Организмнің реактивтілігі


Қоршаған орта ықпалдарының организм реактивтілігіне әсері



бет8/12
Дата07.02.2022
өлшемі53,11 Kb.
#83957
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
125 инф(1)

Қоршаған орта ықпалдарының организм реактивтілігіне әсері. Қоршаған ортаның шамалы қарқынды химиялық заттармен, иондағыш сәулелермен ластануларына ұзақ ұшыраған адамдардың сезімталдығы тіпті әлсіз аурутуындататын ықпалдарға көтеріліп кетеді. Мәселен, химиялық зиянды газдармен, ауыр металдармен ауасы ластанған қалаларда тұратын адамдардың арасында тыныс алу жолдарының вирустық аурулары, өкпе мен жүрек-қан тамырлар жүйесінің дерттері жиі кездеседі. Ванадийдің, хромның, қорғасынның т.б. қоспаларымен қатысы бар кәсіби өндіріс жұмысшыларында тыныс алу ағзаларының, бауыр, бүйрек және жүрек-қан тамырлар жүйесінің аурулары жиі байқалады. Фосфор өндірісінде істейтін жұмысшыларда жиі уытты гепатит дамиды, жасуша мембраналары липидтерінің асқын тотығуы артып кетеді, зат алмасуларының және нәруыздар түзілуінің бұзылыстары дамиды, хирургиялық жара асқынып бітеді.
Қалалық автобустардың жүргізушілерінің қанында атерогендік липо-протеидтердің мөлшері жоғары болатыны, оларда атеросклероз және жүректің ишемиялық ауруы жиірек кездесетіні дәлелденген (Т.П.Ударцева т.б.). Кадмийдің, қорғасынның, ванадийдің және хромның қосындыларымен уланған жануарлардың жүрегінде гипоксиялық және реоксигенациялық бүліністер тым ауыр өтетіні байқалды (А.Нұрмұхамбетов, Л.Қабулбекова, Б. Қасенов, Ш.Базарбекова). Бұл металдардың әсерінен жүрек, бауыр, мый жасушаларының мембраналарында липидтердің асқын тотығуы артуы және лизосома мембранасының тұтастығы бүлінетіні дәлелденді (К.Умирзақова, М. Балабекова, Д.Ахмедшина). Аутокөліктердің дизель қозғағыштарының шығаратын газдарының әсерлерінен организмді оттегімен қамтамасыз ететін жүйенің бұзылыстары, жүректің жиырылу қабілетінің әлсіреуі, өкпе ұяшықтарының жасушаларында сурфактанттардың түзілуі азаятыны белгілі (Р.Жұмашева, А.Қысмұратова).
Ядролық сынақ полигондарына жақын мекен тұрғындарының арасында лейкоздар мен өспе өсу дерттері жиі кездесетіні белгілі. Өйткені оларда иммунитеттің әлсіреуі, гендер мен хромосомалардың мутациясы байқалады. Радийбелсенді сәулелермен сәулеленген жануарларда қансырау мен жарақат ауыр түрлерде өтеді және оларда жарақаттық сілейме шамалы жарақаттың өзінен дамиды.
Адам әрекеттерінен пайда болған қоршаған орта ластағыштарының әсер ету жолдарын 3–сызбанұсқадан қараңыз.
Мембрананың тосқауылдық және насостық қызметтері бұзылыстарынан жасуша іші мен сыртында иондардың бөліністері өзгереді, қозымды тін жасушаларында электр әлеуеті қалыптасуы бұзылады. Оның рецепторлық қызметі өзгерістерінен ағзаның жүйкелік-эндокриндік және паракриндік реттелулері бұзылады. Мәселен, жарақаттық сілейме кезінде қан
тамырлары адреналинге жауап қайтармайды немесе бұрмаланған түрде жауап қайтарады. Содан бұл кезде адреналиннің әсерінен қан қысымы күрт түсіп кетуі мүмкін. Бұндай жағдайларда организмге кортикостероидтық гормон енгізіп, артынан адреналин енгізу нәтижелі болады. Кортизон жасуша мембранасын тұрақтандырып, адреналиннің әсерін жақсартады.
Осы себептерден қоршаған ортаның ластағыштарына душар болған науқас адамдарды емдегенде мембраналарды тұрақтандыратын антиоксиданттық және т.б. дәрілерді пайдалануға мәжбүрлік туындайды.
Осы келтірілгендерге байланысты бұл тұрғындардың дерттерін емдеу кезінде дәрігер науқастың мекендеу ортасын есте сақтау қажет.
3-сызбанұсқа


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет