Органическая химия



бет23/43
Дата20.04.2022
өлшемі0,79 Mb.
#140096
түріМетодические указания
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   43
Байланысты:
СРСП новый

7.2 Бақылау сұрақтары:

1) 1911 жылы Гарриес ацетоннан изопренді синтездеу әдісін ұсынды.



Осы синтездің (А және Б) аралық өнімдерінің структурасын жазыңыз. Изопрен структурасын жазып көрсетіңіз
2) Метанальдың сутек бойынша салыстырмалы тығыздығын анықтаңыз.
3) Күміс айна реакциясының нәтижесінде күмістің қандай массасы алынады, егер күміс оксидінің аммиактағы ерітіндісінің артық мөлшеріне массасы 50 г массалық үлесі 11,6 % пропанальдің судағы ерітіндісін қосса?

4) Күміс оксидінің аммиактағы ерітіндісін сірке альдегидімен тотықсыздандырғанда 54 г күміс алынды. Тотыққан альдегидтің массасы қандай?


5) Реакция өнімінің шығымы 70 % , 330 г ацетальдегидтен алынған сірке қышқылының массасын анықтаңыз.


6) 308 г сірке альдегидін тотықтырғанда алынған сірке қышқылының моль саны қанша?


7) Көлемі 3 л және тығыздығы 1,06 г/мл формалиннің 30 %-дық ерітіндісінде НСОН-тың қандай зат мөлшері болады?


8) IUPAC номенклатурасына сәйкес аталған 1-фенилбутен-3-он-2 затының структуралық формуласын келтіріңіз. Рациональды номенклатура бойынша қалай аталады?


9) Конц. күкірт қышқылы қатысында глицериннен құрамы С3Н4О альдегид түзіледі. Оның құрылысы қандай?


10) 97,8°С. қайнау температурасында хлораль (трихлорэтаналь) сұйық күйде болады. Оның структурасын жазыңыз. Хлораль сумен әрекеттескенде не түзіледі? Гидраттар түзілуіндегі кеңістіктік себептің орны қандай болады?


11) Глиоксаль С2Н2О2 қосылысы тотықтырғанда қымыздық қышқылын, ал тотықсыздандырғанда – этиленгликолды береді. Глиоксалдың структуралық формуласын шығар.


12) Өзгерістер схемасы берілген: этан→ А +NaOH → Б→В→Г→ хлорсірке қышқылы + NH3→ Д + аланин→ Е. Нәтижесінде түзілетін Вжәне Е заттарын атаңыз.


13) Құрамы С5Н10О альдегидтің альфа-сутекті атомы жоқ, структуралық формуласын жазыңыз. IUPAC бойынша атаңыз.


14) Құрамы мынадай: С-54,55 % ; Н-9,09 % ; О-36,36 % заттың сутекпен салыстыпғандағы тығыздығы 22-ге тең. Ол күміс оксидін оңай тотықсыздандырып қышқыл түзеді. Осы заттың атауын табыңыз


15) Реакция өнімінің шығымы 70 % , 330 г ацетальдегидтен алынған сірке қышқылының массасын анықтаңыз.

8 КАРБОН ҚЫШҚЫЛДАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТУЫНДЫЛАРЫ


Құрамында карбоксил СООН тобы бар органикалық қосылыстарды карбон қышқылдары дейді. Егер ондай қышқылдарда СООН тобы біреу болса, оларды бір негізді, ал екеу болса, екі негізді т.с.с. дейді. Осы топтағы органикалық қосылыстар мен олардың туындылары табиғатта жиі таралған. Мысалы, майлардың бәрі дерлік карбон қышқылының глицеринді эфирлері.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет