Оралтаева А. С. Аналитикалық химия. Зертханалық практикумы


Кері титрлеу тәсілмен кобальт (ІІ) мөлшерін потенциометриялық әдіспен анықтау



бет111/155
Дата31.01.2022
өлшемі4,45 Mb.
#116563
түріПрактикум
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   155
Кері титрлеу тәсілмен кобальт (ІІ) мөлшерін потенциометриялық әдіспен анықтау

Жұмыстың мақсаты: Ерітіндідегі кобальттың (ІІ) мөлшерін анықтау, потенциометриялық титрлеу тәсілімен таныстыру, потенциометриялық тізбегімен таныстыру, титрлеудің қыйсық координатадағы сызықтарын және - (мл) тұрғызу эквивалент нуктені табу және кобальттың сандық мөлшерін анықтау.

Тәсілдің маңыздары: Ерітіндідегі кобальтты (ІІ) оксидиметриялық тәсілмен тотығу реакция арқылы кобальт иондарын (ІІ) ферроцианид калий мен тотығу реакциясының нәтижесінде аммиак ортаға келтірілген реакция арқылы көрсетуге болады.

[ Co(NH3)6]2+ + [Fe(CN)6]3- [Co(NH3)6]3+ + [Fe(CN)6]4-

Осындай тәсілмен Со (ІІ) аммиак ортада тікелей титрлеуге болмайды, себебі Со(ІІ) титрлеу процесс кезінде ауаның құрамындағы оттегімен тотығады. Сол себептен Со(ІІ) мөлшерін анықтау үшін кері титрлеуді қолданады. Кері титирлеудің маңызы анықтайтын кобальт (ІІ) ерітіндісіне артық мөлшерде қосады, реакция нәтижесінде артық мөлшерде қалған ерітіндіні СоSО4 ерітіндісімен титрлейміз.

Реакция нәтижесінде пайда болған заттарды осы теңдеу арқылы көрсетуге болады:
[Fe(CN)6]3-артықша + [ Co(NH3)6]2+ [Fe(CN)6]4- +[Co(NH3)6]3+
Аммиакты кобальт (ІІ) комплекс қосындысы ашық шие түсін көрсетеді, эквивалентті нүктеге жеткенше түсі интенсивті боады. Потенциометрия ерітіндідегі иондардың концентрациясына байланысты гальваникалық тізбектегі элекроқозғалыс күштің өзгерісін өлшеуге негізделген. Бұл әдісте гальваникалық тізбектегі сезімталды электродтардың біреуінің электродтық потенцияалы ерітіндідегі иондардың концентрациясына байланысты болады, ал екінші электрод – салыстырмалы электрод болуы қажет. Бірінші электроды сезімталды /индикаторлы/ электрод деп аталады ал, екінші электрод – салыстырмалы электрод деп аталады. Редокс процессінде сезімтал электрод ретінде платинадан жасалған микроэлектрод қолданылады. Сезімтал электродының потенциалы ерітіндідегі зерттелетін иондардың концентрациясына байланысты және Нернст теңдеу арқылы белгіленеді.

Е[Co(NH3)6]3+/ [Co(NH3)6]2+ = Е0 [Co(NH3)6]3/ [Co(NH3)6]2+ +


z – анықтайтын ионның потенциал заряды , я болмаса реакцияға қатынасты электрондардың саны, эквивалентік нүктеге дейінгі ЭХР:
[ Co(NH3)6]2+ [Co(NH3)6]3+ ; z = 1, E =0,1 B
эквиваленттік нүктеден кейінгі ЭХР:
[Fe(CN)6]3- [Fe(CN)6]4-; z = 1, Е=0,36 В


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   155




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет