Орта Азиядағы, сұр топырақта қара шірінді мөлшері
1-2%, ал құнарлы, кәдімгі қара топырақтарда 7-8%.
Құнарлы, қара топырақты жерлерде өсетін өсімдіктерді –
эутрофты
(немесе эвтрофты), ал
құнарсыз топырақта өсетін-
дерді
олиготрофты
өсімдіктер деп атайды. Бұлардың арасында
аралық
мезотрофты
түрлері бар.
Жасыл өсімдіктердің өсіп дамуына азоттың әсері орасан
зор. Бірақ өсімдіктер ауадағы инертті газ күйінде болатын азот-
ты (N
2
) пайдалана алмайды. Өсімдіктер топырақтағы аммоний
(NH+) және нитрат (NO
3
) тұздарын сіңіре алады. Бірақ, топырақ
ерітіндісінде нитраттардың мөлшері өте аз. Осыған сәйкес,
топырақта азоттың көбірек болғанын қалайтын,
талап ететін
өсімдіктерді –
нитрофилдер
, ал топырақта азот аз мөлшерде
болатын жерлерде өсетін өсімдіктерді –
нитрофобтар
деп атай-
ды. Нитрофильді өсімдіктер орман таңқурайы (Rubus іdaeus),
қызыл аюбадам (Sambucus racemosa), құлмақ (Humulus lupulus),
адамзат мекеніндегі органикалық қалдық бар жерлерде өсе-
тіндер: сүйелшөп (Chelіdonіum majus) меңдуана (Hyoscyamus
nіder), қалақай (Urtіcfa dіoіca), тәжігүл (Amaranthus retroflexus), т.б.
Калций (Са) топырақ құрылымын (структурасын) жақсар-
тады, ауыр металдар мен хлоридтердің зиянды әсерін залал-
сыздандырады. Карбонатты топырақтарда Са 3 % және одан
жоғары болса оны кальцийге бай топырақтар деп атайды. Осын-
дай жағдайда өсетін өсімдіктерді –
кальциефилдер
деп, ал
кал-
ций аз (әк аз) топырақта өсетіндерді –
кальциефилсізденгендер
деп атайды.
Жер шарындағы топырақтардың шамамен 25%-ы, ал
Қазақстандағы топырақтардың көпшілігі тұзданған. Тұздардың
ішіндегі ең зияндылары, оңай, жылдам еритін NaCl, MgCl
2
,
CaCl
2
тұздары. Нашар еритін CaSO
4
MgSO
4
CaCO
3
тұздарының
зиянды әсері аздау.
Топырақтағы тұздар құрамына және мөлшеріне байланыс-
ты тұздылық деңгейі анықталады. Тұздардың құрамына байла-
нысты топырақтың тұздану түрлері (типтері) төмендегідей:
сульфатты – содалы, хлорлы – сульфатты, сульфатты – хлорлы
және хлорлы.
Егер топырақ қабаттарында
оңай еритін тұздар мөлшері
0,25% -дан төмен болса, ол тұзсызданған топырақ. Егер топы-
рақтың жоғарғы қабаттарында тұз мөлшері 1% және оданда
жоғары болса – бұл күшті тұзданған (қара сор) топырақ.
Осындай тұзданған топырақты жерлерде бұған бейім-
делген
Достарыңызбен бөлісу: