белгі жүйелер
, цифрлық индекстер арқылы
белгіленетін латын алфавитінің басқы әріптері.
Біздің елімізде ТМД топырақ генетикалы қабаттар белгі-
сінің мынандай символдарын қолданады:
Аn
–
жыртылатын,
Ао
–
орман төсеніші, Ag
–
шым, А
–
қарашірікті немесе қара-
шірікті-аккумулятивтік қабат, ол профилдің үстіңгі қаба-
тында түзіледі және оның ерекшелігі қарашірік пен қоректік
заттардың мол болуы.
А
1
– қарашірікті-элювиальді қабат, бұл да А – қабатына
ұқсас, бірақ одан айырмашалығы морфологиялық белгілерінің
бұзылу үдерісінің байқалуы мен минералдық қосындыларының
жуылуы. Қарашіріндінің түзілуі мен гумификация нәтижесінің
әсерінен А және А
1
қабаттарының түстері басқа қабаттарға
қарағанда қаралау болып келеді, қарашірік мөлшері және оның
құрамына байланысты оның түстері қара немесе қоңыр
бояулардан күңгірт-сұрға дейін өзгереді.
А
2
– элювиальді қабат топырақ профилінің жоғарғы бө-
лігінде топырақтағы минералды бөліктің қышқыл әсерінің нәти-
жесінде бүлінуі және сол бүлініп-бөлшектенген өнімдер мен
иленген бөлшектердің төменгі қабатқа жуылып шоғырлануы
кезінде пайда болып түзілетін қабат. Оның түсі едәуір ашықтау
болады және әр топырақта әртүрлі дәрежеде ауытқиды. Барлық
элювиальдық қабаттардың морфологиясы, құрамы және қасиет-
тері, генезисіне яғни шығу тегіне қарамастан бір-біріне ұқсас
келеді. Қарашіріктің, темір қосылыстарының және басқа бояу-
шылар заттарының, сонымен қоса кварцтың жиналған қалдық-
тары, аморфтық кремнезем және басқа ашық түсті минералдар-
дың жуылуы элювиальды қабаттардың ашық түстілігіне себеп
болады.
В – иллювиальдік немесе өтпелі қабат элювиальды немесе
қарашірікті қабаттың астында профилдің орта және төменгі
қабатында қалыптасады. Оған жоғарғы қабаттан жуылып барған
аз мөлшерде болса да әртүрлі заттар жиналады. Оның құрамын
жоғарғы қабаттағы жыныстармен салыстыратын болсақ, бұл
қабат
илмен
(ұсақтығы батпақ бөлшектерінің мөлшеріндей), то-
тықтармен және басқа жылжымалы минералдармен, органо-
минералдармен және органикалық заттармен байыған қабат.
Иллювиальді қабатқа жиналған заттардың мөшеріне байланыс-
ты оларды келесідегідей түрлерге бөледі:
В
h
– иллювиальді - қарашірікті (құрамындағы қарашірікті
заттар жуылуға бейім);
В
1
– иллювиальді - балшықты (өте ұсақ балшықты бөл-
шектер);
В
Fe
– иллювиальді-темірлі (темірлі қосылыстар);
Вк – иллювиальді-карбонаттық (карбонатты); Вs – иллю-
виальді-тұзды (сульфаттар, хлоридтер); Всs – иллювиальді-
гипсті (гипс) және тағы басқа.
Кейбір топырақтарда (қара, қара-қоңыр топырақтар), бұл
топырақтарда алюмосиликаттық минералдық бөлшектердің
көшпелі үдерістері жоқ болғандықтан В қабаты иллювиальді
болмайды, сондықтан В қабаты қарашірікті-аккумулятивті қа-
баттан топырақтүзуші жынысқа бағытталған өтпелі қабат.
Негізінен барлық иллювиальді қабаттардың механикалық құра-
мы төмен жатқандарға қарағанда ауыр балшықты. Олар беріктеу
нығыздалған, ірі призмалы, кесекті, ал кейде бағана құры-
лымды.
G – глейлі қабат, аэрациясы нашар және өте ылғалды
топырақта болатын құбылыс. Оттегі жетіспегенде топырақта
тотықсыздану үдерісі жүріп, темір тотығы мен маргенец және
басқа элементтердің болуынан топырақтың күлгін, көк, жасыл-
сұр және басқа түстерге боялу құбылыстары жүреді. Глейлі құ-
былыс кез келген топырақ қабатында кездесу мүмкіншілігі мол
болғандықтан негізгі қабат символына (белгі) g қарпі қосылады,
мысалы Аg, Вg, Сg.
С – аналық топырақтүзуші жыныс, одан түзілген топырақ-
тағы тау жынысының топырақтүзу үдерісі жаңадан басталған.
D – төсеніш жынысы – тау жынысы, әдетте аналық жы-
ныстан төмен орналасады. Егер топырақ профилінің жоғарғы
және төменгі бөліктері әртүрлі жыныстарда қалыптасатын болса
төсеніш белгілері анық байқалады. Егер бүкіл аналық тау жы-
нысы топырақтүзілу үдерісімен қамтамасыз етілген болса, онда
төсеніштік қызметін атқаратын жыныс тек топырақ астында
ғана жатады, яғни С – аналық жыныс қабатының астында бо-
лады.
Аталған қабаттардан басқа әртүрлі өтпелі қабаттар бай-
қалады, оларда жақын жатқан қабаттардың қасиеті байқалады,
мысалы: А
2
В, АВ, ВС, т.б., сонымен қоса торфтық қабаттар
болады, ол Т әрпімен белгіленеді.
Әр профильдік қабат астыңғы қабатшаларға бөлінуі
мүмкін, мысалы: А
1
А
2
А
3
, В
1
В
2
В
3,
С
1
С
2
,т.б.
Топырақтың генетикалық қабатынан басқа топырақ
профилін құратын жер астындағы су қабаты жатады.
Топырақ қабатын белгілеуге арналған басқа да символ
(белгі) жүйелері бар.
Топырақтың жалпы және жеке қабаттарының қалыңдығы.
Топырақтың жалпы қалыңдығы дегеніміз оның үстіңгі қабаты-
ның аналық тау жынысының сәл де болса топырақ түзуші белгі-
сіне дейінгі аралық. Әр топырақта ол әртүрлі, яғни бірдей емес:
тундралық топырақта 25-30 см-ден аспайды, кейбір қара топы-
рақта 200-300 см. Көптеген топырақтың қалыңдығы 40-50 және
100-150 аралығында ауытқиды.
Генетикалық қабатттардың қалыңдығы да барлық топы-
рақта бірдей емес: ол бірнеше сантиметрден бір метрге немесе
одан да көп деңгейге ауытқуы мүмкін. Топырақты зерттегенде
әдетте әр қабаттың, қабатшаларының жоғарғы және төменгі
шекараларын белгілеп алады. Мысалы оңтүстік қара топырақтар
үшін: А (0-25 см), В
1
(25-50 см), ВС (50-80 см), С (80 және
төмен); күлгін топырақтар үшін : А
0
(0-5 см), А
2
(5-35 см), В
1
(35-60 см), В
2
(60-90 см), ВС (90-120 см), С (120 см және төмен),
т.б. Топырақтың қалыңдығын және төменгі, жоғарғы шекарала-
рын белгілеуге болады, мысалы: А
0
0-5 см, А
2
5-35 ж.б. Мұндай
жазулар арқылы қабаттың қалыңдығын ғана емес, сонымен
қатар оның қандай тереңдікте жатқанын білуге болады. Бүкіл
топырақ қабатын білу тек қана оның топырақтүзілу үдерісінің
қарқындылығы ғана емес топырақтың құнарлық дәрежесі тура-
лы да мағлұмат береді. Мысалы, қарашірік қабаты қалыңды-
ғының барлығы ондағы қарашірік қорының молдығы мен
топырақтағы қоректік заттардың көп мөлшері, топырақтың құ-
нарлығы жоғары екеніне дәлел келтіреді.
Топырақтың түсі – С.А.Захаров пікірі бойынша топырақ-
тың бояуында ең маңызды болып саналатын заттар үш топқа
бөлінеді: 1. Қарашірік 2. Темір қосындылары. 3. Кремний қыш-
қылы, көмір қышқылдары, әк және каолинат.
Бұлар топырақтағы морфологиялық көріністердің ішінде
ең негізгі белгілер болғандықтан оңай байқалады. Топырақ түсі
топырақтүзілудің табиғи жағдайына, оның химиялық құрамына,
(қарашірік мөшеріне, темір, марганец, алюминий, кремнезем,
кальций карбонаты қосындыларына, т.б. байланысты). Топырақ
қара, қызыл, қоңыр, ақ және сұр түстердің араласып келуіне
байланысты аталады. Топырақтың түстері оның химиялық
құрамына байланысты болады. Сондықтан кейбір топырақтар
қара, қара-қоңыр, сұр, ашық-сұр топырақ болып бөлінеді. То-
пырақ және оның қабаттарының түстеріне әсер ететін негізгі
құрамдар: гумус заттары. Олар топыраққа қара немесе қара-
қоңыр түс береді.
Топырақ қарашірігі көбейген сайын топырақтың түсі де
қарая түседі. Топыраққа темір мен марганец күңгірт және қызыл
түс береді. Ақшыл және ақ түс күлгіндену (шайылу нәтижесінде
топырақты минералды бөлімдерімен және бұзылу өнімдерімен
өзгертуі), тұздалған, карбонатталған үдерістерге байланысты,
яғни топырақтағы кремнезем, каолинат, кальций және магний,
көмір қышқылына, гипске және басқа тұздардың болуына бай-
ланысты.
Көбінесе топырақ түсі бірнеше бояудан құралады
(мысалы: сұр-қоңыр, ақшыл сұр, қызыл-қоңыр, т.б.).
Топырақтың бояуын анық бір түспен айту қиын,
сондықтан да негізгі түске анықтама қосылады. Оның басым
түсі соңына қойылады. Мысалы, қара-қоңыр, сары-құба, ашық-
сары деген сияқты.
Топырақтың, түсі біртекті (қара, ақ, сары, қызыл) және
біртекті емес (ақтау, сұрша, қоңырлау, қара-қоңыр, қара-күрең,
ашық-сұр, т.б.) болуы мүмкін. Сонымен қатар нәрсе топырақ
қабатының түсі оның ылғалдылығына және жарықпен қам-
тамасыз етілуіне, құрылым күйіне байланысты. Мысалы бір
түсті топырақтың өзі кейде кебу кезінде қара түсті, ал ылғалды
кезінде сұрға боялған тәрізді болады. Сол сияқты құрылымсыз
(шаңды) күйдегі топырақ ашықтау болып көрінсе, кесекті және
дәнді топырақ қаралау болып келеді. Сондықтан топырақ түсін
анықтауда мұқият болып, жан-жақты тексерілуі керек.
Топырақ түсінің практикалық маңызы үлкен. Оның қаба-
тының қалың қара түсті болуы қарашіріктің молдығын көрсетсе,
ал көкшіл немесе көк түс топырақтың батпақтануын аңғартады.
Мұндай жерлерді пайдалану күрделі мелиоративтік жұмыс-
тарды қажет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |