Оралбаева Дильназ Юр-303 ҚР стратегиялық құжаттарын зерттеу негізінде "Қазақстанның саяси жүйесінің даму келешегі"



Дата28.10.2023
өлшемі37,08 Kb.
#188940
Байланысты:
СӨЖ 2


Оралбаева Дильназ Юр-303


ҚР стратегиялық құжаттарын зерттеу негізінде) "Қазақстанның саяси жүйесінің даму келешегі"


Саяси жүйе 
билікті жүргізуші 
əлеуметтік топтар 
, таптар, ұйымдар мен мемлекеттер 
арасындағы өзара қатынастарды реттейтін, қоғамда тұрақтылық пен тəртіпті 
қамтамасыз ететін ұйымдар, мекемелер мен институттар жиынтығы Оның негізгі 
элементтеріне мемлекет, саяси партиялар, дін орындары, қоғамдық-саяси ұйымдар 
жатады. 
Демократиялық саяси жүйе – саяси жүйенің түрі, оған мыналар тəн: 
1) Азаматтардың кепілденген құқықтары мен бостандықтарының кең ауқымы қамтылуы; 
2)билеуші жəне оппозици ялық саяси партиялар дың еркін қызмет етуі; 
3) жалпымемл екеттік өкілетті билік органдарын ың – парламентт ің болуы; 4 ) сайлаудағ ы заңды күрес қорытынд ылары бойынша партиялар дың үкіметті жасақтауы ; 
5) мемлекеттік жəне қоғамдық органдардың қызмет етуі принциптері жəне заңдылықтарына бақылау орнататын тəуелсіз жүйесінің болуы; 
6) өзін – өзі жəне жергілікт і өзін – өзі басқару органдар ының болуы; 
7) көз жеткізу, дəлелдеу мемлекеттік органдар ықпалының негізгі құралы ретінде ақпарат көздерінің еркін қызмет етуі. 


Демократиялық саяси жүйе 
мыналарды қамтамасыз етеді 
; 
1. басқарушы топтың тұрақты заңды мойындалғандығын;
2. оны қалыптастыруға қалың бұқараның қатысуы; 
3. саясаттың негізгі бағыттарын айқындауға бұқараның тікелей
немесе жанама түрде қатысуы; 

4. Бұқараның тарапынан басқарушы топты бақылауға алуы. 


Саяси жүйе дегеніміз қоғамда билік жүргізетін жəне тұрақтылық пен тəртіпті 
қамтамасыз ететін, əлеуметтік топтар, таптар, ұлттар, мемлекеттер арасындағы өзара 
саяси қатынастарды реттейтін ұйымдар мен мекемелердің жиынтығы болып табылады. 
«Саяси жүйе» ұғымының дүниеге келуі ХХ ғасырдағы саяси құбылыстарды зерттеумен 
байланысты болды. Өткен ғасырдың екінші жартысынан кейін кеңінен тарай бастаған 
«саяси жүйе» категориясы саясаттану мамандарының бір сəт қызығушылығын 
бəсендеткен емес. Ол заңды да. Себебі саяси жүйе кезкелген қоғамда тұрақтылық жəне 
тəртіпті қамтамасыз ететін, əлеуметтік топтар, таптар, ұлттар, мемлекеттер арасындағы 
саяси өзара қатынастарды реттейтін мемлекеттік биліктің президенттік институт, 
парламент, үкімет, сот сияқты негізгі субъектілері мен басқа да органдарын, саяси 
партия, қоғамдық –саяси ұйымдар мен қозғалыстардың жиынтығын құрайды. Сонымен 
қатар ол - қоғамның барлық мүшелері не оның бір бөлегі үшін өктемшіл-билік 
шешімдер қабылдайтын жəне жүзеге асыратын адами қатынастардың тұрақты нысаны. 
Бұл айтылғандардан мынаны атап көрсеткен орынды. Біріншіден, саяси жүйе – күрделі 
қоғамдық құбылыс қана емес 
, ол қоғамның өмір сүру амалы; екіншіден, ол – 
қоғамдық-саяси үдерістерді басқаруға, реттеуге, билікті жүзеге асыруға бағытталған 
мемлекет пен қоғамның өзара қарым-қатынасының тəсілі Қоғамның саяси жүйесінің 
сипатын анықтау үшін «саяси тəртіп» (саяси режим) ұғымының мазмұнын еске сала 
кеткен жөн. Белгілі поляк саясаттанушысы Е.Вятр саяси тəртіп деп конституциялық 
тəртіптер жүйесі мен сол жүйенің практикада нақты жүзеге асуын түсіндіреді [3]. 
Былайша айтқанда, саяси тəртіп қоғамдағы саяси қатынастардың мазмұны мен 
бағытын айқындап, саяси жүйенің негізгі элементтерінің өзара байланыста қызмет ету 
тəсілін белгілейді. Сол себепті саяси тəртіптің сипаты белгілі бір елдегі қоғамның 
саяси өмірін ұйымдастыру принципінің толық бейнесін береді. Бүгінгі əлемдік саяси 
тəртіптің тоталитарлық, авторитарлық жəне демократиялық нысандарға бөлінетіні 
белгілі. Бірақ бұл саяси нысандар таза күйінде кездесе бермейді. Қоғамдық практикада 
саяси нысан мен мазмұндардың сай келе бермейтін фактілері баршылық. Мысалы, 
басқару нысаны жағынан конституциялық монархиялық құрылыс сақталған Бельгия, 
Норвегия, Швеция жəне Жапонияларда демократиялық сипаты көптеген елдерге 
қарағанда əлдеқайда басым. Елдің Конституциясы бойынша мемлекеттік құрылыс 
демократиялық дегенмен мазмұны жағынан əміршіл, ал əміршіл жүйе дегеніміз 
демократиялық сипатта болуы мүмкін. Ол белгілі бір саяси жүйедегі мемлекеттің ішкі 
ерекшеліктеріне, шынайы болмысына, қоғамның саяси мəдениет деңгейіне 
байланысты. Сондықтан белгілі бір елдегі саяси режим жөнінде кең түрде жəне нақты 
түсінік беру үшін мынандай сұрақтарға жауап қайтару қажет: Аталмыш саяси режим 
қалай пайда болды? Билік басындағы саяси топтар кімдер? Саяси үстемдіктің қандай 
əдісі жоғары бағаланады – демократиялық па, əлде зорлықшыл ма? Саяси 
оппозициялардың өмір сүруіне жол беріле ме жəне ол қандай мөлшерде берілген? Сол 
елдегі тұлғаның жағдайы қандай?» деген пікірмен толық келісеміз. Бұған қосарымыз 
билік басындағылардың интеллектуальдық-моральдық қасиеттері қандай? Олар 

қоғамдық игілікті көздей ме болмаса жеке бастың қамын көбірек күйіттеп кетеді ме? 


Осы жерде саясаттану ғылымында ежелден келе жатқан саяси басқаруда адам емес, 
заңның басқарғанын дұрыс көрген қағиданы айта кеткен артық болмас 
Саяси 
əдебиеттерде саяси тəртіп түрлерін белгілеуде бірізділік жоқ. Ол мəселенің əлі де толық 
зерттеле түспегендігінен болу керек. Бүгін саяси тəртіп авторитарлық жəне 
демократиялық деп екіге бөлетіндер де, оның үш түрін қарастыратындар да бар. Біздер 
соңғы пікірді қолдаймыз. Себебі тоталитарлық жəне автаритарлық жүйелердің 
принципті айырмашылықтары да бар. Оны осы нысандарды талдау барысында толық 
байқауға болады. Əлемде көп тараған саяси режимнің үш түрінің бірі - тоталитарлық 
тəртіп. Бұл атау латынның totalis – жаппай деген сөзінен шыққан. Тоталитарлық тəртіп 
бүкіл билік елдегі демократиялық еркіндік пен саяси оппозицияның шығу мүмкіндігін 
жою, қоғам өмірін толық өз мүдделеріне сəйкес ету, өзінің билігін зорлық-зомбылық, 
əскери полициялық террор мен жұртшылықты рухани қанау арқылы жүзеге асыратын 
белгілі бір топтың (партияның) қолына жинақталады. Мұндай жүйенің ішкі мəнін 
американдық саясаткер Р. Даниэлс былайша сипаттайды: «Ешкімнің де ақыл-ойы 
немесе оның өзі мемлекеттің жəне оның органдарының бақылауынан тыс қалмайды, 
ешнəрсе билік жүргізіп отырған партияның назарынан тыс қалмайды» Енді саяси 
тəртіптің заң шығарушы органның қалыптасуына қандай ықпал жасауы мүмкін 
екендігіне тоқтала кетейік. Саяси тəртіптің авторитарлық нысаны жағдайында да 
тоталитарлық тəртіптегідей парламент деңгейі жеке билікпен, басқарудың əміршіл 
тəсілдерімен ерекшеленеді. Кейбір ғалымдар тоталитарлық тəртіпті əміршілдік 
тəртіптің ерекше, реакцияшыл түрі деп санаса, екінші бір ғалымдар екі тəртіпті өз 
алдарына жеке-жеке қарастырған жөн деп есептейді. Екі тəртіптің көптеген ұқсас 
жақтары да, елеулі айырмашылықтары да жеткілікті. Екеуіне де ортақ - диктатура, ал 
айырмашылығы - тоталитаризмде мемлекеттің диктатурасы, ал əміршілдік тəртіп - 
жеке тұлғаның диктатурасы. Осы негізгі айырмашылық тағы да толып жатқан 
ерекшеліктерді туындатады 
, сол себептен де біздер екі тəртіпті екі типтегі деп 
қарастырған пікірді қуаттаймыз.Социалистік жүйе сақталған Қытай Халық 
Республикасы, Корей Халықтық Демократиялық Республикасы, Куба, Вьетнам 
елдеріндегі парламенттерге квазипарламенттік сипат тəн. Бұл елдерде Парламент 
жылына екі-үш шақырылады да, күн ілгері дайындалған шешімдер мен заңдарға 
депутаттар жүз пайызға дейін дауыс береді. Əңгіме болып отырған парламент моделі 
