VІ. Көмірсуларға сапалық реакция: Моносахарид - глюкозаны альдегидоспирт деп қарастыруға болады, сондықтан ол альдегид тобы арқылы альдегидтер сияқты күміс-айна реакциясына және мыс (ІІ) гидроксидімен реакцияға түседі.
А)
ГЛЮКОН қышқылы
Б)
Дисахарид – сахарозаны көпатомды спирт деп қарастыруға болады, сондықтан көпатомды спирттердегі сияқты жаңа дайындалған мыс (ІІ) гидроксидімен әрекеттескенде ашық көк түсті ерітінді түзеді.
Полисахарид – крахмалдарға иод ерітіндісі сапалық реакция болады. Иод ерітіндісі крахмалмен қою көк түсті комплексті қосылыс түзеді.
VІІ. Белоктарға сапалық реакция: Ксантопротеин реакциясы (гр.ксанто – сары) құрамында бензол сақинасы бар белоктар концентрлі азот қышқылымен сары түс береді.
Биурет реакциясы – мыс (ІІ) гидроксидінің ерітіндісімен белоктарға әсер еткенде ерітінді ашық көк түске боялады. Бұл реакция белоктардың құрамындағы пептидтік байланыстарды анықтайды.
Құрамында күкірті бар белоктарға қорғасын ацетатын және сілті қосып қыздырғанда қорғасын сульфидінің қара түсті тұнбасы пайда болады.
Органикалық қосылыстарды сапалық анықтауға ҰБТ материалдарынан тапсырмалар
Этан және этиленді ажырату тәсілі:
А) массасы бойынша
В) иісі арқылы
С) осы газдарды бромды су арқылы өткізіп
D) түсі бойынша
E) осы газдардың бірдей көлемін жаққанда түзілетін көмірқышқыл газының көлемі бойынша