Организмнің төзімділігін арттыру жолдары.Бүгінгі күні кеңінен қолданылатын жұқпалы ауруларға қарсы екпелердің, гипосенсибилизация тәсілдерінің қолданылуы, атопиялық аллергиялық ауруларды арнайыланған аллергендердің өте аз өлшемдерін енгізіп емдеу жолдары организмнің иммундық реактивтілігіне бағытталған. Организмді белгілі бір ықпалдарға бейімдеу арқылы оның бейспецификалық реактивтілігіне әсер етуге және аурутуындататын ықпалдарға қарсы оның төзімділігін көтеруге болады. Ұзақ мерзімді адаптация даму негізінде нуклеин қышқылдары мен нәруыздардың түзілуі маңызды болғандықтан кезкелген адаптация туындататын ықпалмен әсер ету алдында адамның тиімді қоректенуі қажеттігін естен шығармау керек. Осыған байланысты аурутуындататын ықпалдарға организмнің төзімділігін көтеру үшін мына жағдайлардың:
● тиімді қоректенудің;
● салауатты өмір салтын сақтаудың;
● антиоксиданттық витаминдер қабылдаудың;
● денені физикалық жүктемелерге ұдайы жаттықтырудың;
● суық немесе ыстық температураларға дене шынықтырудың;
● организмді гипоксияға ауық-ауық бейімдеудің;
● ине салу, нүктелі ысқымақ жасау, қан алу, белсенді нүктелерді күйдіру т.с.с. бейдәстүрлі емдеу тәсілдерін қолданудың - маңызы өте зор.
Тапсырма №1