1861 жылы орыс ғалымыА.М.Бутлеров өзінің құрылыс теориясын ұсынған. Бұл теория бірнеше қағидалардан тұрады:
1861 жылы орыс ғалымы А.М.Бутлеров өзінің құрылыс теориясын ұсынған. Бұл теория бірнеше қағидалардан тұрады:
1. Органикалық қосылыстар молекуласындағы атомдар бір-бірімен валенттіліктеріне сәйкес байланысады. Атомдардың байланысу ретін ол құрылыс деп атады.
2. Қосылыстардың қасиеттері олардың құрылысына және атомдар арасындағы байланыстың табиғатына тәуелді болады.
3. Молекуладағы атомдар өзара бір-біріне әсер етеді, оның ішінде тікелей байланысқан атомдардың әсері күштірек болады.
Органикалық қосылыстардың жіктелуі
Көміртек тізбегінің құрылысына байланысты органикалық қосылыстарды ациклді немесе алифатты және циклді деп бөледі. Циклді қосылыстар екі топқа бөлінеді: карбоциклді (тұйық тізбек тек көміртек атомдарынан тұрады) және гетероциклді – сақинада көміртек атомдарынан басқа да ( оттек, азот, күкірт) атомдары бар қосылыстар.
Карбоциклді қосылыстар тағы екі топқа бөлінеді: алициклді немесе полиметиленді қосылыстар және ароматты (көбіне бензол сақинасы бар қосылыстар) қосылыстар.
Органикалық қосылыстардың аталуы (номенклатурасы)
Тривиалды – тарихи қалыптасып кеткен атауы
Рационалды – әрбір кластың гомологтық қатарындағы ең қарапайым өкілінің туындысы
Халықаралық (ИЮПАК)
Метилдиэтилметан-рационалды атауы.
3-метилпентан-халықаралық атауы, тарихи атауы жоқ
Изобутилен – тарихи атауы
Изобутилен – тарихи атауы
Симметриясыз диметилэтилен – рационалды атауы
Метилпропен – халықаралық атауы
Симметриялы бутилен
Симметриялы диметилэтилен
2-бутен
Радикалдар
Мысалдар
Органикалық қосылыстардағы байланыс түрлері
КОВАЛЕНТТІК БАЙЛАНЫСТАР
Коваленттік байланыс деп байланысқан атомдар электрондарының ортақтасуы арқылы түзілген химиялық байланысты атайды.
Осы ортақтасқан электрондар молекулалық орбитальдардан (МО) орын алады. МО әдетте көпцентрлі орбиталь болады және оны толтырған электрондар делокализацияланған. Коваленттік байланысты кванттық-механикалық сипаттау үшін екі негізгі көзқарас қолданылады: валенттік байланыс (ВБ) әдісі және молекулалық орбиталь (МО) әдісі.
σ- және π - Байланыстар. Коваленттік байланыстың екі түрі бар: (сигма)және (пи) –байланыстар.
σ -Байланыс деп екі байланысқан атомдардың ядроларын қосып тұрған түзу бойымен атомдық орбитальдардың қаптасуы арқылы түзілген байланысты атайды. σ–Байланыс кез келген (s-, p-, гибридті) АО қаптасуы арқылы түзіле алады. π –Байланыс деп гибридтенуге қатыспаған р-АО жандарымен қаптасуы арқылы түзілген байланысты атайды. Қаптасу атомдар ядроларын қосып тұрған түзудің екіжағымен де жүреді.