4.2 Бақылау сұрақтары:
1) Көмірсутек С5Н12 хлорлау кезінде жарыққа тек бір монохлорараласқан байланысты шығарады. Бастапқы көмірсутектің құрылымы қандай? Дихлортуындылардың структурасы қандай?
2) Изопентанды монохлорлау нәтижесінде қандай өнім алынады? Егер хлордың салыстырмалы шабуылдау жылдамдығы біріншілік сутегі атомдарында – 1,0, екіншіліктерінде – 3,3, үшіншіліктерінде – 4,4 болса, осы реакциядағы әр өнімнің проценттік шығымы қандай болады?
3) Изопентанды бромдау реакциясында іс жүзінде тек бір ғана өнім шығады. Оның структуралық формуласы қандай?
4) Төмендегі заттардың қайсысы бромсу ертіндісін түссіздендіреді?
A) CH2=CH-CH3 CH2
B) CH3-CH2-CH3 E) H2C CH2
C) CH3-CHCl-CH3 │ │
CH3 H2C CH2
│ CH2
D) CH3—C—CH3
│
CH3
5) 10л метан жарықта толық хлорлану үшін /қ.ж./ хлордың қандай көлемі қажет?
A) 400 л B) 40 л C) 4 л D) 1 л E) 0,4 л.
6) 1 моль этан 1 моль хлормен әрекеттескенде түзілетін қосылыс...
Дихлорпропан
Хлорэтан
Дихлорэтан
Хлорметан
Хлорпропан
7) Тығыздығы ρ = 0,88 г/мл,65 мл бензол жарық қатысында хлормен әрекеттескенде түзілген гексахлордың массасы
8) Төмендегі галогентуындыларға а) бромды втор-пропил; ә) 2-иод-2-метилпропан; в) иодты изобутил; г) 2-бромбутанға металдық натриймен әсер еткенде (Вюрц синтезі) түзілетін көмірсутектердің реакция схемасын жазып, атаңыздар.
9) Төмендегі көмірсутектердің а) 4-метилгептен-3; б) 2,2-диметилпентен-3; в) 2,2,3-триметилбутен-3; г) 2,5-диметил-гептен-3; д) 2,4-диметилпентен-1 гидрлеу реакциясын және жүру шарттарын көрсетіңіздер және алынған өнімдерді атаңыздар.
10) Төмендегі қосылыстар арасындағы реакциялар схемасын жазыңыздар: а) бром және 2-метилбутен-3; б) хлор және тетраметилэтилен; в) хлор және изобутилен. Бұл реакцияның қайсысы қанықпаған көмірсутектерге сапалық реакция болып табылады?
11) Төмендегі заттар арасындағы қосылу реакциясын жазыңыздар: а) бромсутектің пропиленге; б) иодсутектің триметилэтиленге; в) хлорсутектің 2,2,4- триметилпентен-3-ке. Әр реакцияны түсіндіріңіздер.
12) Көлемі 400 мл (қ.ж.) метан мен этиленді түссіздендіруге бромның массалық үлесі 3,2 % болатын бром суынан 40 г жұмсалды. Қоспадағы этиленнің массалық үлесін табыңыз.
13) Монохлорлаудан үш өнім бере алатын С6Н3Вr3 қосылысының структуралық формуласын жазыңыз
14) Метанның біртіндеп бромдану реакциясың жазыңдар. Реакцияның жүру жағдайларын көрсетіп, алынған өнімдерді атаңыздар.
15) Бір сутегі атомының орның хлорға алмастырғанда қандай хлортуынды түзіледі а) пропанда; ә) бутанда; б) изобутанда; в) 2-метилбутанда? Реакция схемасын жазып, реакция шарттарың көрсетіңіздер. Өнімдерді атаңыздар.
5 ГИДРОКСИЛДІ ҚОСЫЛЫСТАР
Молекуласында органикалық радикалмен байланысқан бір немесе бірнеше гидроксил – ОН тобы бар заттар гидроксилді қосылыстар деп аталады. Егер гидроксил тобы көмірсутек радикалымен байланысса оларды спирттер деп, тікелей ароматты ядромен байланысса фенолдар, ал егер бүйір тізбегімен байланысса ароматты спирттер деп аталады. Спирттер өз кезегінде а) қаныққан және қанықпаған (көбіне қанықпаған спирттер тұрақсыз, тез карбонилді қосылыстарға айналады); ә) молекуладағы гидрокил тобының санына байланысты: бір, екі үш және көп атомды болып жіктеледі.
6 ҚАНЫҚҚАН БІР АТОМДЫ СПИРТТЕР (АЛКАНОЛДАР)
Достарыңызбен бөлісу: |