Оралтаева А. С. Аналитикалық химия. Зертханалық практикумы


Электрохимиялық талдау әдіс



бет109/155
Дата31.01.2022
өлшемі4,45 Mb.
#116563
түріПрактикум
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   155
Электрохимиялық талдау әдіс

Электрохимия – химиялық және электр энергиясы өзара айналысуын зерттейтін ғылым. Гальваникалық элементтермен жұмыс істегенде химиялық энергия электр энергиясына айналады, ал электролизде электр энергиясы – химиялық энергиясына айналады.

Электрохимиялық процесстер – тотығу-тотықсыздану реакцияның нәтижесіне байланысты.

Электрохимиялық жүйе деп – екі электродтан тұратын және олардың арасын байланыстыратын иондық ток өткізгіштігін айтады.

Сыртқы тізбек деп – электрохимиялық жүйесін жұмыс істеу үшін екі электродты қосатын сым өткізгіштігін айтады.

Иондық ток деп – ерітіндіде ертілген немесе балқыған сұйық немесе қатты электролиттердің ток өткізгіштігін айтады. Жай уақытта металлдар бейтарап , егер металл пластикасын

( Zn,Cu,Cd,Fe, т.б.) суға батырсақ полярля су (Н2О) молекуласының әсерінен металлдың бетжағы аздап ериді. Еру нәтижесінде металлдың катиондары ертіндіге көмеді, ал металл пластикасының бетінде артық электрондар , қалады. Бұл процесс, тепе-теңдік күйге жеткенше жүреді:

Ме0 + m (Н2О) Ме n+ ∙ nН2О + ne

Тепе-теңдік күйде металлдың бетінде қалған артық электрондардың есебінен металл-пластикасы теріс (-) зарядталып, ал ертіндіден оған талу жатқан беті оң (+) зарядталып қос электр қабатын тұзеді.

Металл мен ерітіндінің арасында пайда болған потенциал айырмасын металлдың электрондық потенцалы деп аталады. Металлдың электрондық потенциалы – сол металлдардың табиғатына, ерітіндінің концентрациясына, температураға байланысты.

Сонымен тотығу-тотықсыздану реакия нәтижесінде электр қозғаушы күш (ЭҚК) пайда болады. Жүйеде туындаған электр қозғаушы күшін электродтарды пайдаланып тізбек түзу арқылы анықтайды.

Электрод деп – электрондық және иондық өткізгіштік қасиетке, я өзгерісті зерттейтін құралды айтамыз. Электродтар екі түрге бөлінеді – сезімталды (индикаторлы) және салыстырмалы (сравнения).

Сезімталды электрод деп – ерітіндідегі ион концентрациясының өзгеруіне қарай электродтық потенциалы өзгеретін құралды айтады (Pt, Au, Ag, Hg, ионселективті шыны электродтар және т.б. жатады ).

Салыстырмалы электрод деп – ерітіндінің концентрациясы өзгерседе каломельді, хингидронды т.б. электродтар жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   155




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет