4 Лексикалық жүйедегі парадигмалық және синтагмалық қатынастар. Жалпы тіл білімінде тіл бірліктері арасындағы парадигмалық және
синтагмалық қатынастар туралы сөз еткен Ф. де Соссюр болатын.Тіл білімінде
парадигма және синтагма терминдері алғаш фонология саласында
қолданылып, өзге де салаларға енгізіле бастаған. Тілдің жүйелілік-
құрылымдық сипатын зерттей келе, В.М.Солнцев сөйлеу тілінде тілдік
бірліктер парадигматикалық, синтагматикалық және иерархиялық қатынасқа
түсетіндігін айтады.
Біртектес сөздер не басқа элементтердің тек бір белгісі бойынша
бөлінетін тобын айтамыз.Мысалы: дауысты дыбыстар парадигмасы, тәуелдік
категориясы, септік категориясы, көп мағыналы сөздер, синонимдер.
М.Оразов: «Адам ойында өзара белгілі бір байланысыбар сөздер топ-топ
болып сақталынады.Осы әр адамның ойында сақталған,өзара ұштасып жатқан
мағыналары бойынша топ-топ болып жатқан сөздердің өзара байланысын
ассоциациялық, яғни парадигмалық қатынас деп атайды.
Тілдік жүйе негізінде қалыптасқан мағына өз ішінен парадигмалық және
синтагмалық мағыналар болып бөлінеді. Парадигмалық қатынастар негізінде
алынатын мағынаны парадигмалық мағына деп аталады, ал парадигмалық
қатынас–бір деңгейдегі тіл элементтерінің арасындағы байланысқа негізделеді.
Мәселен, тәтті, ащы, дәмді, ұзын, қысқа –заттың сынын; жел, су, өзен, жұлдыз, үркер күн– табиғат құбылыстарының атауы; бас, көз, құлақ, бауыр,
жүрек – дене мүшелері атаулары адам санасында мазмұнның ортақтығына
негізделген өзара белгілі бір байланысы бар сөздер тобын құрайды. Тілдің
лексикалық жүйесіндегі парадигмалық қатынастың тілдегі барлық сөздерді
тақырыптық және лексика-семантикалық топтарға бөліп қарастыруда
атқаратын рөлі үлкен.
Әртекті тіл элементтері арасындағы қатынас тілтанымда синтагмалық
қатынас деп танылады. Сөз синтагмалық қатынасқа түскенде бір-бірімен әрі
семантикалық, әрі грамматикалық жағынан байланыста болады. Сөздер бір-
бірімен өзара байланысқа түсу үшін сөздердің мағыналық құрамында ортақ
бір семаның болуы шарт. Сөздердің семантикалық тіркесімділік қабілетін
44
анықтаушы тілдік мағынаны синтагмалық мағына деп танимыз.Синтагмалық
қатынастар тілдік жүйедегі жеке лексикалық мағынаны иеленетін сөздер
сөйлеу тілінде өзара тізбек құрап, көлбеу бағытта синтагмалық қатынас түзеді.
Сөздер өзара синтагмалық қатынасқа түсу үшін логикалық және семантикалық
байланысқа түсуі қажет. Мәселен, көк тонды, көк найза, көк су, көк жөтел
деген тіркестегі көк сөзі заттың түсін білдіріп тұрған жоқ. Бұдан шығатын
қорытынды, сөз мағынасы сөйлеу процесінде өзара тіркесімділікке түскен
сөздерге байланысты түрлі мағыналарды иеленеді.