Алғашқы минералдар.
Химиялық құрамы жағынан тау
жыныстарындағы алғашқы минералдар – негізінен элемент-
тердің оттегі қосылыстары, тотықтар мен силикаттар. Тотық-
тарға кварц SіO
2
, гепатит Fe
2
O
3
, магнетит F
3
O
4
, рутил TіO
2,
т.б.,
ал силикаттарға дала шпаттары, слюдалар, пироксендер, амфи-
болдар және оливиндер жатады. Кварц – ең кең тараған мине-
рал. Жер астынан анықталған, шөгінді, үйінді және топырақ
құрамындағы тау жыныстарында ол 25-40% мөлшерде, ал
кварцты құмдар мен құмтастарда 90 %-дан астам мөлшерде
болады. Кремний оттегі қосылысы бекем қаңқалы құрылым
түзгендіктен, үгілу құбылыстарына да берік болады. Сондықтан
олар топырақтардың элювиалді қабаттарында қалдықты мине-
рал ретінде көп кездеседі. Топырақта гематит пен рутин не бары
0,5% - дай ғана.
Силикаттар – көп таралған минералдар тобы. Мұнда да
кремний оттегі қосылыстары SіO
4
, берік төртбұрышты қаңқалы
құрылым құрап, басқа иондар арқылы жалғасады.
Қаңқалы силикаттар тобына көп тараған дала шпаттар
минералдары жатады. Олардың қаңқаларының ортасында крем-
ний және алюминий иондары орналасқан. Ал төртбұрышты қаң-
қалар кальций, натрий және калий иондарымен жалғасқан. Дала
шпаттары SіO
2
:AІ
2
O
3
қатынастары 5–6-ға тең болған жағдайда
қышқылды, ал ол қатынас 2-3-ке азайған кезде негізді болып
саналады. Қышқылды дала шпаттары құрамында калий мен
натрий бар. Олардың қатарына кең тараған калий дала шпаты –
ортаклаз немесе микроклин K (AІS
3
O
8
) және натрийлі дала
шпаты - альбит - NaAІS
3
O
8
, ал негізгі дала шпаты қатарына
анортит Ca (AІ
2
Sі
2
O
8
) жатады.
Достарыңызбен бөлісу: