ылу), керісінше тұнбадан ерітіндіге көшуін пептизация (быты-
ау) дейді. Коллоидтардың бір күйден екіншісіне көшуі қайта-
анатын немесе қайталанбайтын болады. Топырақтың қалыпта-
уына коллоидтар коагуляциясының маңызы үлкен. Өйткені
коллоидтар топырақта тек золь (ерітінді) күйінде жылжып,
жиыла алады да, гель (тұнба) күйінде топырақта бекиді.
Коллоидтар топырақтың қандай жағдайы болса да, қызғанына
немесе кепкеніне, суығына қарамай коагуляцияланады. Бірақ
коагуляция үдерісінде электролиттердің де (тұздар, қышқылдар,
негіздер) әсері зор. Электролит дегеніміз заттар суға ерігенде оң
немесе теріс зарядты иондарға бөлінуі. Коагуляция электроит-
ердің ең аз «коагуляция босағасы» деп аталатын қоюлануында
өтеді. Топырақтағы коллоидты бөлшектер электр зарядты (көбі-
есе олар теріс зарядты). Коагуляциялану қасиеті катиондардың
валенттілігіне, оның атомды салмағына байланысты. Белсенді
коагулянттарға үш валентті темір мен алюминий, содан кейін
екі валентті кальций мен магний жатады.
Топырақ сіңіру қасиетінің оның құнарлығына әсері өте
зор. Топырақ әртүрлі заттарды өзіне сіңіріп, (әсіресе өсімдік
тіршілігіне керекті заттарды ұстап қалу арқылы) құнарлығын
арттыра түседі. Осы сіңірілген заттардың ішінде өсімдіктерге
қажетті негізгі макроэлементтер: азот, фосфор, калий, кальций-
ермен қатар, аз да болса көптеген микроэлементтер кездеседі.
Сондықтан да топырақтың физикалық қасиеттері де әртүрлі
болады. Әдетте, құрамында кальций катионы бар топырақтар-
дың физикалық қасиеттері жақсы, ал құрамында натрий катио-
ны бар топырақтардың физикалық қасиеттері өте нашар, сортаң
топырақ болып келеді. Ал топырақ құрамында CO3, CL, SO4
иондары мол болса, ондай топырақтар өсімдіктер үшін улы,
онда ештеңе өспейді. Олар сорланған, сор, тұзы мол топырақ-
тарға жатады. Бұл топырақтарды егістікке пайдалану үшін оның
тұзын шайып, мелиорациялау керек.
Достарыңызбен бөлісу: