Органикалық қосылыстардағы химиялық байланыс түрлері.
Органикалық химияның даму кезеңдері
Қазіргі органикалық химия көміртек қосылыстарының химиясы деп анықталады.
Эмпирикалық даму кезеңінде ( ХУП ортасы – ХУШ соңы) органикалық химия белгілі швед химигі И.Берцелиустың анықтамасы бойынша «өсімдік және жануарлар заттарының» химиясы болып саналған. Келесі кезең – аналитикалық (ХУШ соңы – ХІХ ортасы) – заттардың құрамын анықтауға арналған зерттеулермен белгіленді. Зерттеулер нәтижесінде барлық органикалық қосылыстардың құрамында көміртек бар екені анықталды. Осы кезеңде философиялық концепцияларда, соның ішінде витализм ( латын сөзі vitalis – тірі, өмірлік) де дамыды.