кешегі кеңес заманына да тəн болды. Мемлекеттік билік атқарушы жəне заң шығарушы 
болып принципті бөлінбеді. Рас, Жоғарғы Кеңес Конституция бойынша мемлекеттік 
өкіметтің жоғары органы деп саналды. Мұндай мемлекеттік өкіметтің іс атқаратын 
жəне тəртіптейтін жоғарғы органы – Халық Комиссарлар кеңесі, кейін Министрлер 
Кеңесі де болды. Бірақ мемлекеттік биліктің заң шығарушы жəне атқарушы 
тармақтары болып принципті бөлінісі жүзеге аспағаннан кейін екі органның қызметі 
бір-бірімен араласып жататын. Бүкіл билік кеңес қоғамының басшы жəне бағыт беруші 
күші, саяси жүйенің мемлекеттік жəне қоғамдық ұйымдарының ұйытқысы – партия 
қолына шоғырландырылды. Билікті жүзеге асыратын кадрларды партия органдары 
таңдады.Бүгінгі əлемдік саяси жүйенің ең көп тараған нысаны – мемлекеттік 
басқарудың демократиялық жолы. Ол - халықтан бастау алған билік. Ол - заңдылықты 
мұрат еткен, заңды қастерлей білген қоғамдағы азаматтың құқығы мен еркіндігін 

жан-жақты ұштастырған мемлекеттік істерді шешуге халықтың қатысуы. Американың 


алғашқы Президенттерінің бірі Авраам Линкольнның демократияға «халық үшін 
халықтың сайлаған халық билігін» жатқызды. Мемлекетті басқарудың демократиялық 
жүйесі биліктің заң шығарушы, атқарушы жəне сот тармақтарына бөлінуімен əрі 
олардың тежемелік жəне тепе-теңдік жүйесін пайдалану принципімен сипатталатыны 
белгілі. Бұл - қоғамдағы демократиялық үдерістердің алғышарттары, алайда толық 
демократияның кепілі бола алмайды. Ол қоғамдағы саяси тəртіптің сипатына 
байланысты. Қазақстанның бүгінгі саяси жүйесі отандық зерттеушілердің назарында 
тұрақты болып келеді. Б. Аяғанов, К.Н. Бұрханов жəне М. Машанның еңбектерінде 
Қазақстанның саяси жүйесінің эволюциялық дамуы жан-жақты талданып, оның 
қалыптасу үдерісі жүйелі зерттелген. Ал авторлар тобы дайындаған (Ə.Нысанбаев, М. 
Машан, Ж. Мұрзалин, А. Тулеғұлов) «Эволюция политической системы Казахстана» 
атты екі томдық монографияны ерекше атаған дұрыс. Бұл іргелі еңбекте отандық саяси 
ғылымның тарихы мен теориясының үрдісіне тəн емес зерттеудің жүйелілік 
əдіснамасы тұңғыш рет пайдаланылған. Осының арқасында ерте заманнан бүгінгі 
күнге дейінгі Қазақстанның саяси жүйесінің эволюциясы қарастырылған 
Зерттеуші 
Н. Қалиев өзінің «Қазақстан парлементаризмі: саяси талдау» атты монографиясында 
Қазақстанның тəуелсіздікке қол жеткелі бергі жылдар ішіндегі саяси жүйесін байыпты 
зерделеген, жаңа тұжырымдар жасаған . 

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет