Шиелі аудандық білім бөлімі
№ 148 қазақ орта мектебі
Организмнің ішкі ортасы
Ағыбаева Бағила
2011 жыл
Қызылорда облысы, Шиелі аудандық білім бөлімі
әдістемелік кеңесінде қаралып, басып шығаруға ұсынылды
№148 қазақ орта мектебінің биология пәнінің
мұғалімі Ағыбаева Бағиланың
іс-тәжірибесінен әдістемелік құрал ретінде шығарылды.
Бұл әдістемелік құралда жалпы білім беретін мектептегі 8 сыныптарда
биология пәнінен модульдік оқыту технологиясы бойынша
мұғалімнің сабақ өткізу технологиясы жазылған.
Организмнің ішкі ортасы
Құрылымы
|
Сабақ саны
|
Сабақ түрі мен мазмұны
|
Уақыты
|
Кіріспе
|
1- сабақ
|
Модуль құрылымымен мақсатымен таныстыру.
Организмнің ішкі ортасы /баяндама/
Тірек-сызбаны көшіру
Қорытындылау.Үйге тапсырма.
|
5
20
15
5
|
2 - сабақ
|
Лимфа. Иммунитет. /баяндама/
Тірек-сызбаны көшіру
Қорытындылау.Үйге тапсырма.
|
25
15
5
|
Диалог
|
3 - сабақ
|
Тақырыпты меңгерту .
Оқулықпен жеке және жұптық жұмыстар
Үйге тапсырма
|
40
5
|
4 - сабақ
|
Тақырыпты дамыту.
Қан институтына саяхат Рольдік ойын.
Қорытындылау. Үйге тапсырма.
|
40
5
|
5 – сабақ
|
Тақырыпты пысықтау. .Танымдық ойындар
Қорытындылау. Үйге тапсырма.
|
40
5
|
6 – сабақ
|
Тақырыпты бекіту
Ғасыр дерті .Семинар сабақ
Қорытындылау. Үйге тапсырма.
|
40
5
|
Қорытынды
|
7 - сабақ
|
Тест.
Сынақ.
|
15
30
|
Оқушы білу керек :
Қан құрамы, қасиеті, маңызы. Қан жасушалары, фагоцитоз механизмі.
Қан тобы, қан құю, иммунитет түрлері7 Егудің маңызы.
Қантамырлары.Лимфа, лимфа жүйесінің маңызы.
Қан кеткенде көрсететін алғашқы жәрдем.
Жүрек және қан тамыры аурулары.
Оқушы дағдылану керек :
Қан құю жолын көрсете білу.
Қан кеткенде алғашқы жәрдем бере білу.
Негізгі түсініктер мен терминдер:
Қан плазмасы, тромбоцит, фибрин, эритроцит, лейкоцит, донор, реципиент, пульс, гемоглобин, иммунитет, ЖИТС, ВИЧ, көктамыр, салатамыр, қылтамыр, жүрек циклі.
Шығармашылық жұмыс тақырыбы:
1/ Қан. Қан жасушалары. Қанның құрамы.
2/ Қан аздық. Қан құю.
3/ Қан тамырлары ауруларының алдын алу.
4/ Жүректі сақтап қалу үшін
Кіріспе бөлім
№1 сабақ. Организмнің ішкі ортасының ерекшеліктері
Ішкі ортаның
ерекшеліктері
|
Қан
|
Ұлпа сұйықтығы
|
Лимфа
|
1. Мөлшері
|
4,5–5 л
|
20 л
|
1–3 л
|
2. Түсі
|
Қызыл
|
Сарғыш
|
Ақшыл-сары
|
3. Ұлпасы
|
Дәнекер
|
Дәнекер
|
Дәнекер
|
4. Құрамы
|
а) Қан плазмасы – 55%
ә) Қан жасушалары (эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер)
– 45%
|
Қан плазмасына ұқсас. Құрамында нәруыз аз, лимфоциттер, лейкоциттер бар
|
Қан плазмасына ұқсас, құрамында нәруыз өте аз. Лимфоциттері бар
|
5.Түзілетін
орны
|
Сүйектердің кемік майында, көкбауырда, лимфа түйіндерінде түзіледі
|
Қанның құрамынан бөлініп жасушаларды қоршап жатады
|
Ұлпа сұйықтығынан бөлінеді
|
6.Атқаратын қызметі
|
Тасымалдау, тынысалу, қоректік, зәр шығару, жылу реттеу, қорғаныштық, ішкі ортаның тұрақтылығын қамтамасыз ету
|
Капилляр қантамырларын жасушалармен байланыстырып, заттар мен газ алмасуды реттейді
|
Судың таралуын реттеу, қорғаныштық, ұлпа сұйықтығын реттеу, тасымалдау
|
7.Айырмашылығы
|
Тұйық шеңбер түрінде жүректен мүшелерге, мүшелерден жүрекке қарай ағып тұрады
|
Аздаған мөлшері капилляр тамырларындағы қанға қайта қосылады
|
Мүшелерден жүрекке қарай бір бағытта өте баяу ағады
|
Қан – біздің ағзамыздағы ең тамаша ұлпалардың бірі. Мемлекет үлкен транспорт жолдарынсыз қалай елестеуге болмаса, адамды, жануарларды да қансыз елестету мүмкін емес. Өйткені қан бүкіл ағзаға оттегін, қоректік заттарды, суды тасымалдайды.
Қан –дәнекер ұлпасының бір түрі. Ол адамның ішкі ағзасын толтырып тұратын үш сұйықтықтың біреуі. Қан, жасушаларға оттегін қоректік заттар жеткізу. СО2 және ыдырау өнімдерін сыртқа шығару қызметін атқарады.Сонымен қатар жылуды реттейді. 23 секундта қан денені бір рет айналып шығады. Сонымен бірге қан қорғаныш, тасымалдау /гормондар/ қызметін де атқарады.
Қан плазмадан /55-60%/ және оның ішінде қалқып жүретін жасушалардан /40- 45%/ тұрады. Плазмада 90-92%, 7% - ақуыз, 0,8%- май, 0,2%- глюкоза, 0,9%- минералды тұздар, 0,05%- мочевина болады. Адамда 4,5 – 5л қан болады, яғни адам денесінің 7 % -ін құрайды. Плазма құрамы еш өзгермейді. Қан жасушаларына эритроцит, лейкоцит, тромбоцит жатады.
Қасиеті : Қанның ең керемет қасиетінің бірі – ұюы. Қан ұйығанда тромб түзіледі. Тромб-фибрин ақуызынан түзілген. Ұю Са / кальций/ тұздарының қатысуымен жүреді. . Тромбоциттер – сүйек майының ірі жасушаларының ыдырауынан түзіледі (57-сурет). Ыдысқа құйылған қанның екінші қабатын тромбоциттер құрайды. Тромбоциттердің диаметрі 2–5 мкм, түссіз, домалақ немесе сопақша пішінді ядросыз жасуша. Қанның 1 мм3-де 250–400 мың тромбоциттер болады. Қанның ұюына қатысады. Тромбоциттер сүйек кемігінің майында жасалады. Қан тамырлары зақымданғанда тромбоциттер тез бұзылып, қанды ұйытатын ерекше зат бөледі. Қан тамырларының зақымданған жерлерін бітейді. Тромбоциттердің тіршілік ұзақтығы 7–10 күн.
Қанның қызыл түсті болуы – эритроцитке байланысты.. Олар оттегін өкпеден жасушаларға апарады, ағзадағы СО2 сыртқа шығарады.
Лейкоциттер – қорғаныш қызметін атқарады, ал тромбоциттер – қанның ұю қызметін атқарады. Қан жасушалары сүйек кемігенде, көк етте. Лимфа түйіндерінде түзіледі. Адамның 1 мм3 қанында 4–9 мың әр түрлі топқа жататын (лимфоцит, моноцит және т. б.) лейкоциттер болады. Лейкоциттер құрылыс ерекшелігіне сәйкес 2 топқа бөлінеді: түйіршікті және түйіршіксіз. Түйіршікті лейкоциттердің цитоплазмасында ұсақ түйіршікті түзілістер болады. Түйіршікті лейкоциттерге – нейтрофилдер (45–75%), эозинофилдер (1–5%) және базофилдер (0–1%) жатады. Түйіршіксіз лейкоциттерге – лимфоциттер (18–30%), моноциттер (2–9%) жатады (қосымша бет). Олардың цитоплазмасында түйіршікті түзілістер болмайды. Лейкоциттер сүйек кемігінің майында, лимфа түйіндерінде, айырша безде және көкбауырда түзіледі. Қанда таңертеңгі ашқарында (тамақ ішпегенде) аздау, тамақтанғаннан кейін көбейеді. Тіршілік ету ұзақтығы 2–5 тәулік. Эритроциттер сияқты лейкоциттер де көкбауыр мен бауырда жойылады
Қанның төрт тобы бар. Әр адам өз қанының тобын білуге тиіс.
Қандағы лейкоциттер арқылы адам ағзасы сырттан түскен микробтардан, басқа денелерден қорғалады: фагацитоз, антитела жасап шығару. Оны иммунитет деп атайды. Туа пайда болған иммунитет және жүре пайда болған иммунитет болып екіге бөлінеді. Іштен пайда болған иммунитет ата-бабадан ұрпаққа тұқым қуалайды. Жүре пайда болған иммунитет деп жұқпалы аурумен ауырғаннан соң адамда иммунитет пайда болуын айтады. Бұл екеуі де табиғи иммунитеттер. Жасанды иммунитет пайда болу үшін адамдарды алдын ала егеді. Иммунитетті бүлдіретін ең қауіпті – вирус – ЖИТС, вирусы – ВИЧ.
Тірек сызбаны дәптерге көшіру.
Үйге тапсырма: Тірек сызбаны жаттау. § 29 - 35 оқу.
Тірек - сызба
қорғаныш тасымалдау
қоректену тыныс алу
жылу рет гуморальді реттеу
Қанның құрамы
55-60 % плазма 40- 45 % қан жасушалары
Сарысу Фибриоген 1. Эритроцит – 100-120 күн /500 00
2. Лейкоцит - 1-7 күн /4-8 мың
3. Тромбоцит 5-8 күн /200-400 000.
ТРОМБ + Са2+ қанның ұюы
ҚАНТОБЫ Егу Сарысу
ІІ
Жасанды
І ІҮ ИММУНИТЕТ
ІІІ Табиғи
Туа п.б. Жүре п.б.
Донор реципиент.
Жасушалық иммунитет: - «антиген», «ангитела
Кіріспе бөлім
№2 сабақ. Лимфа. Лимфа айналымы және оның маңызы /баяндама/
Иммунитет. ЖИТС.
Лимфа (латынша «lympha» – таза су, ылғал) – адамның лимфа тамырлары мен лимфа түйіндерінде болатын сұйық ұлпа немесе сарғылт түсті мөлдір сұйықтық. Лимфа ағзаның ішкі ортасы, ұлпа сұйықтығынан түзіледі. Тұз құрамы жағынан қан плазмасына ұқсас. Лимфаның химиялық құрамы: 95% су, 3-4% нәруыз; 0,1% глюкоза; 0,9% минералды тұздар. Адам денесінде бір тәулікте шамамен 1–3 л лимфа түзіледі. Қан плазмасына қарағанда нәруыздары аздау, тұтқырлығы да төмендеу (бәсеңдеу). Баяу болса да ұйығыштық қасиеті бар. Лимфа қан сияқты үздіксіз қозғалыста болады. Лимфада болатын лейкоциттерді – лимфоциттер деп атайды. Лимфоцит – лейкоциттің бауырда түзілетін түйіршіксіз түрі. Адамның барлық лейкоциттерінің 18-30%-ын құрайды. Дене салмағының шамамен 30%-ын алып жатады. Лимфоциттер ұсақ, диаметрі 5-6,5 мкм. Лимфа сыртқы және ішкі әсерлерге өте сезімтал. Рентген сәулесінің әсерінен лимфоциттер тез жойылады.
Қызметі: а) ұлпа сұйықтығын қанайналым жүйесіне қайтарады; ә) ағзаға енген зиянды микробтар мен басқа да бөгде заттарды сүзіп қалады; б) аш ішектің бүрлеріндегі майларды сіңіреді.
Қанның сарысуы – қан ұйығының сығындысы, сарғыш түсті сұйықтық. Құрамы жағынан плазмаға ұқсас, бірақ фибриноген нәруызы болмайды, сондықтан ұйымайды.
Дені сау адамда қанның мөлшері, құрамы, физикалық әрі химиялық қасиеттері тұрақты болады. Қанның мөлшері мен құрамының тұрақты болуы ағзадағы барлық ұлпалардың тіршілігі үшін қажетті жағдай. Ағзаның ішкі ортасының тұрақтылығы қанайналым, тынысалу, асқорыту және зәршығару жүйелері арқылы қамтамасыз етіледі.
Иммундық жүйе – ағзаның қорғаныш қамалы
Иммунитет (латынша «іmmunіtas» – бір нәрседен құтылу, босау) – қабылдамау, қарсы тұру, ағзаның қорғану қабілеті. Иммунитет – жұқпалы аурулар мен бөгде денеге қарсы тұру. Иммунитеттің негізін салған ғалым – И. И. Мечников. Ағзаны жұқпалы індеттен қорғау тек фагоцитті жасушаларға (лейкоциттер) ғана байланысты емес.
Ағзаға енген бөгде нәруыздарға қарсы түзілетін ерекше нәруызды зат – «антителаға» да байланысты. Антитела (грекше «antі» – қарсы, орысша «тело» – дене) қанда немесе ұлпада пайда болған бөгде заттарға қарсы ағзада түзілетін ерекше нәруыз. Қан плазмасында қарсыдененің микроорганизмдерді бір-біріне жабыстырып тастау немесе жою (бұзу) қабілеті бар. Қарсыдене – лимфоциттердің қатысуымен түзіледі. Қарсыдененің ерекшелігі: қарсыдене өзінің түзілуіне себепші болған микробтарға немесе уға ғана әсер етеді. Зиянды заттардың молекуласымен химиялық реакцияға түсіп, оларды жояды. Лимфоциттердің басты қызметі – қарсыдене түзу болып табылады. Оларды кейде иммуноглобулиндер деп те атайды. Қарсыденелер лейкоцит жасушаларының кейбір түрлерінен түзіледі де, қан плазмасында болады. Олар ағзаға түскен микробтарды жояды.
Иммундық жүйе адам ағзасында негізінен қорғаныштық қызмет атқарады. Иммундық жүйеде орталық және шеткі мүшелер болады. Орталық мүшелеріне – сүйек кемігінде болатын кемік майы және айырша без (тимус) жатады
Иммундық жүйенің шеткі мүшелеріне – бадамша бездер, лимфа түйіндері, көкбауыр, аппендикс өскіні (соқырішек) және т. б. жатады. Жұтқыншақтың кілегейлі қабығында 6 бадамша без шоғырланған. Оларды жұтқыншақ лимфа сақинасы деп те атайды. Ол арада таңдай, жұтқыншақ және тіл бездері орналасқан. Бұл бадамша бездер ағзаға тамақпен түскен зиянды микробтарды жоюға қатысады.
Лимфа түйіндері көбіне ірі қантамырлардың маңында болады (лимфа жүйесін естеріңе түсіріңдер). Адам ағзасында 460-қа жуық лимфа түйіндері бар. Олар шоғырланып жатады да, әрі биологиялық, әрі механикалық сүзгінің қызметін атқарады. Лимфа түйіндері қызғылт-сұр түсті.
Көкбауыр – құрсақ қуысының жоғары бөлігінің сол жағындағы 9–11 қабырғалардың тұсында орналасқан сыңар мүше. Оның ұзындығы шамамен 10–14 см, ені 6–10 см, қалыңдығы 3–4 см, салмағы 150–200 г. Көкбауырда қан жасушалары түзіледі, әрі уақытша сақталады. Сонымен бірге көкбауырда тіршілігін жойған эритроциттер жиналады.
Иммундық мүшелер ағзаның ішкі ортасының тұрақтылығын және генетикалық тұтастығын қамтамасыз етеді. Иммундық мүшелерде түзілген лимфоцит жасушаларының ағза үшін маңызы өте зор. Лимфоцит жасушаларын атқаратын қызметіне байланысты 2 топқа бөледі. Олардың біріншісі Т-лимфоциттер, екіншісі – В-лимфоциттер деп аталады. Лимфоциттердің бұл екі тобы да негізінен кемік майында түзіледі. Т-лимфоциттер айырша безде, В-лимфоциттер лимфа ұлпаларында толық жетіліп, лимфа арқылы таралады. Олар ағзада иммунитеттің қалыптасуын қамтамасыз етеді
Тірек сызба
Достарыңызбен бөлісу: |