Оралтаева А. С. Аналитикалық химия. Зертханалық практикумы


Катиондарды ашуға жұмсалатын өзіндік реактивтер



бет52/155
Дата31.01.2022
өлшемі4,45 Mb.
#116563
түріПрактикум
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   155
Катиондарды ашуға жұмсалатын өзіндік реактивтер.

Катиондарды ашуға топтық реактивтер және әрбір катионға тиісті өзіндік реактивтер пайдаланатындығын жоғарыда айтқанбыз. Жұмыстың орындалу барысында әрбір студент топтық реактивтер, мысалы, 2н хлорлы сутек ерітіндісінің Pb²⁺, Ag⁺ катиондарына, 2н күкірт қышқылының Ca²⁺, Ba²⁺ катиондарына 2н КОН сілтісі артық қосылған жағдайда Al³⁺,Zn²⁺,Cr³⁺,Fe³⁺, Fe²⁺,Mn²⁺,Mg²⁺,Cu²⁺,Ni²⁺ катиондарына, аммиактың судағы ерітіндісінің Ni²⁺,Cu²⁺ катиондарына әсерін тексеру қажет. Сондай-ақ пайда болған тұнбалардың қышқылдарда және сілтілерде ерігіштік қасиетін тәжірибе жүзінде бақылау қажет.

Катиондарды ашуға төмендегі өзіндік реактивтер пайдаланылады:



1. NH4⁺ катионын ашуға КОН, K2/H9J4/ реактивтер.

2. Na⁺ катионын ашуға цинкуранил ацетат реактиві.

3. Pb²⁺ катионын ашуға HCl, K2Cr2O7, KJ реактивтері.

4. Ca²⁺ катионын ашуға H2SO4, (NH4)2C2O4, мурексид реактивтері.

5. Ba²⁺ катионын ашуға H2SO4, K2CrO4, родинозат натрий реактивтері.

6. Al³⁺ катионын ашуға КОН, алюминон, морин реактивтері.

7. Zn²⁺ катионын ашуға КОН, дитизон, K4[Fe(CN)6] реактивтері.

8. Cr³⁺ катионын ашуға КОН, Н2О2, КМпО4 реактивтері.

9. Fe²⁺ катионын ашуға K3 [Fe(CN)6], диметил глиоксим реактивтері.

10. Fe³⁺ катионын ашуға K4[Fe(CN)6], NH4 CN S реактивтері.

11. Mn²⁺ катионын ашуға КОН, Н2О2, (NH4 ) 2S2 О8 , Pb О 2 реактивтері.

12. Mg²⁺ катионын ашуға КОН, Na 2HPО4 + NH4Cl + NH4ОH , магнезон Т реактивтері.

13. Cu²⁺ катионын ашуға NH4 О H, K4[Fe(CN)6] реактивтері.

14. Ni²⁺ катионын ашуға NH4 О H, диметил глиоксим реактивтері.

15. Co²⁺ катионын ашуға NH4 О H, C10H6(NО) (ОH) реактивтері.
Катиондарды өзіндік реактивтерімен ашу тәсілдері таблица түрінде беріледі.

Қажетті заттар:

1. Реактивтер орналасқан құтыша.

2. Электр плиткасы.

3. Фильтр қағазы.

4. Приборлар тұратын штатив.

5. Центрифуга.

6. Пипетка.

7. Тікбұрышты жіңішке шыны.

8. Жуындылар мен қалдықтарды құятын колба

9. Индикатор қағазы.

10. Микроскоп.

11. Жуғыш ыдыс /промывалка/.

12. Өлшегіш цилиндр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   155




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет