Педагогикалық консилиумды өткізу жоспары
I. Сынып жетекшісінің сөзі
Педконсилиумның мақсаты мен міндетін хабарлау.
Педконсилиумның дайындық кезеңдерімен таныстыру.
Сынып пен оқушының жеке тұлғасын зерттеу бағдарламасымен және оның нәтижелерімен таныстыру.
Сыныпқа жалпы жинақ мінездеме құру.
Жеке оқушылардың жеке тұлғалық белгілерімен, танымдық процестердің ерекшеліктерімен таныстыру.
15 сурет –Оқушының жеке тұлғасын зерттеудiң құрылымдық жүйесi
II. Пікір алмасу, мұғалімдердің сөйлеген сөздері, әрбір оқушының жеке тұлғасымен жүргізілетін жұмыстарға түзетулер енгізу және оқу-тәрбие процесін жүзеге асыруда жалпы ұсыныстарды дайындау.
III. Педконсилиумның ұсыныстарын толтыру.
Жеке тұлғаны жан-жақты зерттеу әдістемелері Ә қосымшада берілген. Осы жоғарыда келтірілген педагогикалық консилиумды дайындауға қойылатын талаптарға сәйкес және жеке тұлғаны жан-жақты зерттеу әдістемелерін басшылыққа ала отырып, барлық сыныптарда педагогикалық консилиум өткізу жүйелі түрде жолға қойылды (Б қосымша).
Педагог тұлғасының оқушылардың шығармашылығын дамытуға ықпалының ерекшелiгi жете зерттелмегендiгiн және мұның мұғалiмге кәсiби ұстанымын анықтауда көмек көрсететiн арнайы сараптамалық-психологиялық әзiрлемелердi талап ететiндiгiн айта кету қажет.
Өз жетекшiлiгiмiзбен жүргiзiлген сараптамалық жұмыс нәтижелерi бойынша бiз педагогтың гуманды бағытын растайтын және дамытушылық бiлiм беру кеңiстiгiн құруға ықпал ететiн неғұрлым мәндi кәсiби-тұлғалық қасиеттерiн айқындадық:
өзiндiк қабылдау деңгейiнiң жоғары болуы, соған парапар өзiн-өзi бағалауы, өзiнiң интеллектуалдық қабiлеттерiне сенiмдiлiгi;
педагогтың оқушылардың шығармашылық қабiлетiн дамытуға шынайы қызығушылығы және осы iске тартылуы. Сараптамалық зерттеулер мұны аса нанымды дәлелдедi;
эмпатия, түсiну, бiрге бастан кешiру және оқушыны барша болмысына парапар қабылдау; оқушыға деген сөзсiз жылы қатынас; адалдық.
Сонымен қатар, зерттеуiмiздiң алдына қойылған мiндеттердi шешу үшiн қажеттi мәнi зор жағдайларға бiз педагогтардың жағымды психологиялық ахуал жасай бiлу iскерлiгiн де жатқыздық.
Осы мақсатта теориялық семинарлар барысында және шығармашылық практикум сабақтарында бiз дамытушылық бiлiм беру кеңiстiгiнiң аса мәндi нышаны ретiнде оқушылар ұжымының психологиялық ахуалына толық сипаттама бердiк, оны қалыптастырудағы педагогикалық басқарудың әдiстерi мен тәсiлдерiн көрсеттiк, оған диагностикалау әдiстемесiн үйреттiк.
Сонымен, сараптамалық жұмыстың мiндеттерi шығармашылықты арттыру, оқу процесiне оқу модульдерi мен интерактивтi оқыту нысандарын енгiзу арқылы зерттеушiлiк қызметке тұрақты қызығушылық қалыптастыру болғандықтан, оны шешудiң жолдарын мынадай көрсеттiк:
оқушылар шығармашылығының дамуын қадағалайтын мониторинг жүйесiн жасау;
жеке тұлғаның өз жас ерекшелiктерiне сәйкес дамуына ықпал ететiн сабақтағы және сыныптан тыс жұмыстағы қызмет түрлерiн iрiктеу;
мұғалiмдердiң педагогикалық қызметке психологиялық даярлығын арттыру;
мұғалiмдердiң оқушыларды психологиялық-педагогикалық диагностикалау, педагогикалық зерттеулер ұйымдастыру және жүргiзу әдiстерiн меңгеруi;
оқушы тұлғасының шығармашылығына мониторинг жасап, оны ашуға бағытталған мұғалiм қызметiнiң алгоритмiн енгiзу;
мұғалiмдердi зерттеушiлiк оқытудың, шығармашылық қызметтiң, даралау және саралау тәсiлдерiнiң негiздерiмен таныстыру.
Сараптамалық талдауымыз мектептердiң оқу-тәрбие процесiнде жүзеге асырылды:
оқытудың интерактивтi тәсiлдерiне көшу;
зерттеушi мұғалiмдер мен сарапшы мұғалiмдердiң оқушылардың шығармашылық дамуын қамтамасыз ететiн авторлық оқу модульдерiн әзiрлеу, сынақтан өткiзу және тәжiрибеге енгiзу;
оқу-тәрбие процесiнде даму динамикасын қадағалау мақсатында оқушы тұлғасын кешендi түрде зерделеудi ұйымдастыру;
оқу-тәрбие процесiнiң нәтижелерiн жүйелi педагогикалық диагностикалау.
Сараптамалық жұмыс жүргiзу барысында педагогикалық ұжымның аса маңызды аспектiлерiнiң бiрi баланың толыққанды психикалық дамуына қажеттi жағдайлар жасау болып есептелдi.
Дұрыс психологиялық-әлеуметтiк дамудың негiзгi шарты болып баланың көңiл-күйіне, қажеттiлiктерiне аса абайлықпен қарайтын референттi (ықпалды) ересектердiң тыныш және жайлы ахуал жасауы танылды.
Осыған орай мектеп психологтарының алдына нақты мақсат қойылды: модульдiк оқыту технологиясының шығармашылыққа қабілеті бар оқушылардың жеке тұлғалық дамуына әсерiнiң сипатын айқындау.
Мектеп психологы атап көрсеткендей, жалпы алғанда оқу процесінде модульдік оқыту технологиясымен оқытылатын балалар әдеттегi оқыту жүйесi жағдайындағы балалармен салыстырғанда анағұрлым белсендiрек, яғни, психологиялық өлшемдердiң өзгеруiн талдау модульдiк оқыту технологиясының оқушылардың шығармашылығына жағымды әсер ететiнiн көрсеттi.
Сараптама аясында мектепте оқушылар шығармашылығының дамуын, жеке тұлғаның және мектеп ортасының дамуын қадағалау үшiн мынадай психологиялық мониторинг жүйесi жасалды (18-22 кестелер):
18 кесте – Оқу себептілігі (% есебімен)
Достарыңызбен бөлісу: |