Организмнің реактивтілігі


Жаңа туған, әсіресе шала туған балалар мен кәрі адамдарда



бет4/12
Дата07.02.2022
өлшемі53,11 Kb.
#83957
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
125 инф(1)

Жаңа туған, әсіресе шала туған балалар мен кәрі адамдарда қоршаған ортаның ықпалдарына жауап қайтару қабілеті қатты төмендеген (гипергия) болады немесе тіпті жауап қайтару болмайды (анергия). Сондықтан оларда жұқпалы аурулар дене қызымы көтерілмей, ауыр түрде өтеді, қабыну кезінде қан тамырларының өзгерістері, қабынулық сіңбелердің қалыптасуы, фагоцитоз өте әлсіз болады.
Организм реактивтілігіне сүлде аурулардың әсері. Дерттік бейспецификалық реактивтілікке жоғарыда көрсетілген-дермен бірге бұрыннан дамыған сүлде (созылмалы) ауруларын жатқызуға болады. 40 жастан асқан адамдарда ең болмағанда бір сүлде ауру жиі кездеседі.
Организмнің реактивтілігіне қантты диабет, сүлде гепатит, артериалық гипертензия, жүректің ишемиялық ауруы, өкпе туберкулезі, сүлде анемия, ішек дисбактериозы т.с.с. аурулар қомақты әсер етеді. Осы аурулардың бірі болғанда қосымша дерттуындататын ықпалға организмнің жауап қайтару қабілеті өзгереді. Мәселен, қантты диабет кезінде жұқпаларға организмнің төзімділігі төмендейді. Содан тері мен шырышты қабықтарда іріңді бөртпелер пайда болады, жиі өкпе туберкулезі дамиды. Бұл жағдайларда хирургиялық жара іріңдеп, асқынып бітеді. Осы жағдай хирургтардың назарында болғаны жөн. Қантты диабет кезінде миокардта бүліністер пайда болады, қансырауға организмнің төзімділігі төмендейді (Т.П. Ударцева, А.А.Имамбаева, Ш.С Қарынбаев). Ол қан тамырларында атеросклероз дамуына қолайлы жағдай туындатады. Осыдан науқас адамдарда жүректің ишемиялық ауруы, артериалық гипертензия жиі байқалады. Бұл кезде диабетті инсулинмен емдеудің нәтижесінде калий иондары жасушалар ішіне ауысып кетеді де, гипокалиемия дамиды. Ол өз алдына жүрек аритмиялары дамуына әкеледі. Инсулинмен емдеу бауырда, миокардта және бүйректе гипоксиялық өзгерістерді азайтпайды. Сондықтан ол бұл ағзалардың дерттік бүліністерін үдетіп жібереді (А.А.Имамбаева). Инсулинмен емдеудің нәтижесінде гипогликемия дамуына қауіп-қатер төнеді. Содан гтпогликемия дамуына жауап ретінде инсулинге қарсы гормондардың (глюкагон, адреналин, кортизол т.б.) өндірілуі артып кетеді. Олар өз алдына қанайналым, жүйке және қан жүйелеріне жағымсыз әсер етеді. Бұл өзгерістер қарттарда миокард инфаркты, инсульт, тромэмболия т.б. қайтымсыз бүліністерге әкелуі мүмкін.
Қантты диабет кезінде дамитын ангиопатиялар мен нефропатиялар да организм реактивтілігін одан сайын бұзады. Бұл кездерде жарақат, стресс т.б. аурутуындататын қосымша ықпалдардан ауыр асқынулар пайда болады. Мәселен, бұл жағдайларда хирургиялық әрекеттерден ауыр қан кетулер мен бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі дамуы ықтимал.
Өкпе туберкулезі кезінде иммундық реактивтілік төмендейді. Сонымен қатар бұл дерт жүрек еті бүліністерін асқындырып жіберуі мүмкін. Ол организмнің уыттануынан және созылмалы гипоксиядан байқалады. Сонымен бірге туберкулезді емдейтін дәрілер жүрекке және бауырға уытты әсер етеді. Кардимиопатияның нәтижесінде тыныстық гипоксия қанайналымдық гипоксиямен ушығады. Бауыр қызметінің бұзылыстарынан организмнің сырттан әсер ететін және оның өзінде пайда болатын уыттарға төзімділігі азаяды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет