Ордабекова Хафиза Арысбайқызы тіл біліміне кіріспе



бет62/129
Дата17.10.2023
өлшемі0,73 Mb.
#186199
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   129
Байланысты:
Ордабекова Хафиза Арысбайқызы-emirsaba.org

Көне Түркі жазуы (Орхон-Енесей жазуы) ‒ V ғ. б.з.б. ‒ X ғ. б.з. Орта Азия
түркі тайпалары қолданған жазуы. Ең алғашқы ескерткіштер Орхон
және Енисей
өзендерінің жоғарғы
бойынан
табылған.
Сібір және Монғолия далаларына кеңінен таралған жұмбақ жазулардың бар
екендігі туралы ғылыми ортаға ертеден-ақ белгілі болатын. Оларды «руна 
жазулары», яғни скандинавия тілдерінен алғанда «құпия, сыры ашылмаған»
таңбалар деп аталды. Руна жазуларын зерттеуге ұйымдастырылған Ресей
Ғылым Академиясының экспедициясы Минусинск ойпатында іздестіру
жұмыстарын жүргізіп, Д.Г.Мессершмидт және Ф.И. фон Стралленберг 1721-
1722 жылдар аралығында көптеген материалдар жинақтады. 1730 жылы Ф.И.
фон Стралленберг руна жазуларына жүргізілген зерттеулердің қорытындысы
мен жазулардың көшірмелерін жариялады (4).
1889 жылы Н.М.Ядринцевтің Монғолия далаларынан тапқан жазулары
көне түркі жазуларының көлемді үлгілерін ғылыми ортаға әкелді. Енді бұл
жазуларға қарап, оның дыбыстық құрылысы мен грамматикалық табиғаты
жөнінде нақты қорытындылар жасауға болатын еді. 1893 жылы дат ғалымы
Вильгельм Томсен руна жазуларын оқудың кілтін тапты. В.Томсеннің ең
алғаш оқыған таңбасы Теңрі
сөзі болатын. Келесі жылы В.В.Радлов
Орхон жазуларының оқылуын және аудармаларын жасады, 1895 Енисей
жазуларының да оқылуы мен аудармалары жарық көрді. Көне түркі жазба
ескерткіштерінің тілін зерттеп, зор үлес қосқан ғалымдар – В.Томсен,
В.В.Радлов, П.М.Мелиоранский, В.Банг, Г.И.Рамстед, А.Габэн, С.Е.Малов,
В.М.Насилов, И.А.Батманов, А.Н.Кононов, Дж.Клоусон, Т.Текин және т.б.
Көне Түркі жазулары дыбыстық жазу түрі, яғни сөздегі дыбыстарды
таңбалап жазады. Негізінен ҮІ-Х ғасырларда үлкен аймаққа таралған Көне
Түркі жазуларын ғалымдар үш топқа бөліп қарайды: Енисей ескерткіштері.
Талас ескерткіштері. Орхон ескерткіштері. Көне Түркі жазуының құпиясын
ашқан ғалым Вильгельм Томсен болатын.
Оған ХХ ғасырда Түркі елдерінің ғалымдары – Татар, Өзбек, Түрік, Қазақ,
Әзірбайжан зерттеушілері қосылды. Кейде «руна (сына) жазулары» деп
аталады. Оның себебі жазудың құпиясы ашылмай тұрғанда, бұл жазулар бір
қарағанда ежелгі скандинавия халықтарының жазбаларына ұқсайтын еді.
Алайда ғылыми зерттеулер Түркі жазулары екенін анықтады. В.Томсен ең
алғаш рет «Түрік» және «Теңрі» сөздерінен бастап оқыған екен.
Бұл жазулардың жалпы көлемі ұзақ. Қазіргі өлшеммен алғанда орта
көлемдегі кітапты құрайды. Көптеген тарихи, мәдени, жағрапиялық, саяси
деректер бар, сол кездегі халықтың өмірінен, таным-түсінігінен, дүниетанымы
мен салт-дәстүрінен хабар береді. Тарихи оқиғалар тізбегі Ұлы қағандардың


101
жорықтары жыраулық-жорықтық үлгідегі әдемі, көркем тілмен баяндалған.


Сондықтан көптеген зерттеушілер оларды көркем шығармаларға жатқызады.
Жазбалар мазмұнынан көне түркілер мен көк түркілер дәуіріндегі тарихи
оқиғалар сипатталып, жағрапиялық атаулар, сол кездегі тайпалардың атаулары
мен географиялық орналасуы, таралу аймағы көрінеді.
Жазудың сипаты түркі тілдерінің дыбыстық ерекшеліктерін, соның ішінде
үндестік заңдарын жақсы береді. Жазудың ерекшелігі оңнан солға қарай
оқылады және негізінен дауыссыз дыбыстар таңбаланады. Олардың жуан және
жіңішке түрлері бар, олар жеке-жеке бөлек таңбаланады.
Көне Түркі жазулары бізге тасқа қашалған түрде, «баспа әріптері» түрінде
жетті. Оның жазбаша түрі қандай болғаны туралы мәлімет жоқ. Алғаш көрген
адам бұл жазуларды бір қарағанда қазақ руларының таңбаларына ұқсатады.
Яғни жазулар «жебе таңбалар», «ай таңбалар» және «тұмар таңбалар» мен «көз
таңбалар», «аша таңбалар», «балық таңбалар» сосын «тарақ таңбалар» мен
«сырға таңбалардан» құралады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет