Ферменттер
– тірі ағзалар (өсімдіктер, микроағзалар) де-
несінде түзілетін ақуыз − табиғатта биологиялық ашытқы. Олар
зор, айнымалы және арнайы әрекеттілігімен сипатталады; заттар
алмасуында маңызды қызмет атқарады, яғни клеткада өтетін
биохимиялық үдерістердің шапшаңдығы мен бағытына себеп-
теседі. Өсімдік тамырларынан және төменгі ағза клеткалары
еруінен соң топыраққа бөлініп шығатын ферменттер көп уақыт
өзінің белсенділігін жоғалтпай, ондағы биохимиялық, үдеріс-
тердің үдемелігі топырақ құнарлылығы мен белсенділілігінің
қосымша көрсеткіші болып саналады. Д.Звягинцей (1978) топы-
рақтың (1г) ферменттерге қанған дәрежесін бағалау үшін ар-
найы шкала ұсынған (5-кесте).
Ферменттерді зерттейтін ғылымды ферментология немесе
энзимология дейді. Бірінші ферментті орыс химигі К. Кирхгофт
ашқан (1814). Топырақ ферменттерін зерттеуге
В.Купревич, Д.Звягинцев, А.Галстян, Ф.Хазиев, т.б. ға-
лымдар үлес қосқан. ҚР-сы ғалымдары да оған назарын аудар-
ған (Шолақов, Кашинская, Кузнецова, Мамугов, Тәжина,
Тазабекова).
Барлық ферменттер үлкен екі топқа жатады. Бір құрамды
фермент тек ақуыздан, ал екі құрамды фермент - апофермент
(белок тасушы) ақуыздан және простетикалық (белсенді) топты
бейақуыз бөліктен тұрады. Халықаралық биохимия одағының
ұсынысынша ферменттер 6 класқа бөлінген: оксидредуктазалар,
трансферазалар, гидролазалар, лигазалар, изомеразалар, лига-
залар.
Оксидредуктазалар тотықты – шала тотықты реакция-
ларды катализдейтін (үдету) ферменттер, тірі ағзалар клеткала-
рымен топырақтағы биохимиялық реакцияларда жетекші рөл
атқарды. Ал тотықты – шала тотықты реакциялар болса топы-
рақта қара шірінді заттар түзілу үдерісінің негізгі буыны. Топы-
рақта мынандай оксидредуктазалар кең тараған: каталаза, дегид-
рогеназа, пероксидаза, фенол -оксидаза, т.б. ферменттер. Бұлар-
дың тіршілік қарқыны топырақ жаратылысы (генезис) мен бел-
сенділігінің маңызды көрсеткіші.
Каталаза қатысуымен органикалық заттар ыдырағанда бө-
лініп шығатын тотық Н
2
О су мен молекулалық оттегіне то-
тығады.
Топырақтағы ферменттер әрекетінің көрсеткіші. 11-кесте.
Ферменттер, анықтау
Көрсеткіші
қану дәрежесі
шамалы
орташа
толық қанған
Каталаза, О
2
см
3
/г/мин
Дегидрогеназа
1-3
3-10
10-30
Мг ТФФ 10-г-ға 24 сағ.
инвертаза,1-ға
1-3
3-10
10-30
Глюкоза мг-ы 24 сағ.
5-15
15-50
50-150
Уреаза, мн NH
3
10 г-ға
24 сағ.
3-10
10-30
30-100
Фосфатаза, мг Р
2
О
5
10-
г-ға сағатына
0,5-1,5
1,5-5,0
5-15
Топырақ құнарлылығымен ауылшаруашылық дақылдары
өнімін көтеруде биологиялық үдерістердің рөлі зор. Оларды
үдететіндерге (катализаторлар) ферменттер жатады. Энзимдер
(ферменттер) топырақ құрау үдерісінің бағытымен қарқынын
анықтайды, сондай-ақ топырақтар дамуы (эволюция) мен құнар-
лану деңгейіне ықпалы үлкен.
Республика территориясының кеңдігі, топырақтың әртүр-
лілігі, олардың ферменттік белсенділігі сәл зерттелгені және
оған агроэкологиялық жағдайлардың тигізетін әсері зор. Бұл
проблеманың актуалдылығы анықталды.
Е. Тазабекова бірінші аймақтық және ішкі аймақтық
Республика топырақтарының ферменттік белсенділігіне жүйелі-
экологиялық талдау жасаған. Тегіс құрлықта ферменттік потен-
циалдың (қор) қалыптасуы ендік (көлденең), ал таулы облыста
– тік (биіктік) аймақтылық заңдылығына бағынған.
Гидротикалық және дигидроназа ферменттерінің ең жоға-
ры белсенділігі қара топырақта болған. Тегіс жерде одан оңтүс-
тікке ( қарақоңыр және қоңыр топырақтарға) жылжыған, ал
таулы жерде абсолюттік биіктік төмендеген сайын, ферменттік
белсенділік те төмендейді. Каталазаның ең биік белсенділігі
күңгірт қарақоңыр топыраққа тән. Тегіс құрлық топырақтарына
қарағанда, тау топырақтары көтеріңкі энизимдік белсенділігімен
сипатталады. Ферменттік үдерістердің бағыты және қарқыны
жағынан ішкі аймақтық (сортаңдаған) топырақтардың, нағыз ай-
мақтардан біраз айырмасы бар. Тегістік және таулық Қазақстан
топырақтарының ферменттік потенциалы (қоры) анықталған,
сондай-ақ инвертаза белсенділігіне қарай топырақ биодиагнос-
тикасын (биоанықтау) топтау (градация) ұсынылған. Топырақ
құнарлығын көтеруге арналған агротехникалық, агрохимиялық
және мелиоративтік шаралардың ферменттік белсенділікке тигі-
зетін ықпалы зерттелген. Минералдық және органикалық
тыңайтқыштардың тиімді (оптималды) нормалары,топырақ
қорғаушы өңдеу жүйесі мен ауыспалы егістерді игеру фер-
менттік үдерістерді үдетуге әсер етеді. Топырақты ауыр метал-
дармен (марганец) ластау, ферменттік үдерістерді басады. Агро-
ценоздық топырақтардың ферменттік белсенділігінің теориясы
агроэкологиялық және ҚР негізгі топырақтарының ферменттік
белсенділігінің жұмыстық үлгілері жасалады.
Топырақтың ферменттік белсенділігі оның құнарлық
элементтері мен шаруашылық дақылдар өнімділігі арасындағы
тығыз байланыс (корреляция) бары табылған. Іле Алатау топы-
рақтарындағы ферменттер Е. Тазабекова зерттеулерінше (1978–
1982жж.), жан - жақты және белсенділігі біркелкі емес (18-
кесте). Каталаза ферментінің қара топырақта 0,6-дан (65-80см)
5,9 -ға О
2
см
3
/г/ мин. (0-6см), ал егістік топырақта оның саны
кескін бойы көтеріңкі және біркелкі 0-80см -де 4,6-дан 6,2-ге
дейін ауытқиды; бұл заңдылық күңгірт қарақоңыр топырақтарда
сақталған, яғни тың учаскіде каталаза саны топырақтың 0 – 70см
-лік тереңдігіне дейін байқалады (3,7-8,5).
Егістіктің ашық қарақоңыр топырағында, тыңға қарағанда,
каталаза белсенділігі жоғары – 0-75см -ге сәйкес, 6,2-ден 11,3-ке
және 5-тен 9,7-ге дейін ауытқиды. Бұл тәртіп құба топырақ кес-
кінінде де (саны төмендеу болса да) сақталған, 0-50см-де сәйкес
4-тен 8,8-ге және 5-тен 6,4-ке дейін. Сипатталған Іле Алатауы
топырақтарынан, өзінің көтеріңкі каталаза белсенділігі мен
(15,8) Солтүстік Қазақстанның кейбір (солонец) топырағы ерек-
ше тұр. (Кузнецова, 1974). Бұған сілтілі орта себептесуі мүмкін.
Фосфорорганикалық қосындылардың ыдырауы төменгі
ағзалар қатысуы және гидролитикалық ферменттер ықпал етеді.
Органикалық фосфаттар гидролизінің (ыдырау) бастапқы кезеңі
нуклеза, лицитаза, ал топыраққа тиімді Р
2
О
5
бөліп шығаратын
үдерістің соңғы кезеңі фосфатаза ферменті қатысуымен өтеді.
Бұл фермент белсенділігі Іле Алатауы күңгірт қарақоңыр топы-
рағының жоғарғы қара шірінділі жиегінде (горизонт) көтеріңкі.
Тыңда 14,4-тен 28,8-ге, егістікте - 25,2 мг Р
2
О
5
-ке тең.
Аталған фермент "басқа топырақтарда 24-тен аспайды, тек
таулық қара типте сәйкес 6,6-дан (егістік) 11,7-ге дейін (тың)
көтерілген". Солтүстік Қазақстан кебірінің тозаңға бай, өтпелі В
жиегінде фосфатаза белсенділігі тым жоғары 28-38 мг Р
2
О
5
100г топырақта.
Іле Алатауы топырақтарының ферменттік белсенділігі (сызық
үстінде – тың, астында – егістік топырақ сандары) 12-кесте
Достарыңызбен бөлісу: |