кейс-технологияларға жататын әдістер:

жағдайды  талдау  әдісі;

инцидент әдісі;

рольдік  ойындар  әдісі;

іс  хабарды  талдау  әдісі;

ойындық  жоба;

дискуссия әдісі

Кейс әдісінің 5 кезеңі:

1 кезең – жағдаятпен танысу, оның ерекшелігі;

2 кезең – мәселені анықтау, әсер ететін факторлар мен объектілер;

3 кезең – ой доданы ұйымдастыру үшін тұжырымдаманы, ойларды ұсыну;

4 кезең – шешім қабылдау алдындағы талдау жұмысы;

5 кезең – кейстің шешімі – бірнеше нұсқадағы шешім, шешімдерге байланысты туындайтын мәселелерін ескеруді атау.

Кейс әдісі мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің өсуіне, оның икемділігіне, жасампаздық іс әрекетіне қол жеткізетін әдіс.

«Кейс стади»  әдісі  - оқытушының креативті ойлауын дамытып, сабақтың мазмұнын  ерекше құруға шығармашылық  мүмкіндігін кеңейтуге жағдай жасайды.  Тұлға құзіреттілігін  дамыту-ұстаздың құзіретті тәсілдерді меңгертуі, білім беру  мазмұнын жетілдіру, оның оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу. Соған қарай  ұстаздардың  алдында тұрған міндет;  табысты  және әрекетке дайын қабілетті,  өзіндік білім алуға, қоғамдық өмірде  өзін-өзін жан-жақты таныту үшін өз білімін пайдалана алатындай жастарды тәрбиелеу.

Кейс-технология шын  және ойдан  шығарылған  жағдайларға  негізделген қысқа мерзімді  оқытуға  арналған интерактивтік технология.

Кейс-технологиялардың  негізгі  мақсаты:



  • оқушылардың  бойында   жаңа  қасиеттер  мен   іскерліктерді   қалыптастыру; әр түрлі проблемаларды  талдау  және  оларды  шеше білу  қабілетін   дамыту; ақпаратпен  жұмыс   жасауды  үйрету

  • Инцидент әдісі тындаушының өз бетінше шешім қабылдауы үшін  ақпарат іздеуі; ақпаратпен жұмыс жасауды  /беру, жүйелеу,  талдау/   үйрету; оқушы  белгілі бір  мекемеде немесе  елде  болған инцидент туралы  ақпарат алады; оқушылар ақпараттың аздығына қарамастан  проблеманы және оны шешу үшін  нені білу  керектігін анықтайды.

Дискуссия – белгілі  ережелерге сәйкес  кандайда бір сұраққа байланысты  пікір алмасу адемиялық теорияларды көрсету.

Кейстің құрылымы:

Кейстердің көптүрлілігіне қарамастан олардың барлығының типтік құрылымы болады.

Ережеге сәйкес кейс келесілерден тұрады:

– Жағдайлар  – кездейсоқ жағдай, түйінді мәселе, шынайы өмірден оқиға.

– Жағдайдың контексті  –  хронологиялық, тарихи, орын контексті әрекеттердің немесе жағдайға қатысушылардың ерекшеліктері.

– Автор ұсынған жағдайға түсініктеме беру.

– Кейспен жұмыс істеуге арналған сұрақтар мен тапсырмалар.

– Қосымшалар. 

Кейсті құрастыру сатысы:

– Білім мақсаттары жүйесінде кейстің орнын анықтау.

– Кейс тақырыбына тікелей қатысы бар институциалды жүйені іздеу.

– Жағдай моделін құру немесе таңдау.

– Сипаттауды құру.

– Қосымша ақпараттарды жинау.

– Ақырғы мәтінді даярлау.

– Кейстің тұсаукесері, талқылауды  ұйымдастыру.

Кейспен жұмыс істеуді  ұйымдастыру:


Нұсқалары өте көп, бұл оқытушының шығармашылығы үшін мүмкіндік.

 Сабақты  ұйымдастыру сатылары:



  • Бірлескен іс-әрекетке жұмылу сатысы: Бұл сатының негізгі міндеті: бірлескен іс-әрекетке дәлелдеме құру, талқылауға қатысушылардың бастамаларының айқындалуы.  Бұл сатыда келесі жұмыс нұсқалары болуы мүмкін:

  • Кейс-стади мәтіні оқушыларға өз бетімен зерделеу және сұрақтарға жауап дайындау үшін сабақ басталғанға дейін таратылып берілуі мүмкін.

  • Сабақ басында тыңдаушылардың кейс-стади материалдарын білуі және  талқылауға қызығушылығы анықталады.

  • Кейс-стади негізінде жатқан басты мәселе анықталады, және ол сабақтың сәйкес бөлімімен үйлестіріледі.

Біріккен іс-әрекетті ұйымдастыру сатысы:
Бұл сатының негізгі міндеті: мәселелені шешуге арналған  іс-әрекетті ұйымдастыру. Іс-әрекет кішігірім топтарға біріктірілуі және жеке болуы мүмкін. Тыңдаушылар  оқытушы  берген қандай да бір анықталған уақыт көлемінде сұраққа ұжымдық жауап дайындау үшін уақытша кішігірім топтарға бөлінеді. Әрбір кішігірім топтарда (басқа топтардан тәуелсіз) жауаптарды салыстырулар, оларды өңдеу, тұсаукесер үшін рәсімделетін жеке бір көзқарасты өндіру жұмыстары жүреді. Әрбір топта шешімді жеткізетін «спикер» таңдалады немесе тағайындалады. Егер кейс сауатты құрылған болса, онда топтардың шешімдері сәйкес келмеуі керек. Спикерлер топтардың шешімін таныстырады және сұрақтарға жауап береді.

Оқытушы  жалпы дисскусияны ұйымдастырады және бағыттайды. 

Талдау және біріккен іс-әрекеттің рефлекс сатысы:

Бұл сатының негізгі міндеті: кейспен жұмыстың нәтижелерімен білімдік және оқытулық нәтижелерін айқындау. Сонымен қатар, бұл сатыда сабақтың ұйымдастырылуының тиімділігі талданады, біріккен іс-әрекетті ұйымдастырудың түйінді мәселелері анықталады, ары қарай жұмыс жасау үшін міндеттер қойылады. Оқытушы әрекеттері келесідей болуы мүмкін: оқытушы кейс-стадиді талқылау үрдісін және барлық топтардың жұмысын талдай отырып пікірталасты аяқтайды, оқиғаның шынайы дамуына қысқаша түсініктеме береді, қорытынды шығарады.

Кейс - технологиясы (ағылшынның case – потрфель ) оқытудан жасалынған әдістемелік материалдармен іске асырылады. Кейс - технологияға арналған материалдар түрлері мыналар:

1. Әдістемелік нұсқаулар.

2. Жұмыс дәптері.

3. Анықтама.

4. Оқу, аудио, бейне материалдар.

5. Бақылау және емтихан материалдары.

Кейстердің өзіндік сапалық қасиеттері болады:

1. Кейс құрамында белгілі бір нормативті талаптар жоқ. кең таралған документтер мен дыбыс, анимация, графикалық кірістірулер, слайд-шоу пайдаланылады.

2. Оқушы оқулықтың кез келген бетін қағазға шығара алады.

3. Оқушы оқу материалдарына кез келген әдіспен қол жеткізе алады.

4. Оқулыққа кіріктірілген білімді тексеру жүйесі бар.

5. Оқулық бетінен Интернет ресурстарынан қол жеткізуге болады.

Кейс амал-тәсілдері қолданылған сабақтарда сыныпты төрт адамнан тұратын микротоптарға бөлдік. Олар:

Кейс 1.Сарапшы – әрбір топтың өзінің сарапшысы болады. Сарапшының міндет микротоптарға қатысып отырған оқушылардың жауаптарын қорытындылау. Керек болса, микросабақтар өту. Оқушылар жауаптарының дұрыстығы не бұрыстығы сарапшыға тексертеді.



2.Жол сілтеуші – бұл-тапсырманы басқалардан ерте шығаратын, әдетте жақсы оқитын оқушы. Ол оқушылар жауап таба алмай жатқанда, дұрыс жолды айтады.

3.Баяндаушы – бұл тапсырмада берілген мәтін не басқа жағдаяттарға еніп, басқа оқушыларға түсіндіреді. Өзі ойнап тұрған образдың жүрісін, қимылын, ым-ишарасын айнытпай салу арқылы дұрыс жолды сілтейді. Мысалы, доп жайлы жұмбақ жасырылғанда, доптың келбетін салу керек.

4.Қарсы сұрақ қоюшы – бір оқушы басқа оқушылардың айтқан пікірлеріне келіспей әдейі сұрақ қояды. Бұл сұрақтарға басқа оқушылар жауап берулері қажет. Бұл оларды өз пікірлерін басқа біреуге дәлелдеуге үйретеді. Сабақтарында берілетін тапсырмалар оқушыларды қызықтыруға, олардың диалогттік және монологтік сөйлеу дағдыларын жетілдіруге, ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталды. Оқушыларға тәрбиелік мағынасы жоғары ұлттық педагогика элементтері бар шешендік сөздер, мақал-мәтелдер үйретілді. Кейс технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы мұнда оқушы – өздігінен ізденетін, алдарында тұрған проблеманы шешетін субъект. Мұғалім сабақта тек бағыт-бағдар беруші қызметін атқарады. Кейс технологиясында оқушылар санына қарай бірнеше микротоптарға бөлінеді. Әрбір топ проблеманы шешуде өзінің пікірін дәлелдейді.

1 – үлгі-сабақ.

1)презентация – мұғалім оқушылардың барлығына бірдей сабақтың мақсатына қарай белгілі бір проблема қояды. Осы проблеманы түсіндіреді.

2) Ұстанымы – оқушылар мұғалім түсіндірген проблема бойынша өз пікірлерін дәптерлеріне жазады. Әрбір оқушы өз идеяларын жеке жазып, басқа оқушылардан көшірмейді. Оқушылардың жазған ұстанымдары кейінірек проблеманы топ болып талқылағанда қажет болады.

3) Проблеманы талқылау – оқушылар проблеманы топ ішінде талқылап, дұрыс шешім шығарады. Топ ішінде оқушылар бір-біріне үйретеді, үйренеді.

4) шешім шығару – топ ішінде қабылданған шешімді басқа топтарға айтып, өзінің пікірін дәлелдеу. Басқа топтарда айтылған пікірге өз көзқарастарын білдіреді. Мысалы, мұғалім оқушыларға мынадай мазмұнда мәтінді тақтаға жазады:

«Бұлақ»

Біздің ауылдың маңында бұлақ ағып жатыр. Бұлақтың суы лас, лай. Бұлақ бірнеше жылдан бері қараусыз қалған. Жан-жағына шөптер өсіп кеткен. Бұлақтың суын ауыл тұрғындары пайдаланбайды.

Мұғалім мәтінді оқып, оқушыларға мынадай проблеманы шешуді ұсынды.

Шешілетін проблема: Бұлақтың суы қандай болуы керек.

Оқушылар проблеманы шешуге топ болып кірісті. Әрбір топ өздерінің көзқарастырын ортаға салды.



Бірінші топтың оқушылары мынадай мазмұнда мәтін құрастырды:

Біздің ауылдың маңында бұлақ бар. Бұлақтың суы мөлдір, таза болуы керек. Ауыл адамдары бұлақты үнемі күтіп, таза ұстайды.

Екінші топтың оқушылары: Бұлақты үнемі тазалау қажет. Сонда оның суы таза болады. Бұлақтың суымен адамдар шөлін қандырады.

Үшінші топтың оқушылары: Бұлақ көрсең – көзін аш деген бар. Балалар, үлкендер үнемі бұлақты тазалап ұстауы керек. Бұлақтың суы қыста жылы, жазда салқын болады.

Кейс технологиясының ұтымдылығы төмендегідей:



  • Балалар өзара пікір таластыруға, өзінің пікірін дәлелді құруға дағдыланды;

  • Топ ішінде белсенді тілдік қатынас орнады;

  • Проблеманы өздігінен шешуге ұмтылды, шығармашылық жұмыстарды орындауға үйренді;

  • Тапсырмада берілген сұрақтарға жауап іздеп, өзіндік пікір айтуға дағдыланды;

  • Ауызша сөйлеу дағдылары жетіліп, мәтін құрастыру біліктері дамыды.

Сабақ тақырыбы: Үй жануарлары

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ауызша сөйлеуге дағдыландыру.

Ертегі кейіпкерлерінің жағымды және жағымсыз әрекеттерін талдауға үйрету.



Көрнекілігі: жануарлардың суреттері, алмалар, шарлар.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру. Оқушыларға мәтінді оқып беру

«Үндемес ит»

Ерте заманда үй жануарлары түйе, қой, сиыр, жылқы, ит – бәрі бас қосыпты. Түйе тұрып мақтаныпты.

Менің адам баласына пайдам шаш етектен! Көшсе көлікпін. Сүтімнен шұбат жасап ішеді. Жүнімнен неше түрлі киім киеді.

Қой, сиыр, жылқылар да өз қасиеттерін айтып асып-тасады. Бәрі де өстіп шалқып отырғанда, ит тырс етіп үндемей, қалғып-мүлгіп отыра береді. Сонда түйе:


  • Әй, салпақ құлақ! Неғып аузыңа құм құйылып қалды. Ауыз толтырып айтар ештемең жоқ-ау, сірә,- дейді. Сол кезде бұл әңгімені қожайындары тыңдап тұрып:

  • Бұл ит сендерді күзетпесе, қасқыр бәріңнің түбіңе жетер еді, - депті.

Бұл мәтінді оқып берген соң, оқушыларды рольге бөліп, бірін сиыр, бірін түйе, бірін жылқы, бірін қой, бірін ит етіп сөйлетеміз.

Баяндаушы. Өздеріңнің жақсы пайдалы жақтарыңды айтыңдар.

Сиырдың сүт беретінін, одан айран, құрт, ірімшік жасайтынын, түйенің шұбатын, жүнін т. б. пайдалы жақтарын айтады



Қарсы сұрақ қоюшы: Енді кемшіліктеріңді айтыңдар.

Балалар суда жүзе алмайтынын, аспанда ұша алмайтындарын т. б. кемшіліктерін айтады.



Дәлелдеуші: Оларға аспанда ұшудың, суда жүзудің керегі жоқ екендігін түсіндіреді.

Сарапшы: үй жануарларының барлығының да пайдалы екендігін айтады.

1-тапсырма. Жануарлардың төлдерін ата, қандай жануар өзіңе көбірек ұнайды деген сұраулар мен тапсырмалар беру арқылы сабақты қорытындылау.

Кейс сабақтарында алдын-ала дайындалып қойылған тапсырма бойынша жұмыс істелді. Оқушыларға жас ерекшеліктеріне қарай және игерген білімдеріне қарай проблемалық сипатта тапсырма берілді. Сыныпта қанша топ болса да, барлығына бірдей тапсырма беріліп, әрбір топ проблеманы өздерінің білімдері мен ерекшеліктеріне қарай жан-жақты, әр қырынан немесе барлығы бір ғана қырынан зерттейді. Әрбір топтың өзінің сарапшысы болады. Ол сарапшы микротоптың жауаптарына талдау жасайды, бағалайды, қажет кезінде өзінің тобындағы үлгерімі нашар оқушыларға сабақ үйретеді.Кейс амал-тәсілін қолданғанда, бағыт-бағдар беруші сонымен қатар талап қорытынды сөз сөйлеуші қызметін атқарады. Кейстік амал-тәсілде, әрбір топ өзінің шығарған шешімдерін басқа топтардың алдында дәлелдейді. Дәлелдеуге барлық оқушы қатысуға рұқсат беріледі.

Тапсырмалар.


  1. Мәтіндегі диалогті монологқа ауыстырыңдар.

  2. Мәтіннен әдептілік туралы өздеріңе ұнаған үзіндіні жазылған жерін тауып белгілеңдер.

  3. Мәтіннің мағынасын қандай мақал-мәтелдермен бересіңдер.

Тапсырманы орындап болғаннан кейін, оқушыларда қалыптасқан дағдылар мен біліктер төмендегідей:

  1. Оқушылар сабақта тілдік материалды меңгерді.

  2. Оқушылар бірін-бірі үйретті.

  3. Оқушыларда топтық оқу дағдылары қалыптасты.

  4. Оқушылар басқа адамның айтқан пікірін құрметтеуге дағдыланды.

Демек, мектеп оқушыларының ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда кейс-стади амал-тәсілін қолдану  - қазіргі білім беру талабына оқушының сабаққа деген қызығушылығын туғызатын жеке педагогиканың жаңа инновациялық жүйесі.  Кейс стади әдісі интерактивті әдістің  бір түрі ретінде оқушылар үшін өте тиімді әдіс болып саналады. Бұл әдістің көмегімен оқушылар өз беттерінше теорияны меңгере отырып, практикалық дағдыларға да үйренеді, сонымен қатар өз ойын жүзеге асыру мүмкіндігіне де ие болады. Оқушы ситуацияға талдау жасау арқылы  болашақ маман ретінде қалыптасып, сабақты қызығып оқуға тырысады.

ХХІ ғасыр – білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты дамыған, парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.

Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,

Сырлары көп сыртқа әлі шықпаған.

Шаршаса да осы жолдың бойында,

Қандай рақат, шын бақытын тапса адам.



Осыдан түйгенім: жаңа ақпараттық технология элементтерімен дәстүрлі әдістерді сабақтастыра жүргізген сабақ өз шыңына жетеді. Ал оқушы сол білім шыңына шығу үшін жоспарланатын тапсырмалар мен қолданылатын әдістер әрбір мұғалімнің шеберлігімен, өмір мен тұрмыстың күрделілігіне қарамастан қаншалықты өз жұмысын сүйетініне байланысты. Олай болса «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деген  ұлы Абайдың сөзі ақиқат екенін өмірдің өзі дәлелдеп отырған жоқ па?!

Пайдаланылған әдебиет:

1. Қазақша Ашық Энциклопедиясы

2. А.Әлімов Интербелсенді әдістерді қолдану.

3. Интернет жүйесі

Резюме


В статье рассматриваются о применений метода «Кейс стади». 

Summary


The article deals with the application of methods "Case Studies".
Каталог: uploads -> doc -> 1025
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1025 -> Сабақтың тақырыбы: Жәнібек Кәрбозин «Жиырма тиын»
1025 -> Сабақтың тақырыбы: Сансызбай Сарғасқаев. «Шыбық» Сабақтың мақсаты: Білімділік
1025 -> Оқушыларға стандартты емес шарттармен берілген есептерді анықтауға көмектесетін жаңа терминдерді енгізу, логиканы күнделікті өмірлік жағдайларда қолдануға үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет