Ұйымдастырушылық - ізденушілік
|
Суреттер бойынша іс – қимыл туралы түсінік беру.
- Күнделікті ойыншықтармен ойнау арқылы іс - әрекетіміз, ойлауымыз, ұсақ қол моторикамыз, зейініміз қалыптасады. Бүгін біз бір ай бойы алған білімдерімізді пысықтап, кімнің қаншалықты не үйренгендігін байқайтын боламыз. Сондықтан тапсырмаларды дұрыс, әрі тез орындайық.
Тосын сәт: Есік қағылып, музыка әуенімен ішке Сайқымазақ келеді. Қолында бес түрлі шары болады. Сайқымазақ балалармен амандасады. Сәлеметсіздер ме, балалар!
Сәлеметсіз бе!
Сайқымазақ: Балалар менің атым - Сайқымазақ. Мен сендерге құр қол келгенім жоқ. Мына қолымдағы шарлардың ішінде, сендерге алып келген тапсырмаларым бар, сол тапсырмаларымды дұрыс орындасаңдар, мен сендерге сыйлық беремін.
Мұғалім: Қане, балалар Сайқымазақ бізге қанша тапсырма алып келгенін білу үшін, оның қолындағы шарларды санап, түсін айтайық.
Ал, балалар Сайқымазақтың қолындағы шарларын санайықшы?
Біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу.
Сайқымазақтың тапсырмасы осы шарлардың ішінде, оны орындау үшін шарды бір - бірлеп жаруымыз керек. Балалар шарды жарады да, ішінен тапсырманы алып орындайды.
I – тапсырма
Түстерді сәйкестендіріп өз шелектеріне сал. «Шар жинау» (сары, жасыл, қызыл).
Ал, келесі тапсырманы орындау үшін, екінші шарымызды жарып көрейікші, оның ішінде қандай тапсырма бар екен? Қане, кім шарды жарады?
II - тапсырма: Пирамида құрастыр.
III - тапсырма: Монтессори блогын өз орындарына жинастыр
Артикуляциялық жаттығу.
Үрмелі шар үру. Ауамен терең дем алып шарды қатты үрлесек сонда шар биікке ұшады. Ал қанекей «Кімнің шары жоғарыға ұшады?». Сайқымазақпен бірге үру.
ІV - тапсырма: Үлгі бойынша берілген суретке қыстырғыштарды сәйкестендіру. Балық, үй, күн.
V - тапсырма: Пішіндерді өз орындарына орналастырып бер.
|
Сайқымазақ келеді
Біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу.
Шарларды шелек түстерімен сәйкестендіріп жинастырады.
Пирамида құрастырады. Монтессори блогын өз
орындарына жинастырады.
Үрмелі шар үреді.
Үлгі бойынша берілген суретке қыстырғыштарды сәйкестендіреді.
Пішіндерді орналастырады.
|