медициналық гельминтология-жалпақ және жұмыр, құрттар типінің адам паразиттерін;
медициналық арахноэнтомология-буынаяқтылар типінің адам ауруларын тудырушы, не табиғи резервуарлары болып келетін өкілдерін (кенелер) зерттейді.
4. Паразиттер — нағыз паразиттер, жалған паразиттер, уақытша және тұрақты паразиттер болып бөлінеді. Нағыз паразиттер иесінің денесі- мен едәуір уақыт бойына байланыскан. Бұл жағдайда паразиттік тіршілік ету тарихи қалыптасқан және түрдің ерекше белгісі болып саналады. Жалған паразит дегеніміз еркін тіршілік: ететін түрдің кейбір өкілдері кездейсоқ басқа бір түрдің дарасына еніп оның қалыпты тіршілігін бұзуы. Мысалы, шыбындар дернәсілдерінің адам ішегіне енуі.
Уақытша паразиттер (негізінен қан сорғыш буынаяқтылар) өздерінің өмірінің шамалы ғана уақытын иесінің денесінде өткізеді, ал қалған уақытта еркін тіршілік етеді.
Тұрақты паразиттер — салыстырмалы тұрақты және шартты тұрақты паразиттер болып бөлшеді. Салыстырмалы тұрақты паразиттер иесінің денесінде өзінің даму циклінің бір-ақ кезеңін өткізеді, ал қалған кезендеріңде еркін тіршілік етеді.
Шартты тұрақты паразиттер - өздерінің барлық өмірін иесінің денесінде өткізеді; олар еркін, яғни қожайын денесінен тыс, тіршілік ете алмайды. Иесінің денесінде орналасуына қарай паразиттерді эктопаразиттер және эндопаразиттер деп бөледі.
5. Паразитология өз алдына дербес ғылым ретінде XIX ғасырдың екінші жартысында бөлініп шыққан. Бұл кезде адамның кейбір қауіпті және кең таралған ауруларын (безгек, лейшмания, амебиаз т.б.) тудыратын паразиттер және таратушылар ашылып, анықталып, олардың даму циклдары зерттелген болатын.
6. Паразитология ғылымының қалыптасуына және дамуына орыс ғалымдары үлкен үлес қосқан. Мысалы, Г.Гросс адамның паразиттік амебасын, Д.Ф. Лямбль лямблияны ашты, А.П. Федченко бірнеше паразиттік құрттарды зерттеген. И.А. Порчинский сонаның, масаның, шыбындардың паразиттік ауруларды таратудағы рөлін анықтаған, Н.А. Холодовский биттерді зерттеген.
Паразитология ғылымының, әсіресе гельминтология саласының дамуында, К.И. Скрябиннің рөлі өте зор. Ол дүние жүзінде тұңғыш болып КСРО-да гельминтология институтын ұйымдастырған.
Сол сияқты, паразитологияның дамуында Е.Н. Павловскийдің де еңбегі ерекше. Ол арахноэнтомология саласында көп еңбек еткен, паразитоценоз, трансмиссивтік аурулардың таби-ғи ошақтары туралы ұғымды қалыптастырған. В.А. Догель экологиялық паразитологияны дамытқан.
7. Паразитология ғылымы Қазақстанда 1925 жылдан бастап дамып келеді. Осы жылы Алматыда өлкелік мал дәрігерлік-бакте-рологиялық институты құрылып, 1926 жылы оның құрамында гельминтология, 1935 жылы протозоология бөлімі ұйымдастырылды. Қазақстанда паразитология ғылымының дамуына ат салысқан зоологтер — Л.С. Берг, И.А. Долгушин, А.А. Слудский, М.И. Мариковский, М.Д. Зверев, Т.Н. Досжанов, И.Г. Галузо, Е.Н. Боев, А.Бекенов т.б.
8. Иесінің денесінде орналасуына қарай паразиттерді эктопаразиттер және эндопаразиттер деп бөледі.
Достарыңызбен бөлісу: |