2.3 Бақылау сұрақтары:
1) 10 г пропиленді пропиленгликольға дейін тотықтыру үшін қанша грамм KMnO4 қажет?
2) Қ.ж. көлемі 5,6 л этиленді этиленгликольға дейін тотықтыру үшін қанша грамм KMnO4 қажет?
3) Құрамы С3Н5 болатын барлық бір валентті радикалдарды жазып, атаңыз.
4) Келесі көмірсутектерді атап, барлық мүмкін изомерлерін жазып, құрамын анықта:
5) Келесі көмірсутектердің және олардың барлық мүмкін изомерлерінің құрылымдық формулаларын жазып, құрамдарын анықта:
6) Құрамы С5Н10 болатын өзара изомер барлық көмірсутектердің құрылымдық формулаларын жазып, ата.
7) Қ.ж. көлемі 11,2 л этилен қанша грамм бром қосып ала алады?
8) Гексеннің барлық изомерлерін жазып, құрамындағы біріншілік, екіншілік және үшіншілік атомдарды белгіле.
9) Мына қосылыстардың құрылымдық формуласын жазыңыз:
А) 3,3-диметилпентен-1
Б) гептен-3
В) 2-метилгептен-2
Г) 3-метил-2-этилоктен-4
Д) 2-метилгексен-4.
Молекулалық салмағы а) 98; б) 126 болатын этиленді көмірсутектің молекулалық формуласын анықтаңыз.
10) Қ.ж. 5,6 л газ тектес көмірсутекті жаққанда 16,8 л көмірқышқыл газ және 13,5 г су алынды. Көмірсутектің молекулалық формуласын табыңыз.
11) Қанықпаған көмірсутектің хлормен әрекеттесуінен алынған өнімнің молекулалық массасы 113 г. Осы көмірсутектің формуласын табыңыз.
12) Көмірсутек броммен әсерлеседі, тығыздығы сутегі бойынша 94 болатын өнім түзеді. Осы көмірсутектің формуласын жазыңыз.
13) Этилен гомологының молекулалық массасын анықтаңыз, 0,56 г-мы 1,6г бромды қосып алуы мүмкін екендігі белгілі жағдайда.
14) А1 ден А3 айналу схемасы берілген.
Белгілі, А1, А2 және изомерлі қосылыстарда массасы 191 г, циклогександы сақина және бром атомы бар. Синтетикалық тізбектен шығатын структуралық қосылыстарды ұсыныңыз.
15) Құрамы С7Н14 болатын өзара изомер барлық көмірсутектердің құрылымдық формулаларын жазып, ата.
3 АЦЕТИЛЕНДІ КӨМІРСУТЕКТЕР (Алкиндер)
Молекуласында бір үш байланысы бар, жалпы формуласы СnH2n-2 болып келетін қанықпаған көмірсутектер ацетиленді көмірсутектер немесе алкиндер деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |