бұзады, оны дисперсиялайды; натрий коллоидтары гидрофильді,
жылжымалы, тұздары ериді.
Кальций мен магний катиондары қаратопырақтардың
сіңіру кешенінде басым болады және оларға бейтарапқа жақын
реакция береді. Олар жақсы коагулятор ретінде, топырақтарда
органикалық заттардың бекінуіне септігін тигізеді, өте құнарлы
топырақтардың сіңіру кешеніне кіреді. Олардың коллоидтары
гидрофильді, қайтымсыз. Топырақ құрылымы суға берік.
Темір катионы қышқыл топырақтардың топырақтық сіңіру
кешеніне кіреді. Ол жақсы коагулятор, топырақ құрылымына
беріктік береді, фосфор қышқылының анионымен нашар дис-
социацияланады және нашар еритін қосылыстар түзеді. Гельдері
қайтымсыз, гидрофобты. Аниондары топырақта шамалы тұты-
лады, олардың кейбіреулері (P
2
O
4(3)
- және SO
4(2)
-
) топырақта
суда ерімейтін тұздар түзеді, ал Cl
-
және NO
3(2)
–
егерде өсімдік
тамырларымен тұтылмаса, көбінесе топырақтан шайылып
кетеді.
Достарыңызбен бөлісу: