Топырақ профиліндегі микроморфологиялық белгілер.
Топырақ профиліндегі
макроморфологиялық
белгілерді қару-
ланбаған көзбен оңай ажыратуға болатын болса,
микромор-
фологиялық
белгілерге сипаттама беру үшін
микроморфоло-
гиялық тәсілдер
мүмкіндігін қолдануды ұсынған немістің то-
пырақтанушысы В.Кубиенова және өте терең тұрғыдан талдау-
ға еңбек сіңірген ғалымдар Мюкенхаузен, Ярилова, Парфенова,
Добровольский болды. Бұл тәсіл негізінде топырақ шлифін
(нем. Schliff – 0,03 мм тау жынысы немесе минералдың әбден
жұқартылған пластинкасын зерттеу үшін поляризациялық
микроскоп тәсілін қолдану) бұзылмаған топырақ қабатынан
дайындалған арнаулы үлгіні
поляризациялы микроскоппен
зерттеу
.
Микроморфологиялық тәсіл
топырақтың
микроқұры-
лымы мен микроқабаттығын, саңылаулық сипаттамасын, то-
пырақтың жеке компоненттер
құрамының ерекшелігін
зерттеу. Шлифте топырақтың қаңқасы мен плазмасын (ұсағын)
жеке-жеке бөледі. Қаңқа минералдардан тұрады, 2 мкм-ден ірі.
Негізінен бұл топырақтың әртүрлі бірінші минералдары, плазма
бөлшектерінің диаметрі жұқа, 2 мкм-ден кіші болады. Плазма
балшықты минералдардан, силикатты емес екінші темір және
алюминий оксидтерінен, қарашіріктен (гумустан) тұрады, құ-
рамына байланысты балшықты, қарашірікті-балшықты, карбо-
натты-балшықты, темірлі-балшықты болып бөлінеді. Шлифтер-
де саңылаулылар сипаты жақсы байқалады, агрегаттық дәреже-
лері және әртүрлі жаңа түзілімдер, топырақтүзілу үдерісіне си-
паттама беретін дәлел болады.
Топырақтың кескіні мен қабаттарына толықтама
Топырақ зерттеуінің маңызды бөлігі — морфологиялық
белгілері бойынша топырақ кескінін сипаттау. Олардың көмегі-
мен топырақ түзуші үдерістің көрсетілу дәрежесі мен бағыты
туралы жобалап айтуға және топырақгы жіктеуге болады.
Морфология дегеніміз белгілі дәрежеде топырақтың хи-
миялық құрылымын, физикалық қасиетін аңғаратын, оның көзге
көрініп тұрған сыртқы белгілері. Негізгі морфологиялық белгі-
лерге: топырақтың ішкі құрылысы, генетикалық кабатының
қалыңдығы, түсі, механикалық құрылысы, құрылымы, жаңа
құрылымдар, қосындылар жатады. Төмен карай топырақтың
барлық қабаттарымен бірге жалпы түрінің ауысуы топырақтың
құрылысы болып аталады. Генетикалық қабаттар жиынтығы
топырақтың генетикалы кескінін құрады.
Біздің елімізде ТМД топырақ генетикалы қабаттар бел-
гісінің мынадай символдарын қолданады : An – жыртылатын,
Ао – орман төсеніші, Ag – шым, А – қарашірікті жинақтайтын,
А
1
– қарашірікті эллювиальді, А
2
– эллювиальді, В – иллю-
виальді, аралық, У – глейлі, С – аналық жыныс, Д – төсеніштік
тау жынысы. А
n
– жыртылатын, көп уақыт жерді өңдеумен өз-
герген, жыртылатын тереңдікте әртүрлі топырақ қабаттарынан
калыптасқан.
Ао – топырақ кескінінің ең жоғарғы жағы – орман жамыл-
ғысы немесе далалық шым, өсімдіктер түсімінің әртүрлі шіру
кезеңдері де көрсетілген.
А – қарашірікті, топырақтың минералды бөлімімен тығыз
байланысты, қарашірік түрінде органикалық заттар жиналатын,
топырақтың кескінінде ең күңгірт түсті қабат (қара, қоңыр,
ашық-сұр – бірнеше сантиметрден 1,5м-ге дейін).
А
1
– қарашірікті-аккумулятивті, құрамында ең көп органи-
калық заттар болатын қабат.
А
2
– күлгін немесе солодьтелген, эллювиальді, астындағы
қабаттарға шайылу арқылы, (ашық түсті, кұрылымсыз, қара-
шірігі аз, т.б.) топырақтың минералды бөлімінде сілтілі немесе
қышқыл бұзылуы арқылы қалыптасқан қабат.
В – иллювиальді қабат. Ол жақсы құрлымды, ауырланған
және тығыздалған қоңыр кабат .
В
1
– қабатта қарашіріктің түсі басыңқы.
В
2
– қабаттың қарашірікті түсі аздау және біркелкі емес.
В
3
– қарашірінді ағындардың аяқталуы.
У – глейлі қабат – ылғалы артық жағдайларда қалыпта-
сады, түсі көкшіл – сұр немесе кірлі жасыл, тұсталған және
жабысқақ.
С – аналық жыныс, топырақ құрылу үдерісі тимеген.
Д – төсенішті тау жыныс аналық жыныстан төмен орна-
ласқан және қасиеттері өзгеше қабат.
Одан басқа А
2д
, В
д
– белгілері болады, д – глейлену белгісі
– сол қабатта, К –карбонаттық белгісі, С – тез еритін тұздардың
жиналымы, Һ – иллювиальді (шайылымды) қарашірік жинағы, г
– гипс жинағы. (1.2)
Достарыңызбен бөлісу: |