Оразымбетова Анар Дауылбаевна «Тиімді оқыту» пшо жм филиалы Есеп


Қалыптастырушы бағалау əдіс-тəсілдерін енгізу туралы рефлексиялық есеп



бет6/8
Дата25.01.2022
өлшемі1,41 Mb.
#114665
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Оразымбетова А.Д. Word
Сбакты зерттеу кадамдары
Қалыптастырушы бағалау əдіс-тəсілдерін енгізу туралы рефлексиялық есеп
Бағалау-одан арғы оқу туралы шешім қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін белгілеу. Сыныптағы бағалаудың артында кез-келген баланың дамуы, оқуы, және ынтасы және оқушының өзін-өзі бағалауы, қабілеттілік және оның күш-жігері сияқты құндылықтар қатары жатыр[1,51б.] деген пікірдің өзектіекендігін түсіндім.

Бағалаудың мақсаты әрқашан білім алушының қандай деңгейде тұрғанын, не жасау керек екендігін, алға қойылған мақсаттарға қалай жету керек екендігін білу. «Бағалау» терминінің«жақын отыру» дегенді білдіруі жәйдан жай емес. Жақын отыру арқылы басқа адамның не айтып, не істегенін, дербес ойлауын, түсінігін алаңсыз бақылауды жүзеге асыруға болады[1, 52 б.]. Жоғарғы оқу орнындағы іс-тәжірибемде қалыптастырушы бағалау идеяларын жүзеге асыру барысында өзара бағалау, өзін-өзі бағалау, «Бес саусақ» әдісі, Білім теңізіне қайықты жібер, BLOB ағашы, тест әдісі, Kahoot, ынталандырушы тәсілдер, дескрипторлар арқылы бағалауды қолдандым. Бұл аталған әдістер арқылы модуль идеясын ашуға тырыстым.

Сабағымды аудиторияны жұмысқа дайындау мақсатындатілек тілеу, комплимент ойынын жүргізуден бастадым және топқа бөлуді гүл ұсыну арқылы жүргіздім.Бүгінгі сабақта топ студенттерінің көбісі белгігі жағдайларға байланысты сабаққа қатыспауына тура келді. Жоспар бойынша топ беске бөлінді.

Бұл сабақты дескрипторлар бойынша бағалауды жөн көрдім.

Бұл алынған сабағымыздың тақырыбы «Педагогикадағы жеке тұлға мәселесі» топтарға «Ақылдың алты қалпағы» бойынша түзілген тапсырмалар, «Микс» жаттығуы сабағымыздың негізгі бөлімінде орындалды.

«Эссе» немесе «Еркін әнгіме» әдісіарқылы бағалауда нақты дескрипторлар тақтаға алдын –алаілінді, студенттерге соны басшылыққа ала отырыпжұмысты орындау тапсырылды және дескрипторлар бойынша 100 балдық жүйе бойынша бағалатыны түсіндірілді.




Дескриптор

Балл бойынша бағалау

проблеманы ғылыми деңгейде талқылай алады

25 балл

ақпаратты жүйелі, нақты жеткізе біледі

25 балл

мазмұнды жеткізе алады

25 балл

тақырып аясында нақты деректер келтіре алады

25 балл

Студенттер нақты ғылыми ақпараттарға сүйенген, теориялар, пікірлер зерттеуші авторларға(Платон, Аристотель, Выготский т.б.) қарай бұл ұғымның мәнін ашқан, проблеманы зерттеуде жүйелі, мәнін ашып көрсететін білім зерделенген. Тақырып бойынша нақты ғылыми фактілер келтірген, деректер қоры проблеманың зерттелу жайын ашып берген.

Эссе мазмұны сабақ тақырыбын қамтыды, жеке тұлға дамуын бейнелі суреттеу арқылы сыни ойлауды жүзеге асырған. Оның мазмұнында дамудағы қайшылықтар, проблемалар, адамзаттық құндылықтар идеялары келтірілген. Мазмұн берілген дескрипторларға сәйкес берілген, нақты идеясы бар,

Бұл сабақтың сәтті тұстары:көрініс қою, өлең шығару, ән орындаубағыттында өз қабілеттерін көрсетті, дескрипторлар оларға эссені жазуда оның логикасын, нақты бір құрылымын көрсетіп тұрғандай, біз үшін «шпор» болды деп жақсы қабылдады.

Сәтсіз жағы:топ студенттерінің сабаққа түгел қатыспауынан олардың бүгінгі материалды игермеуі.Қорытындысында күнделікті сабақта дескрипторлар арқылы бағалауды үнемі қолдану және соған студенттерді дағдыландыруды алдағы мақсат ету көзделді.

«Білім беру мазмұны педагогикалық үдерістің компоненті» тақырыбы бойынша қалыптастырушы бағалауды жүзеге асыру тест негізінде болды. Бұл кезекте мен саралау және өзара бағалауды бірге орындадым. Себебі, оқу тобында жеке ерекшелігі бар студенттің болу жағдайына байланысты топқа бөлуде атом-молекула әдісі арқылы жеке, жұптық, үштік, топтық бөлуді орындадым. Топқа бөлу сәтінде жеке ерекшелігі бар студенттің жұп құру сәтін күтіп, оны саралап алдым. Дара жұмысты орындаушы студентке білім мазмұны ұғымын талдауға сәйкестендіру тесті берілді; жұпқа берілген тапсырма бүгінгі сабақ тақырыбы бойынша тест тапсырмасын құру болды, құрылған тест арқылысабақ соңында бағалауды жүзеге асыру көзделді. Үштік топқа семантикалық картаны орындау тапсырылды. Топқа біріккен студенттер блум түймедағы бойынша сұрақтарға жауап берді.



Сабақ барысында жұпқа біріккен студенттер 10 тест тапсырмасын даярлады. Тест тапсырмасын дайындауда оқытушы тарапынан қадағалау, бағыттау, түсіндіру жүріп отырды.Нәтижесінде сабақ соңында жұптың даярлаған тест тапсырмасы арқылы топтағықалған студенттерді бағалауды жүзеге асырдым. Мұнда орын алған кедергілер студенттер арасында тест жауабын дауыстап айтып жіберген сәттер болды. Бұл жағдай аудиториядағы басқа студенттерге де кедергісін келтірді. Сабақта орын алған сәтті тұстары: студенттерді дара, жұпта, үштікте, топта бөлу, сол арқылы тақырыпты толық ашуға мүмкіндік болды. Сәтсіз жақтары: студенттердің тест тапсырмасын орындаудағы жасаған кедергілері. Бұл әрекеттерді болашақтағы сабақтарымызда ұтымды ойластыруға басымдық беру қажеттігін түсіндім.

« Өрмекші торы» әдісі арқылы өтілген тақырыпты бекіту, қорыту жәнебағалауды жүзеге асыру жұмыс бағдарламасы бойынша «Оқытудың заңдылықтары мен принциптері» тақырыбында орындалды. «Өрмекшінің торы» немесе «Шырмауық» - дәстүрден тыс әдістердің бірі. Студентттердің тақырыпты қай деңгейде меңгергендігін білужәнесабақ соңында бағалау үшін қолдандым. Студенттерді түгелдей шеңберге тұрғызып, бір бума тоқыма жіптің бір ұшын қолына ұстап, тақырып төңірегінде сұрақ қойылды. Әрі қарай жауап берген студенттің қолына жіп оралды. Жіп азайған сайын, шеңбер болып тұрған студенттердің қолындағы жіптен өрмекші торы құрылды.Осылайша жауап берген әрқайсысының қолына жіпті орап, белгіленген мерзімнен кейін әр студенттің қолындағы жіп орауын санау арқылы тақырыпты қаншалықты меңгергендігін біліп, соған сәйкес баға берілді. Әйтсе де, бұл әдісті қосымша қамтылмай қалған сұрақтарды қамту, сабаққа көп араласпай отырған студенттерді қадағалау және кері байланыс алу жағдайына ынғайлы деп айтар едім.

B LOB ағашы  стратегиясы. Оқушы өзін бағалау деңгейін анықтау үшін жүргізіледі. «Оқыту әдістері және оларға сипаттама» деген тақырыптағы сабағымда осы бағалау стратегиясын қолдандым. Бағалау арқылы оқуды жақсарту бір қарағанда қарапайым болып көрінетін, бірақ оқытуға енгізілуі тиіс бес түйінді факторға байланысты екенін көрсетті:

-білім алушылармен тиімді кері байланысты орнату;

-оқушылардың өзіндік оқуға белсенді қатысуы, бұл өз кезегінде оқушыларды өзін-өзі бағалауға қатыстырады;

-бағалау нәтижелерін ескере отырып, оқуды түрлендіру;

-бағалаудың білім алушылардың оқуға деген ынтасы мен өзін-өзі бағалауына терең ықпал ететіндігін мойындау, себебі бұлардың екеуі де оқуға түбегейлі түрде ықпал етеді;

-білім алушылардың өз оқуын қалай жетілдіру керектігін түсіну үшін өздерін өздері бағалай алуын қамтамасыз ету және өзара бағалау арқылы бірге оқитын білім алушыларамен бірлесіп жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру,- деп көрсетіледі[1,55]. Студенттер адам бейнелерінің ағаштағы орналасу жағдайына, суреттегі кейіптеріне қараподан бүгінгі күнгі өздерін үлгілеу негізінде баға берді. Олардың көпшілігі 15,16,17,19 санындағы бейнелерден өздерін көре алған. 20 мен 21-ді жеделдетілген топ студенттері таңдаған.Өзін-өзі бағалаудың басты мазмұнындағы өз әрекетін реттеу және жөндеуде тұлғаның белсенді қатысу жүріп отырады. Өзіндік іс-әрекетті жүзеге асырудан алынған нәтижелерді оқыту нәтижелерімен салыстыру, оқу барысында өзіндік қойылатын талаптарды реттеу арқылы бұл әрекеттер орындалады. Сондықтан өзін-өзі бағалауды қажетсінуге баулу, өзін-өзі бағалауға бейімдеу болашақ мұғалімдер үшін маңызды болып есептеледі.

Тағы, қол соғу, бағалау парақтарын пайдалану, бірін- бірі бағалау, критерийлер арқылы бағалау,  «Жарайсың, ...» сөйлемі сияқты ынталандырушы бағалауды қолдана отырып, сабақтабілім алушының ынтасы артып, бәсекелестікпен оқуға итермелейтіндігіне көзімді жеткіздім.

Kahoot тестін мен төртінші тәжірибелік сабағымда іске асырдым. Студенттердің бұл бағалау тесті туралы хабардар болғаны мен үшін сәтті болды. Олардың оқу жоспарлары бойынша АКТ пәні осы семестрде жүріп, олар сол пәннің бағдарламасында осы Kahoot тестілеу бағдарламасын жүзеге асыруды қарастырған. Тестілеу кезеңінде студенттер белсенділікпен, қызығушылықпен тестілеуді орындады. Берілген сұрақтар Нәтижесінде

олардың бүгінгі сабақ бойынша деңгейлерін көруге мүмкіндік алдым.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет