Ордабекова Хафиза Арысбайқызы тіл біліміне кіріспе


Сөздің қор мен сөздік құрам, лексиканың қорлану жолдары



бет24/129
Дата17.10.2023
өлшемі0,73 Mb.
#186199
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   129
Байланысты:
Ордабекова Хафиза Арысбайқызы-emirsaba.org

3 Сөздің қор мен сөздік құрам, лексиканың қорлану жолдары.Тілдегі
сөздердің тұтас жиынтығы сөздік құрам немесе лексика деп аталады. Қазақ
тілінің лексикалық құрамына ғасырлар бойы сақталып келе жатқан байырғы
сөздер, кірме сөздер, неологизмдер мен термин сөздер, әдеби сөздер мен
ауызекі тілге тән қарапайым сөздер, диалектизмдер мен кәсіби сөздер, яғни
тіліміздегі барлық сөздер енеді. Қазақ тіліндегі барлық сөздердің жиынтығы
сөздік құрам болса, негізгі сөздік қор оның негізгі ұйытқысы болып табылады.
Сөздік қорға қоғам, адам өміріндегі ең қажетті ұғымдарды білдіретін
жалпыхалықтық сипат алған сөздер ғана кіреді. Қазақ тілі сөздік қорының
құрамы біркелкі емес. Оның негізінде түркі тілдеріне ортақ байырғы сөздер,
ғасырлар бойы қалыптасқан қазақтың байырғы төл сөздері кіреді.
Негізгі сөздік қор мен сөздік құрамның арақатынасын, олардың бір-бірін
үнемі толықтырып, жаңғыртып отыруынан және сөздік қор сөзжасам тәсілдері
арқылы тілдің бүкіл лексикалық жүйесінің даму бағытын анықтап, әрдайым
байланыстырып отырады. Сол себепті, бұлардың арақатынасының шартты
сипаты бар.
Қазақ тілі лексикасының қорлану жолдары.Кез келген тілдің
лексикасының негізі –сол тілдің негізгі сөздік қоры, яғни байырғы лексикасы.
Тілдің лексикалық құрамы үш түрлі амал-тәсіл арқылы молаяды:

лексиканың семантикалық жақтан қорлануы;

лексиканың синтаксистік тәсіл арқылы қорлануы;

лексиканың морфологиялық тәсіл арқылы қорлануы.
Тілдегі сөздердің қолданылу жиілігіне қарай актив және пассив лексика болып
бөлінеді. Тілдің лексикасы тілдегі сөздердің қолданылу аясына қарай да
топтастырылады. Тіл лексикасы–тілдің сөздік құрамының белгілі бір
стилистикалық қабаттарының, белгілі бір әдеби бағытқа тән сөздердің
жиынтығы. Тілдегі сөздер қолданылу аясы мен стилистикалық қабаттарына


43
қарай бейтарап лексика, ауызекі сөйлеу лексикасы, қарапайым тұрмыстық


лексика,
эмоционалды-экспрессивті
лексика,
терминологиялық,
диалектологиялық
лексика,
қоғамдық-публицистикалық
лексика,
интернационалдық лексика, өндірістік-техникалық лексика, поэтикалық
лексика, актив лексика, пассив лексика т.б. көптеген топтарға бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет