Органическая химия



бет37/43
Дата20.04.2022
өлшемі0,79 Mb.
#140096
түріМетодические указания
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   43
Байланысты:
СРСП новый
Zhasmin
11.1 Бақылау сұрақтары:

1) Массасы 5г глициннің этил эфирін алу үшін қанша глицин қажет, өнім шығымының массалық үлесі 80 % болса?


2) Массасы 292 г болатын гли-ала дипептидінің гидролизі бойынша алынған шығымы 60 % глициннің массасын анықтаңыз.


3) Қандай эфир алынған, егер ондағы азоттың массалық үлесі 13,59 % құраса?


4) Қосылыстың құрамындағы көміртектің, оттектің, сутектің және азоттың массалық үлестері: 40,45 %, 36 %, 7,8 % және 15,75 % берілген. Қосылыстың формуласын анықтап, оның молекулалық массасын есептеңіз.


5) Құрамы CHNOCl (А) затының құрылысын анықтаңыз. Ол суық қүйінде сода мен сілтімен әрекеттессе А затының 1,12г 0,4г натрий гидроксидімен нейтралдағанда құрамында натрий де, хлор да жоқ Б заты түзіледі. Б заты тағы да натрий гидроксидінің 0,4г мөлшерімен әрекеттессе CHNONa(B) заты түзіледі. Есепте қандай заттар туралы айтылған? Олардың өзгеру реакцияларының теңдеулерін жазыңыз.


6) Массасы 30г сірке қышқылынан массасы 18г аминсірке қышқылы алынды. Екінші сатыдағы өнім шығымының массалық үлесін есептеңіз, егер бірінші сатыда ол 80% болса.


7) Тәулігіне адамның асқазанында 800мл (ρ=1,005г/см3) сөл бөлінеді. Асқазан сөліндегі ω=0,5% болатын тұз қышқылы түзлуі үшін қанша натрий хлориді қажет?


8) Массасы 3,75г аминсірке қышқылын этерификациялауға жұмсалған массалық үлесі 96% (ρ=0,8г/см3) этанол ерітіндісінің көлемін есептеңіз.


9) Этанолдан монохлорсірке қышқылын алыңыз. Барлық процестердің теңдеулерін құрып, өнімнің массасын анықтаңыз, егер 2 моль спирт алынса және шығымның массалық үлесі 70% болса.


11) Массасы 600г аминсірке қышқылын алуға жұмсалған аммиактың көлемін анықтаңыз. Егер өнімнің шығымы 80% болса.


12) Қоспаның массалық үлесі 10% массасы 20г кокстен аминсірке қышқылын алып, оның массасын есептеңіз. Зертханада осы өзгерістердің бәрін жүргізуге қажетті реактивтердің барлығы бар деп есептеңіз.


13) Массасы 200г аланин мен сірке қышқылының қоспасы тұз қышқылының массалық үлесі 10% болатын көлемі 200мл (ρ=1,047г/см3) ерітіндісімен өңделген. Қоспадағы сірке қышқылының массалық үлесі қандай?

14) Пентапептидтің толық гидролизі нәтижесінде үш түрлі аминқышқылдары алынған: глицин, аланин, лизин. Олардың мольдік қатынастары 3:1:1, осы пентапептидтің толық емес гидролизі нәтижесінде үш трипептид және екі дипептид алынған. Үш трипептидтердің екеуінің N – жақ шеткі аминқышқылыны – глицин, біреуінікі – аланин. Осы пентапептидтің біріншілік құрылысы қандай?


15) Массасы 14,6г табиғи дипептид 12%-дық натрий гидроксидінің (ρ=1,20см3) ерітіндісімен гидролизденгенде массасы 11,1г тұз алынған; ондағы натрийдің массалық үлесі 20,72%. Реакцияға сілтінің қандай көлемі түскен және қандай дипептид гидролизденген?

12 АҚУЫЗДАР




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет